Хадис

Жапаға төзу жайында

О терпеливом перенесении причиняемых обид

Риядус-салихин, 76-тақырып · 1 хадис · № 649

Хадистер

«وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ والْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ واللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ» «Ашуын жеңе білгендер және адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді». («Әли Имран» сүресі, 134-аят).

«وَلَمَن صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ» «Алайда кімде-кім сабыр етіп, өзіне орынсыз озбырлық көрсеткенді кешірсе, шүбәсіз, бұл табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы зор іс болмақ». («Шура» сүресі, 43-аят).

«Кто усмиряет свой гнев и прощает людей. Поистине, Аллах любит искренних» (сура «Али Имран», 3:134).

«И тот, кто проявляет терпение и прощает, – безусловно, из-за решимости в своих делах» (сура «Шура», 42:43).

649
Риядус-салихин, № 649Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة رَضِيَ اللَّهُ تَعَالَى عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِى قَرَابةً أصِلُهم وَيَقْطَعُونِى، وَأُحْسِنُ إِلَيْهِمْ وَيُسِيئُونَ إِلَيَّ، وَأحْلُمُ عَنهم وَيَجْهَلُونَ عَلَيَّ! فَقَالَ: «لَئِنْ كُنْتَ كَمَا قُلْتَ، فَكأَنَّمَا تُسِفُّهُمُ الْمَلَّ، وَلَا يَزَالُ مَعَكَ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى ظَهيرٌ عَلَيْهِمْ مَا دُمْتَ عَلَى ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі: «Уа, Расулалла! Расында, менің туыстарым бар, мен олармен қарым-қатынасымды үзбеймін, олар болса менімен қатынастарын үзеді. Мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық жасайды. Мен оларға сабыр етіп, кешіріммен қараймын, ал олар маған қарсы наданның ісін істейді», – деп (ағайын-туыстарымен арасындағы жағдайға шағымданады). Сонда Алла елшісі ﷺ): «Егер дәл өзің айтқандай болсаң, онда сен оларға бейне бір ыстық күл жегізіп жүр екенсің.1 Сол қалпыңнан танбайтын болсаң, қасыңда әрдайым оларға қарсы өзіңе болысатын Алла тарапынан бір жәрдемшің болады», – деп жауап береді (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек пожаловался Посланнику Аллаха ﷺ на свои отношения с родственниками: «О Посланник Аллаха! Поистине, у меня есть родственники: я поддерживаю с ними родственные связи, а они порывают их со мной; я делаю им добро, а они отвечают мне злом; я проявляю терпение и прощаю их, а они поступают со мной как невежды». Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Если всё обстоит именно так, как ты говоришь, то ты словно кормишь их горячей золой1. И пока ты продолжаешь поступать так, рядом с тобой всегда будет помощник от Аллаха, поддерживающий тебя против них» (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).

  1. 1Бұл сөз олардың ыстық күл жегендей қиналатындығына теңеу ретінде келген, ал жақсылық жасаушыға ешбір айып жоқ, керісінше, оның туыстары онымен ара-қатынастарын үзгені және оны ренжіткені үшін үлкен күнә арқалайды.
  1. 1Это сравнение указывает на то, что они испытывают мучения, словно поедают горячую золу. На человеке, который делает им добро, нет никакой вины. Напротив, его родственники берут на себя тяжкий грех, порывая с ним отношения и причиняя ему обиды.