Хадис

Діни мәселелерге жауапкершілікпен қарау

Об ответственном отношении к вопросам религии

Риядус-салихин, 77-тақырып · 4 хадис · № 650–653

Хадистер

«وَمَنْ يُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّه فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ عِنْدَ رَبِّهِ» «Міне, бұл! (Алланың қажылыққа қатысты бұйрықтары). Ендеше, кімде-кім Алланың үкімдері мен қасиетті қылғандарын ұлықтайтын болса, онысы Раббысының алдында өзі үшін қайырлы болмақ....» («Хаж» сүресі, 30-аят).

«إِنْ تَنْصُرُوْا اللَّهَ يَنْصُرْكُمْ وَيُثَبِّتْ أَقْدَامَكُمْ» «Егер Алланың (дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла да сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ жолда) нық басқызады». («Мұхаммед» сүресі, 7-аят).

«Кто чтит священные заповеди Аллаха – то это перед Господом лучше для него самого же» (сура «Хадж», 22:30).

«Если вы окажете поддержку Аллаху, Аллах тоже поддержит вас и даст вам твердо шагать» (сура «Мухаммад», 47:7).

650
Риядус-салихин, № 650

عَنْ أَبِى مسعود عقبة بْنِ عَمْرُو الْبدرِى قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: إِنِّى لأَتَأخَّرُ عَن صَلَاةِ الصُّبْحِ مِنْ أَجْلِ فلَانٍ مِمَّا يُطِيلُ بِنَا! فَمَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ غَضِبَ فِى مَوْعِظَةٍ قَطُّ أشَدَّ مِمَّا غَضِبَ يَوْمَئِذٍ؛ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ مِنْكُمْ مُنَفِّرِينَ، فَأيُّكُمْ أمَّ النَّاسَ فَلْيُوجِزْ؛ فَإِنَّ مِنْ وَرَائِهِ الْكَبِيرَ وَالصَّغِيرَ وَذَا الْحَاجَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні әлдебіреу Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Пәленшенің бізге намазды ұзақ оқытуының кесірінен таң намазына бармайтын болдым», – деп шағымданды. Бұрын-соңды Пайғамбарымыздың дәл сол күнгідей ашуға булығып тұрып уағыз айтқанын көрген емеспін. Сонда ол сол уағызда: «Уа, халайық! Араларыңда халықты діннен бездіретіндер бар. Қайсыбірің жамағатқа имам болса, намазды созбай қысқа оқытсын, өйткені оның артында қарт кісілер, жас балалар және тығыз шаруасы барлар да тұрады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 7159; Муслим: 1044; Ахмад: 17065).

Орысша аудармасы

Абу Масуд Укба ибн Амр аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды какой-то человек пришёл к Пророку ﷺ и пожаловался: “Я перестал ходить на утреннюю молитву из-за того, что такой-то слишком долго проводит её с нами”. Никогда прежде я не видел, чтобы Пророк ﷺ произносил проповедь в таком гневе, как в тот день. В своей проповеди он сказал: “О люди! Среди вас есть те, кто отталкивает людей от религии. Пусть каждый из вас, ставший имамом для общины, не затягивает молитву, а проводит её кратко, ведь за ним молятся пожилые люди, маленькие дети и те, у кого есть неотложные дела”» (Аль-Бухари: 7159; Муслим: 1044; Ахмад: 17065).

651
Риядус-салихин, № 651Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ سَفرٍ، وَقَدْ سَتَرْتُ سَهْوَةً لِى بِقِرَامٍ فِيهِ تَمَاثيلُ، فَلَمَّا رَآهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ هتكَهُ وَتَلَوَّنَ وَجهُهُ، وَقَالَ: «يَا عَائِشَةُ، أَشَدُّ النَّاسِ عَذَابًا عِنْدَ اللَّهِ يَوْمَ الْقيَامَةِ الَّذِينَ يُضَاهُونَ بخَلْقِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ алыс сапардан оралғанда мен кіреберістегі қоймамды (жан-жануардың) суреті бар жұқа пердемен перделеп қойған едім. Алла елшісі пердедегі суреттерді көрді де, оны бірден жыртып тастады, содан өңі өзгеріп кетті де: «Уа, Айша! Қиямет күні Алланың дәргейінде ең ауыр азапқа душар болатындар – Алланың жаратылыстарының суретін салып (немесе мүсінін жасап), Оған ұқсағысы келгендер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5954; Муслим: 5520; Ахмад: 25789).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вернулся из дальней поездки. К тому времени я завесила свою кладовую у входа тонкой занавеской с изображениями (живых существ). Увидев эти изображения, Посланник Аллаха ﷺ тут же сорвал и разорвал занавеску, а лицо его изменилось. Затем он сказал: “О Аиша! Поистине, в День воскресения самому суровому наказанию пред Аллахом подвергнутся те, кто, изображая творения Аллаха (или создавая их изваяния), пытается уподобиться Ему”» (Аль-Бухари: 5954; Муслим: 5520; Ахмад: 25789).

652
Риядус-салихин, № 652Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا: أن قرَيشًا أَهَمَّهُمْ شَأنُ الْمَرأَةِ الْمَخزومِيَّةِ الَّتِى سَرَقَتْ، فَقَالُوا: مَنْ يُكَلِّمُ فِيهَا رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالُوا: مَنْ يَجْتَرِئ عَلَيْهِ إِلَّا أُسَامَةُ بنُ زَيْدٍ حِبُّ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَكَلَّمَهُ أُسَامَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أتَشْفَعُ فِى حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّه تَعَالَى؟!» ثُمَّ قامَ فَاخْتَطَبَ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّمَا أَهْلَك مَنْ قَبْلَكُمْ أَنَّهُمْ كَانُوا إِذَا سَرَقَ فِيهِمُ الشَّرِيفُ تَرَكُوهُ، وَإِذَا سَرَقَ فِيهِمُ الضَّعِيفُ أقامُوا عَلَيْهِ الْحَدَّ، وَايْمُ اللَّه، لَوْ أَنَّ فَاطمَةَ بِنْتَ مُحمّدٍ سَرَقَتْ لَقَطَعتُ يَدَهَا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Құрайыш тайпасының белді руының бірі Махзұмнан шыққан бір әйелдің ұрлық жасағаны құрайштықтарды қатты толғандырған еді. Сөйтіп олар өзара ақылдасып: «Оны арашалап алу үшін Алла елшісімен ﷺ кім сөйлеседі?» – десті. Сонда базы біреулер: «Бұл жөнінде Алла елшісімен сөйлесуге «Алла елшісінің сүйіктісі» деген атқа ие болған Усама ибн Зәйдтен өзге кімнің батылы жетеді?» – деді. Ақырында, Усама Алла елшісіне жолығып, сөйлесті. Сонда Расулалла: «Алланың Өзі бекіткен жазалардың біріне (кесілуге лайық болғанға) ара түспексің бе?» – деп ашуланды. Содан соң, түрегеліп жамағатқа құтба оқыды. Құтбасының соңында: «Шынтуайтында, сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен нәрсе: араларынан текті біреу ұрлық жасаса, оған көз жұмып, ал бейшара біреу ұрлық қылса, оны бірден (шариғат бойынша) белгіленген жазаға кесетіндіктері еді. Алланың атымен ант етейін! Тіпті Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, еш ойланбастан қолын шабар едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3475; Муслим: 4410; Ахмад: 23479).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Курайшиты были сильно обеспокоены тем, что одна женщина из влиятельного рода махзум совершила кражу. Посовещавшись между собой, они стали говорить: “Кто осмелится ходатайствовать за неё перед Посланником Аллаха ﷺ?” Некоторые сказали: “Кто же, кроме Усамы ибн Зайда, известного как любимец Посланника Аллаха ﷺ, осмелится поговорить с ним об этом?” Наконец Усама пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и заговорил с ним о той женщине. Тогда Посланник Аллаха ﷺ разгневался и сказал: “Неужели ты ходатайствуешь за того, кто подлежит одному из наказаний, установленных Самим Аллахом (то есть заслуживает отсечения руки)?”

Затем он поднялся и обратился к людям с проповедью, в завершение которой сказал: “Поистине, жившие до вас народы погубило то, что, когда кражу совершал знатный человек, они закрывали на это глаза, а когда воровал беззащитный, немедленно подвергали его установленному шариатом наказанию. Клянусь Аллахом! Даже если бы Фатима, дочь Мухаммада, совершила кражу, я без колебаний отсёк бы ей руку”» (Аль-Бухари: 3475; Муслим: 4410; Ахмад: 23479).

653
Риядус-салихин, № 653Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى نُخَامَةً فِى الْقبلَةِ، فَشَقَّ ذَلِكَ عَلَيْهِ حَتَّى رُؤِيَ فِى وَجْهِهِ؛ فَقَامَ فَحَكَّهُ بِيَدِهِ، فَقَالَ: «إِن أحدَكُمْ إِذَا قَامَ فِى صَلَاتِهِ فَإِنَّهُ يُنَاجِى رَبَّهُ، وَإِنَّ رَبَّهُ بَيْنَهُ وَبيْنَ الْقِبلْةِ، فَلَا يَبْزُقَنَّ أَحَدُكُمْ قِبَلَ الْقِبْلَةِ، وَلَكِنْ عَنْ يَسَارِهِ، أَوْ تَحْتَ قَدَمِهِ» ثُمَّ أَخَذَ طَرَفَ رِدَائِهِ فَبَصَقَ فِيهِ، ثُمَّ رَدَّ بَعْضَهُ عَلَى بَعْضٍ، فَقَالَ: «أَوْ يَفْعَلُ هكذا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте, бірде Пайғамбарымыз ﷺ бірде мешіттің құбыла (жағындағы қабырғасынан) қақырық көреді, мұның оған ауыр тигені соншалық, реніші жүзінен байқалды. Сосын орнынан тұрып әлгі қақырықты өз қолымен сүртіп: «Шынында қайсыбірің намазға тұрғанда, Раббысына мінәжат қылады, міне, сонда Раббысы оны мен құбыланың арасында (болады). Сондықтан да ешбірің құбыла жаққа қарай түкірмеңдер. (Егер қатты түкіргісі келсе) сол жағына, не аяғының астына (түкірсін)», – дейді. Кейін шапанының бір шетін алып, соған түкіріп, оны шапанының екінші бір шетімен жауып: «Немесе осылай істесін», – деп айтқан екен. (Бұхари: 405; Муслим: 1230; Ахмад: 12062)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Пророк ﷺ увидел мокроту в обращённой к кибле части мечети (на стене со стороны киблы). Это настолько огорчило его, что недовольство отразилось на его лице. Тогда он встал, собственноручно вытер её и сказал: «Поистине, когда кто-либо из вас встаёт на молитву, он ведёт сокровенную беседу со своим Господом, и тогда его Господь (находится) между ним и киблой. Поэтому пусть никто из вас не плюёт в сторону киблы. Если же ему крайне необходимо сплюнуть, пусть он сделает это слева от себя или себе под ноги». Затем он взял один край своей накидки, сплюнул в неё, прикрыл другим краем накидки и сказал: «Или пусть поступает так» (Аль-Бухари: 405; Муслим: 1230; Ахмад: 12062).

Түсіндірме (қазақша)

Мұндағы сол жағына немесе аяғының астына түкірсін дегені мешіттен, үйден тыс даладағы жерлерге қатысты айтылған. Ал мешітте түкіргісі келген адам тек бет орамал сынды нәрселерге ғана түкіреді. Сондай-ақ шапанның бір шетіне түкіруді мешітте немесе қоғамдық жерлерде болған кезде түкіретін жер болмай, амал жоқ түкіру керек болған жағдайда, бет орамал немесе қағаз сүлгіге түкіргендей деп түсінген жөн.

Түсіндірме (орысша)

указание сплёвывать слева от себя или себе под ноги относится к открытой местности за пределами мечети и дома. Если же человеку необходимо сплюнуть в мечети, он должен сделать это только в носовой платок или во что-либо подобное. Кроме того, слова о сплёвывании в край накидки следует понимать как указание воспользоваться носовым платком или бумажной салфеткой в том случае, когда человек находится в мечети либо общественном месте, сплюнуть больше некуда, а сделать это совершенно необходимо.