Хадис

Риядус-салихин, № 652

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
77. Діни мәселелерге жауапкершілікпен қарау
Нөмірі
№ 652 (қазақша басылым реті)
652
Риядус-салихин, № 652Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا: أن قرَيشًا أَهَمَّهُمْ شَأنُ الْمَرأَةِ الْمَخزومِيَّةِ الَّتِى سَرَقَتْ، فَقَالُوا: مَنْ يُكَلِّمُ فِيهَا رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالُوا: مَنْ يَجْتَرِئ عَلَيْهِ إِلَّا أُسَامَةُ بنُ زَيْدٍ حِبُّ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَكَلَّمَهُ أُسَامَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أتَشْفَعُ فِى حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّه تَعَالَى؟!» ثُمَّ قامَ فَاخْتَطَبَ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّمَا أَهْلَك مَنْ قَبْلَكُمْ أَنَّهُمْ كَانُوا إِذَا سَرَقَ فِيهِمُ الشَّرِيفُ تَرَكُوهُ، وَإِذَا سَرَقَ فِيهِمُ الضَّعِيفُ أقامُوا عَلَيْهِ الْحَدَّ، وَايْمُ اللَّه، لَوْ أَنَّ فَاطمَةَ بِنْتَ مُحمّدٍ سَرَقَتْ لَقَطَعتُ يَدَهَا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Құрайыш тайпасының белді руының бірі Махзұмнан шыққан бір әйелдің ұрлық жасағаны құрайштықтарды қатты толғандырған еді. Сөйтіп олар өзара ақылдасып: «Оны арашалап алу үшін Алла елшісімен ﷺ кім сөйлеседі?» – десті. Сонда базы біреулер: «Бұл жөнінде Алла елшісімен сөйлесуге «Алла елшісінің сүйіктісі» деген атқа ие болған Усама ибн Зәйдтен өзге кімнің батылы жетеді?» – деді. Ақырында, Усама Алла елшісіне жолығып, сөйлесті. Сонда Расулалла: «Алланың Өзі бекіткен жазалардың біріне (кесілуге лайық болғанға) ара түспексің бе?» – деп ашуланды. Содан соң, түрегеліп жамағатқа құтба оқыды. Құтбасының соңында: «Шынтуайтында, сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен нәрсе: араларынан текті біреу ұрлық жасаса, оған көз жұмып, ал бейшара біреу ұрлық қылса, оны бірден (шариғат бойынша) белгіленген жазаға кесетіндіктері еді. Алланың атымен ант етейін! Тіпті Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, еш ойланбастан қолын шабар едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3475; Муслим: 4410; Ахмад: 23479).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Курайшиты были сильно обеспокоены тем, что одна женщина из влиятельного рода махзум совершила кражу. Посовещавшись между собой, они стали говорить: “Кто осмелится ходатайствовать за неё перед Посланником Аллаха ﷺ?” Некоторые сказали: “Кто же, кроме Усамы ибн Зайда, известного как любимец Посланника Аллаха ﷺ, осмелится поговорить с ним об этом?” Наконец Усама пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и заговорил с ним о той женщине. Тогда Посланник Аллаха ﷺ разгневался и сказал: “Неужели ты ходатайствуешь за того, кто подлежит одному из наказаний, установленных Самим Аллахом (то есть заслуживает отсечения руки)?”

Затем он поднялся и обратился к людям с проповедью, в завершение которой сказал: “Поистине, жившие до вас народы погубило то, что, когда кражу совершал знатный человек, они закрывали на это глаза, а когда воровал беззащитный, немедленно подвергали его установленному шариатом наказанию. Клянусь Аллахом! Даже если бы Фатима, дочь Мухаммада, совершила кражу, я без колебаний отсёк бы ей руку”» (Аль-Бухари: 3475; Муслим: 4410; Ахмад: 23479).