عَنْ أَبِى مسعود عقبة بْنِ عَمْرُو الْبدرِى قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: إِنِّى لأَتَأخَّرُ عَن صَلَاةِ الصُّبْحِ مِنْ أَجْلِ فلَانٍ مِمَّا يُطِيلُ بِنَا! فَمَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ غَضِبَ فِى مَوْعِظَةٍ قَطُّ أشَدَّ مِمَّا غَضِبَ يَوْمَئِذٍ؛ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ مِنْكُمْ مُنَفِّرِينَ، فَأيُّكُمْ أمَّ النَّاسَ فَلْيُوجِزْ؛ فَإِنَّ مِنْ وَرَائِهِ الْكَبِيرَ وَالصَّغِيرَ وَذَا الْحَاجَةِ»
Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні әлдебіреу Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Пәленшенің бізге намазды ұзақ оқытуының кесірінен таң намазына бармайтын болдым», – деп шағымданды. Бұрын-соңды Пайғамбарымыздың дәл сол күнгідей ашуға булығып тұрып уағыз айтқанын көрген емеспін. Сонда ол сол уағызда: «Уа, халайық! Араларыңда халықты діннен бездіретіндер бар. Қайсыбірің жамағатқа имам болса, намазды созбай қысқа оқытсын, өйткені оның артында қарт кісілер, жас балалар және тығыз шаруасы барлар да тұрады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 7159; Муслим: 1044; Ахмад: 17065).
Абу Масуд Укба ибн Амр аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды какой-то человек пришёл к Пророку ﷺ и пожаловался: “Я перестал ходить на утреннюю молитву из-за того, что такой-то слишком долго проводит её с нами”. Никогда прежде я не видел, чтобы Пророк ﷺ произносил проповедь в таком гневе, как в тот день. В своей проповеди он сказал: “О люди! Среди вас есть те, кто отталкивает людей от религии. Пусть каждый из вас, ставший имамом для общины, не затягивает молитву, а проводит её кратко, ведь за ним молятся пожилые люди, маленькие дети и те, у кого есть неотложные дела”» (Аль-Бухари: 7159; Муслим: 1044; Ахмад: 17065).