عَنْ عوفِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «خِيَارُ أئِمَّتِكُمُ الَّذِينَ تُحِبُّونَهُمْ وَيُحِبُّونَكُمْ، وَتُصَلُّونَ عَلَيْهِمْ وَيُصَلُّونَ عَلَيْكُمْ. وشِرَارُ أئِمَّتِكُم الَّذِينَ تُبْغِضُونَهُمْ وَيُبْغِضُونَكُمْ، وَتَلعَنُونَهُمْ وَيَلْعَنُونَكُمْ!»، قَالَ: قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُنَابِذُهُم؟ قَالَ: «لَا، مَا أقَامُوا فِيْكُمُ الصَّلَاةَ. لَا، مَا أقَامُوا فِيكُمُ الصَّلَاةَ»
Ауф ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Басшыларыңның қайырлысы – сендер оларды, олар да сендерді жақсы көргендер, әрі сендердің олар үшін дұға қылып, олардың да сендер үшін дұға қылғандары. Сондай-ақ басшыларыңның ең нашары – сендер оларды, олар да сендерді жек көргендер, әрі сендердің оларға қарғыс айтып, олардың да сендерге лағынет жаудырғандары», – деп айтқанын естідім. Сонда біз: «Уа, Расулалла! Олай болса, оларға қарсы шығамыз ба?» – деп сұрадық. Ол: «Жоқ, араларыңда жүріп намаз оқуды тастамайынша (оларға қарсы шықпаңдар)», – деп екі қайтара қадап айтты», – деген (Муслим: 4804; Ахмад: 23981).
Ауф ибн Малик (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Лучшие из ваших правителей – те, кого любите вы и кто любит вас, за кого вы молитесь и кто молится за вас. Худшие же из ваших правителей – те, кого ненавидите вы и кто ненавидит вас, кого проклинаете вы и кто осыпает проклятиями вас”.
Тогда мы спросили: “О Посланник Аллаха! Не выступить ли нам в таком случае против них?” Он дважды особо подчеркнул: “Нет! Не выступайте против них до тех пор, пока они совершают среди вас намаз”» (Муслим: 4804; Ахмад: 23981).