Хадис

Риядус-салихин, № 667

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
80. Күнәлі іске итермелемейінше басшыларға бағыну мұсылманның міндеті
Нөмірі
№ 667 (қазақша басылым реті)
667
Риядус-салихин, № 667Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْمَعُوا وأطِيعُوا، وَإِنِ استُعْمِلَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشيٌّ، كأَنَّ رأْسَهُ زَبيبةٌ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Сендерге басшы болып, басы мейіз секілді (басы кішкентай, қап-қара бұйра-бұйра) эфиопиялық құл тағайындалса да, дегеніне құлақ асып, толық бойсұныңдар», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 7142; Ахмад: 12126).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Слушайте и беспрекословно повинуйтесь, даже если вашим правителем назначат эфиопского раба, голова которого подобна изюминке (маленькая и покрытая чёрными курчавыми волосами)» (Аль-Бухари: 7142; Ахмад: 12126).