Хадис

Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында

О щедрости, великодушии и расходовании на благие дела имущества, остающегося сверх основных потребностей, с упованием на Аллаха

Риядус-салихин, 60-тақырып · 19 хадис · № 545–563

Хадистер

«وَمَا أنْفَقْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ» «…Игі жолда не жұмсасаңдар да, Алла оның орнын толтырады….» («Сәбә» сүресі, 39-аят).

«وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَلأَنْفُسِكُمْ وَمَا تُنْفِقُونَ إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ اللَّهِ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأنْتُمْ لَا تُظْلَمُونَ» «Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, өздерің үшін (яғни пайдасы мен сауабы өздеріңе тиеді). Сендер онсыз да (мүмін ретінде) не берсеңдер де, тек бір Алланың разылығына бөлену үшін бересіңдер. Игі жолда не жұмсасаңдар да, әжір-сауабын толық аласыңдар және әсте әділетсіздікке ұшырамайсыңдар». («Бақара» сүресі, 272-аят).

«وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ» «….Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі». («Бақара» сүресі, 273-аят).

«Что бы вы ни расходовали на благом пути, Аллах восполнит это» (сура «Саба», 34:39).

«И что бы вы ни пожертвовали как милостыню, то это для вашей же пользы. Ведь вы и без того расходуете лишь ради довольства Аллаха. И что бы вы ни расходовали на благом пути, вам будет воздано сполна, и вы не потерпите несправедливости» (сура «Бакара», 2:272).

«Что бы вы ни пожертвовали на благом пути, Аллах знает про то» (сура «Бакара», 2:273).

545
Риядус-салихин, № 545Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِى اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَسَلَّطَهُ عَلَى هَلَكَتِهِ فِى الْحَقّ، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ حِكْمَةً، فَهُوَ يَقْضِى بِهَا ويُعَلِّمُهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алланың берген байлығын түгесілгенше Хақ жолында жұмсаған атымтай жомартқа және Алланың бойына дарытқан даналығымен (адамдар арасында туындаған дауларды оңтайлы шешуде) билік айтып, әрі өзгелерге даналық тәлім үйреткен данышпанға», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 73; Муслим: 1896; Ахмад: 4109).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Можно завидовать только двум людям: необычайно щедрому человеку, который расходует всё дарованное ему Аллахом богатство на пути истины, пока оно не иссякнет, и мудрецу, которого Аллах наделил мудростью и который, руководствуясь ею, выносит решения (наилучшим образом разрешая возникающие между людьми споры), а также обучает этой мудрости других» (Аль-Бухари: 73; Муслим: 1896; Ахмад: 4109).

546
Риядус-салихин, № 546Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أيُّكُم مَالُ وَارِثِهِ أحبُّ إِلَيْهِ مِنْ مَالِهِ؟» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا مِنَّا أَحَدٌ إِلَّا مَالُهُ أحَبُّ إِلَيْهِ. قَالَ: «فَإِنَّ مَالَهُ مَا قَدَّمَ وَمَالَ وَارِثِهِ مَا أخَّرَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларынан: «Қайсың өзінің мал-дүниесіне қарағанда мұрагерінің мал-дүниесін көбірек жақсы көресің?» – деп сұрағанда, олар бірауыздан: «Уа, Расулалла! Арамызда өз мал-мүлкін бәрінен артық жақсы көрмейтін жан жоқ», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі: «Ақиқатында, (адам баласының) шын мал-мүлкі – өзіне жұмсағаны,1 ал артында қалдырғаны – мұрагерінің мал-мүлкі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6442; Ахмад: 3626).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: “Кто из вас любит имущество своего наследника больше собственного?” Они единодушно ответили: “О Посланник Аллаха! Среди нас нет такого, кто не любил бы своё имущество больше всего”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, подлинное имущество (человека) – то, что он израсходовал на себя1, а оставленное им – имущество его наследника”» (Аль-Бухари: 6442; Ахмад: 3626).

  1. 1Яғни, ішіп-жегені, киіп немесе қолданып тоздырғаны, сондай-ақ садақа, зекет беріп ақыретке жолдағаны...
  1. 1То есть съеденное и выпитое, изношенная одежда и другие использованные вещи, а также милостыня и закят, предпосланные в Последнюю жизнь.
547
Риядус-салихин, № 547Риуаят етуші: Ади ибн Хатим

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ»

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Жарты құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан сақтаныңдар», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1417; Муслим: 2347; Ахмад: 18246)

Орысша аудармасы

Ади ибн Хатим (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Защитите себя от адского огня хотя бы половинкой финика (подав её в качестве милостыни)» (Аль-Бухари: 1417; Муслим: 2347; Ахмад: 18246).

548
Риядус-салихин, № 548Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جابرٍ قَالَ: مَا سُئِلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ شَيْئًا قَطُّ، فَقَالَ: لَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ кім, не нәрсе сұраса да, еш уақытта «жоқ» деп айтпаушы еді», – деген (Бұхари: 6034; Муслим: 6018; Ахмад: 14294).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Кто бы и о чём ни попросил Посланника Аллаха ﷺ, он никогда не говорил: “Нет”» (Аль-Бухари: 6034; Муслим: 6018; Ахмад: 14294).

549
Риядус-салихин, № 549Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصبحُ الْعِبَادُ فِيهِ إِلَّا مَلَكَانِ يَنْزلانِ، فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: اللَّهُمَّ أعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا، وَيَقُولُ الآخَرُ: اللَّهُمَّ أعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Күн сайын таңертең Алланың пенделері ұйқысынан енді оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: «Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра көр», – десе, екіншісі: «Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға батыр», – деп, дұға жасайды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1442; Муслим: 2446; Ахмад: 8571).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждое утро, когда рабы Аллаха только пробуждаются ото сна, с небес спускаются два ангела. Один из них обращается с мольбой: “О Аллах! Возмести потраченное тому, кто расходует своё имущество на благие дела”. Другой же говорит: “О Аллах! Обрекни на убыток скупца, который копит и прячет своё имущество, ничего не расходуя”» (Аль-Бухари: 1442; Муслим: 2446; Ахмад: 8571).

550
Риядус-салихин, № 550Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أنفِق يَا ابْنَ آدَمَ يُنْفَقْ عَلَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Расулалла ﷺ: «Алла Тағала: «Ей, Адам баласы! Дүние-мүлкіңді игі жолда жұмса. Сонда саған да молынан берілетін болады»,1 – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5352; Муслим: 2308; Ахмад: 7298).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “О сын Адама! Расходуй своё имущество на благое, и тогда тебе также будет дано в изобилии1”» (Аль-Бухари: 5352; Муслим: 2308; Ахмад: 7298).

  1. 1Сонда ризық-несібең артып, игілікке жұмсаған дүниеңнің міндетті түрде орны толады.
  1. 1Тогда твой удел приумножится, а потраченное на благие дела непременно будет возмещено.
551
Риядус-салихин, № 551Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عبد اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص: أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الْإِسلَامِ خَيْرٌ؟ قَالَ: «تُطْعِمُ الطَّعَامَ، وَتَقْرَأُ السَّلَامَ عَلَى مَنْ عَرَفْتَ وَمَنْ لَمْ تَعْرِفْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бір адам Алла елшісінен ﷺ: «Исламдағы ең игі іс қандай?» – деп сұрағанда, ол: «Қарны аш адамды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаң да жолыққан адамдарға сәлем беруің», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 12; Муслим: 160; Ахмад: 6581).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Один человек спросил Посланника Аллаха ﷺ: “Какой поступок в исламе является самым благим?” Он ответил: “Накормить голодного и приветствовать каждого, кого встретишь, независимо от того, знаком ты с ним или нет”» (Аль-Бухари: 12; Муслим: 160; Ахмад: 6581).

552
Риядус-салихин, № 552Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرْبَعُونَ خَصْلَةً: أعْلاهَا مَنِيحةُ الْعَنْزِ، مَا مِنْ عَامِلٍ يَعْمَلُ بخَصْلَةٍ مِنْهَا؛ رَجَاءَ ثَوَابهَا وَتَصْدِيقَ مَوْعُودِهَا، إِلَّا أدْخَلَهُ اللَّه تَعَالَى بِهَا الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайырымдылықтың қырық түрі бар, оның ең жоғарғы мәртебесі – біреуге ешкі сыйлау. Кімде-кім осынау қайырымдылықтың бірін, сауабын үміт етумен қатар нәтижесіне шанайы сеніп орындайтын болса, Алла Тағала оны бұл ісімен міндетті түрде жаннатқа кіргізеді», – деп айтқан», – деген (Бұхари: 2631; Ахмад: 6488).

Орысша аудармасы

Абу Мухаммад Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Существует сорок видов благодеяний, высший из которых – дать кому-либо в пользование дойную козу. Кто совершит хотя бы одно из этих благодеяний, надеясь на награду и искренне веря, что она будет дарована, того Аллах непременно введёт за это в рай» (Аль-Бухари: 2631; Ахмад: 6488).

553
Риядус-салихин, № 553

عَنْ أَبِى أُمَامَة صُدّيِّ بْنِ عَجْلانَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ أن تَبْذُلَ الْفَضلَ خَيْرٌ لَكَ، وَأن تُمْسِكَه شَرٌّ لَكَ، وَلَا تُلَامُ عَلَى كَفَافٍ، وَابْدَأْ بِمَنْ تَعُولُ، وَاليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама Судаи ибн Ажлан (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Уа, Адам баласы! Eгер өзіңнен артылғанды садақаға берсең, ол сен үшін сөзсіз қайырлы болады. Ал сараңдық қылсаң, ол дүниең түбінде өзіңе сор болып жабысады. Өзіңе жететін дүние-мүлікке ие болғаның үшін саған айып тағылмайды. Қолыңдағы дүние-мүлкіңді алдымен өзің асырап отырған жандардың қажетіне жұмса. Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы», – деп айтты» – делінген (Муслим: 2388; Ахмад: 22265).

Орысша аудармасы

Абу Умама Судай ибн Аджлан (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О сын Адама! Если ты отдашь в качестве милостыни то, что осталось у тебя сверх необходимого, это, несомненно, будет благом для тебя. Если же станешь скупиться, это имущество в конце концов обернётся для тебя бедой. Тебя не будут порицать за то, что ты владеешь имуществом, достаточным для твоих нужд. Расходовать же имеющееся у тебя имущество начинай с тех, кого содержишь. Верхняя (дающая) рука намного лучше нижней (берущей)» (Муслим: 2388; Ахмад: 22265).

554
Риядус-салихин, № 554Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: مَا سُئِلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى الْإِسْلَامِ شَيْئًا إِلَّا أعْطَاهُ، وَلَقَدْ جَاءهُ رَجُلٌ، فَأعْطَاهُ غَنَمًا بَيْنَ جَبَلَيْنِ، فَرجَعَ إِلَى قَوْمِهِ، فَقَالَ: يَا قَوْمِ، أسْلِمُوا فَإِنَّ مُحَمَّدًا يُعطِى عَطَاءَ مَن لَا يَخْشَى الْفَقْر، وَإِنْ كَانَ الرَّجُلُ لَيُسْلِمُ مَا يُرِيدُ إِلَّا الدُّنْيَا، فَمَا يَلْبَثُ إِلَّا يَسِيرًا حَتَّى يَكُونَ الْإِسْلَامُ أحَبَّ إِلَيْهِ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا عَلَيْهَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ Исламның құрметі үшін кім, не сұраса да, ешкімнің меселін қайтармайтын еді. Бірде өзіне келіп жолыққан бір кісіге екі таудың арасын ен жайлайтын бәленбай мың бас қойды алдына салып берген еді. Әлгі кісі еліне оралғанда қауымына: «Уа, жарандар! Ислам дінін қабылдаңдар! Расында, Мұхаммед кедейленіп қаламын-ау деп қорықпайтын мәрт адам екен!» – деп жар салды. Рас, кей адамдар алғашқыда дүниеге қол жеткізу үшін ғана тілін кәлимаға келтірсе де, көп ұзамай Исламды мына дүние мен оның бар құндылығынан да қатты жақсы көріп кететін еді», – деген (Муслим: 6020; Ахмад: 12790).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Кто бы ни просил Посланника Аллаха ﷺ о чём-либо ради ислама, он никому не отказывал. Однажды к нему пришёл один человек, и Посланник Аллаха ﷺ отдал ему многотысячное стадо овец, раскинувшееся между двумя горами. Вернувшись к своему народу, тот человек воззвал: “О люди! Принимайте ислам! Поистине, Мухаммад – щедрый человек, который не боится обеднеть!” Действительно, некоторые люди поначалу произносили свидетельство веры лишь ради обретения мирских благ, однако вскоре начинали любить ислам сильнее, чем этот мир и все его сокровища» (Муслим: 6020; Ахмад: 12790).

555
Риядус-салихин, № 555Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمر قَالَ: قسم رَسُول اللَّهِ ﷺ قَسْمًا، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَغَيْرُ هؤلَاءِ كَانُوا أحَقَّ بِهِ مِنْهُمْ؟ فَقَالَ: «إِنَّهُمْ خَيرُونِى أَنْ يَسألُونِى بالْفُحْشِ، أَوْ يُبَخِّلُونِى، وَلَسْتُ بِبَاخِلٍ»

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ (құзырына келген зекет-садақаны ел-жұртқа) үлестіріп берді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Шынында бұған мыналарға қарағанда басқалар әлдеқайда лайық (яғни мұқтаж) емес пе?» – дегенімде, ол: «Расында, олар мені екі нәрсенің бірін таңдауға мәжбүр етті. (Егер ештеңе бермесем) олар (имандарының әлсіздігі себепті) менен қайта-қайта сұрап, мазамды алатын еді де, ақыры сұрағандарын беріп құтылатын едім, немесе (өздеріне ештеңе тимесе) мені сараңдықпен айыптайтын еді. Ал мен сараң емеспін!» – деп жауап берді» (Муслим: 2428; Ахмад: 234).

Орысша аудармасы

Умар (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ распределил (поступившие к нему закят и милостыню) среди людей. Тогда я сказал: “О Посланник Аллаха! Разве другие не заслуживают этого гораздо больше, чем эти люди (то есть разве они не нуждаются сильнее)?” Он ответил: “Поистине, они вынудили меня выбирать одно из двух: если бы я ничего им не дал, они (из-за слабости своей веры) снова и снова обращались бы ко мне с просьбами и не давали покоя, так что в конце концов мне пришлось бы дать им просимое, лишь бы избавиться от их назойливости; либо (если бы им ничего не досталось) они обвинили бы меня в скупости. Но я не скуп!”» (Муслим: 2428; Ахмад: 234).

556
Риядус-салихин, № 556Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جبير بْنِ مطعم قَالَ: بَيْنَمَا هُوَ يَسِيرُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مَقْفَلَهُ مِنْ حُنَيْن، فَعَلِقَهُ الْأعْرَابُ يَسْألُونَهُ، حَتَّى اضْطَرُّوهُ إِلَى سَمُرَة، فَخَطِفَت رِدَاءهُ، فَوَقَفَ النَّبِيُّ ﷺ، فَقَالَ: «أعْطُونِى رِدَائي، فَلَوْ كَانَ لِى عَدَدُ هَذِهِ الْعِضَاهِ نَعَمًا، لَقَسَمْتُهُ بَينَكُمْ، ثُمَّ لَا تَجِدُونِى بَخِيلًا وَلَا كَذّابًا وَلَا جَبَانًا»

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.): «Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Хунәйн шайқасынан қайтып келе жатқанымызда, шөл даланы жайлаған бәдәуилер Пайғамбарымызға жабысып, соғыстан түскен олжаны үлестіріп беруін өтінумен болды. Олардың Пайғамбарымызды тақымдап, қыспаққа алғандығы соншалық – оның үстіндегі шапаны қараған ағашына ілініп қалды. Сонда Пайғамбарымыз еріксіз тоқтап, оларға: «Шапанымды жіберіңдер. Егер қолымда мына шомырттың бұталарындай мыңғырған малым болса, түгелдей сендерге үлестіріп берер ем. Сонда менің сараң да, өтірікші де, қорқақ та емес екенімді анық көрер едіңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3148; Ахмад: 16756).

Орысша аудармасы

Джубайр ибн Мутим (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы вместе с Пророком ﷺ возвращались после битвы при Хунайне, к нему стали тесниться бедуины, кочевавшие по пустыне, настойчиво прося раздать им военную добычу. Они обступили и прижали Пророка ﷺ так сильно, что его накидка зацепилась за ветви колючего дерева. Тогда Пророк ﷺ поневоле остановился и сказал им: “Верните мне мою накидку! Если бы у меня было столько скота, сколько здесь колючих деревьев, я раздал бы вам всё без остатка. И тогда вы ясно увидели бы, что я не скупец, не лжец и не трус”» (Аль-Бухари: 3148; Ахмад: 16756).

557
Риядус-салихин, № 557Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَال، وَمَا زَادَ اللَّهُ عَبْدًا بِعَفْوٍ إِلَّا عِزًّا، وَمَا تَواضَعَ أَحَدٌ لله إِلَّا رَفَعَهُ اللَّهُ تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Садақа еш уақытта мал-мүлікті кеміткен емес. Алла Тағала өзгелерге кешіріммен қараған пендесінің абыройын асқақтатады. Сондай-ақ Алла үшін кішіпейіл болған әрбір адамның дәрежесін өсіреді», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6592; Ахмад: 9008).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Милостыня никогда не уменьшает имущества. Аллах Всевышний возвышает честь того Своего раба, который прощает других. И каждому, кто проявляет смирение ради Аллаха, Он дарует более высокую степень» (Муслим: 6592; Ахмад: 9008).

558
Риядус-салихин, № 558

عَنْ أَبِى كبشة عَمْرُو بْنِ سعد الْأنمارِى أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «ثَلَاثَةٌ أُقْسمُ عَلَيْهِنَّ، وَأُحَدِّثُكُمْ حَدِيثًا فَاحْفَظُوهُ: مَا نَقَصَ مَالُ عَبْدٍ مِنْ صَدَقَةٍ، وَلَا ظُلِمَ عَبْدٌ مَظْلَمَةً صَبَرَ عَلَيْهَا إِلَّا زَادَهُ اللَّهُ عِزًّا، وَلَا فَتَحَ عَبْدٌ بَابَ مَسألَةٍ إِلَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ بَابَ فَقرٍ – أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهَا – وَأُحَدِّثُكُمْ حَديثًا فَاحْفَظُوهُ، قَالَ: «إِنَّمَا الدُّنْيَا لأَرْبَعَةِ نَفَرٍ: عَبْدٍ رَزَقَهُ اللَّهُ مَالًا وَعِلمًا، فَهُوَ يَتَّقِى فِيهِ رَبَّهُ، وَيَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ، وَيَعْلَمُ لِلَّهِ فِيهِ حَقًَّا، فَهذا بأفضَلِ الْمَنَازِلِ. وَعَبْدٍ رَزَقهُ اللَّهُ عِلْمًا، وَلَمْ يَرْزُقْهُ مَالًا، فَهُوَ صَادِقُ النِّيَّةِ، يَقُولُ: لَوْ أَنَّ لِى مَالًا لَعَمِلتُ بِعَمَلِ فُلَانٍ، فَهُوَ بنيَّتِهِ، فأجْرُهُمَا سَوَاءٌ. وَعَبْدٍ رَزَقَهُ اللَّه مَالًا، وَلَمَ يَرْزُقْهُ عِلْمًا، فَهُوَ يَخبطُ فِى مَالِهِ بغَيرِ عِلْمٍ، لَا يَتَّقِى فِيهِ رَبَّهُ، وَلَا يَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ، وَلَا يَعْلَمُ لِلَّهِ فِيهِ حَقًّا، فَهذَا بأَخْبَثِ الْمَنَازِلِ. وَعَبْدٍ لَمْ يَرْزُقْهُ اللَّهُ مَالًا وَلَا عِلْمًا، فَهُوَ يَقُولُ: لَوْ أَنَّ لِى مَالًا لَعَمِلْتُ فِيهِ بعَمَلِ فُلَانٍ، فَهُوَ بنِيَّتِهِ، فَوِزْرُهُمَا سَوَاءٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Кәбша Амр ибн Сағд әл-Әнмәри (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Алдымен үш нәрсеге қатысты ант етемін. Содан кейін сендерге айтар сөзім бар, соны естеріңде сақтаңдар! Садақа бергеннен пенденің дүниесі кеміп қалмаған. Алла Тағала қандай қиянатқа ұшыраса да, сабырлылық танытқан пендесінің абыройын асқақтатады. Сондай-ақ Алла Тағала қайыр тілеуді әдетке айналдырған пендесін дүниеге жарытпайды. Мынаны да көкейлеріңе түйіп алғайсыңдар! Дүниеде төрт түрлі адам бар. Біріншісі: Алланың оған байлықты да, ілімді де берген пендесі. Ол осы байлықты «Раббымның разылығынан жұрдай ететін жолда жұмсап қоймайын» деп, Раббысынан қорқады, туыстарымен қатынасын үзбей, оларға қарасып тұрады, әрі қолындағы дүниесінде оны берген Алланың да ақысы бар екенін ұмытпайды (яғни, Алла бұйырған зекет пен садақаны береді). Мұндай адамның жұмақтағы дәрежесі жоғары болады. Екіншісі: Алланың ілім берсе де, байлық нәсіп етпеген, ниеті таза пендесі. Ол шын көңілімен: «Бай болғанымда, дүниемді пәленше сияқты ізгілік жолында жұмсар едім», – дейді. Расында, бұл – оның шынайы ниеті, сондықтан екеуінің сауабы бірдей болады. Үшіншісі: Алланың оған байлық беріп, алайда ілім нәсіп етпеген пендесі. Ол қолындағы дүниесін қалай болса, солай жұмсайды. Дүниесін орынсыз жұмсағаны үшін Алладан қорықпайды, әрі туыс-тарынан қол үзеді. Сондай-ақ қолындағы дүниесінде оны берген Алланың да ақысы бар екенін ескермейді. Мұндай пенденің ақыретте жағдайы тым жаман болады. Төртіншісі: Алланың оған байлықты да, ілімді де нәсіп етпеген пендесі. Ол: «Егер бай болсам, дүниемді пәленше сияқты оңды-солды жұмсар ем», – деп армандайды. Расында, бұл – оның шынайы ниеті, сондықтан екеуінің күнәсі бірдей болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 2325; Ахмад: 18031).

Орысша аудармасы

Абу Кабша Амр ибн Саад аль-Анмари (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Прежде всего я поклянусь вам в истинности трёх вещей. После этого я скажу вам нечто – запомните мои слова! Имущество раба не уменьшается из-за поданной им милостыни. Какой бы несправедливости ни подвергся раб, если он проявит терпение, Аллах непременно возвысит его честь и достоинство. А если раб сделает попрошайничество своей привычкой, Аллах не даст ему обрести достаток. И ещё запомните следующее! В этом мире есть четыре вида людей.

Первый – раб, которому Аллах даровал и богатство, и знание. Он боится своего Господа, думая: ‘Как бы мне не потратить это богатство на то, что лишит меня довольства моего Господа’, поддерживает родственные связи и помогает своим близким, а также не забывает, что в принадлежащем ему имуществе есть право даровавшего его Аллаха (то есть выплачивает предписанные Аллахом закят и милостыню). Такой человек удостоится высокой степени в раю.

Второй – раб, которому Аллах даровал знание, но не дал богатства, а его намерения чисты. Он от всего сердца говорит: ‘Если бы я был богат, то расходовал бы своё имущество на благие дела, как такой-то’. Поистине, таково его искреннее намерение, поэтому награда обоих будет одинаковой.

Третий – раб, которому Аллах даровал богатство, но не дал знания. Он расходует своё имущество как попало, не боится Аллаха за то, что тратит его не там, где следует, разрывает отношения с родственниками и не признаёт, что в принадлежащем ему имуществе есть право даровавшего его Аллаха. Положение такого раба в Последней жизни будет крайне скверным.

Четвёртый – раб, которому Аллах не даровал ни богатства, ни знания. Он мечтает: ‘Если бы я был богат, то расточал бы своё имущество направо и налево, как такой-то’. Поистине, таково его искреннее намерение, поэтому грех обоих будет одинаковым”» (Ат-Тирмизи: 2325; Ахмад: 18031).

559
Риядус-салихин, № 559Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة: أَنَّهُمْ ذَبَحُوا شَاةً، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا بَقِيَ مِنْهَا؟» قَالَتْ: مَا بَقِيَ مِنْهَا إِلَّا كَتِفُها. قَالَ: «بَقِيَ كُلُّهَا غَيْرُ كَتِفِهَا»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте бірде олардың қой сойғаны айтылады. Пайғамбарымыз ﷺ: «Қойдан не қалды?» – деп сұрағанда, Айша: «Жауырыннан басқа еш нәрсе қалған жоқ1», – дейді. Сонда Алла елшісі: «(Бәлкім), жауырыннан басқасының бәрі қалды (десеңші)», – деген екен (Тирмизи, 2472). Немесе «Жауырыннан басқасы бізге ақыретке қалды», – деген.

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что однажды они зарезали овцу. Пророк ﷺ спросил: «Что осталось от овцы?» Аиша ответила: «Не осталось ничего, кроме лопатки1». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вернее, всё, кроме лопатки, осталось (так и скажи)». Или: «Всё, кроме лопатки, осталось для нас в Последней жизни» (Ат-Тирмизи: 2472).

  1. 1Өйткені жауырыннан басқа еті түгелдей садақа ретінде таратылған еді.
  1. 1Потому что всё мясо, кроме лопатки, было роздано в качестве милостыни.
560
Риядус-салихин, № 560

عَنْ أسماء بنت أَبِى بَكْرٍ الصديق، قَالَتْ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُوكِى فَيُوكى عَلَيْكِ»

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір әс-Сыддиқ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Қапшығыңның аузын байлап, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе, Алла Тағала да саған (беретін ризығын) байлап тастайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1433,2591; Муслим: 2375; Ахмад: 26990).

Орысша аудармасы

Асма бинт Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен ими обоими Аллах) передала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Не завязывай горловину своего мешка и не прячь своё имущество. Иначе Аллах тоже удержит от тебя (тот удел, который предназначил тебе)”» (Аль-Бухари: 1433, 2591; Муслим: 2375; Ахмад: 26990).

Түсіндірме (қазақша)

Осы хадиске қатысты басқа бір риуаятта Алла елшісі ﷺ: «Садақа берсем, дүнием кеміп қалады деп қорықпа, жомарт бол. Дүниені, ақшаны жиған үстіне жиып, қайта-қайта санама. Сараң болма. Әйтпесе, Алла Тағала да саған ризық-несібе бергенде (үйіп-төкпей) санап беретін болады. Қажетіңнен артылған дүниені (ақшаны) мұқтаждарға бермей тығып қойма. Егер сөйтетін болсаң, Алла Тағала да солай істейді», – деген екен.

Түсіндірме (орысша)

В другой версии этого хадиса Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не бойся, что поданная милостыня уменьшит твоё имущество, – будь щедрой. Не копи имущество и деньги, приумножая их, и не пересчитывай снова и снова. Не скупись. Иначе Аллах, наделяя тебя уделом, тоже будет отмерять его по счёту (а не даровать щедро и обильно). Не прячь имущество (деньги), оставшееся сверх твоих потребностей, не отдавая его нуждающимся. Если ты поступишь так, Аллах также поступит с тобой».

561
Риядус-салихин, № 561Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقولُ: «مَثَل الْبَخيل وَالْمُنْفِقِ، كَمَثَلِ رَجُلَيْنِ عَلَيْهِمَا جُنَّتَانِ مِنْ حَديد مِنْ ثُدِيِّهِمَا إِلَى تَرَاقِيهِمَا، فَأَمَّا الْمُنْفِقُ فَلَا يُنْفِقُ إِلَّا سَبَغَتْ – أَوْ وَفَرَتْ – عَلَى جِلْدِهِ حَتَّى تُخْفِيَ بَنَانَهُ، وَتَعْفُو أثرَهُ، وأَمَّا الْبَخِيلُ، فَلَا يُرِيدُ أَنْ يُنْفِقَ شَيْئًا إِلَّا لَزِقَتْ كُلُّ حَلْقَةٍ مَكَانَهَا، فَهُوَ يُوسِّعُهَا فَلَا تَتَّسِعُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Сараң мен жомарт бейне бір көкірегінен бұғанасына дейін темір сауыт киген екі адамға ұқсайды. Жомарт – дүниесін жұмсаған сайын, үстіндегі сауыты ұзарып (немесе үлкейіп), тіпті башпайларына дейін қымтап, жүрген іздерін де жасыратындай мол болып кетеді. Ал сараң адам дүниесін жұмсағысы келгенде, сауытының әрбір будағы сіресе қатып, қанша жерден кеңейткісі келсе де кеңеймей қояды», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 1443; Муслим: 2359; Ахмад: 7483).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Скупой и щедрый подобны двум людям, облачённым в железные кольчуги, покрывающие их от груди до ключиц. Всякий раз, когда щедрый расходует своё имущество, его кольчуга удлиняется (или увеличивается), пока не покрывает даже кончики его пальцев и не скрывает следы его шагов. Когда же скупой намеревается потратить своё имущество, каждое кольцо его кольчуги намертво сжимается на своём месте, и, как бы он ни старался расширить её, она не расширяется”» (Аль-Бухари: 1443; Муслим: 2359; Ахмад: 7483).

562
Риядус-салихин, № 562Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَصَدَّقَ بعَدلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ، وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيبَ، فَإِنَّ اللَّهَ يَقْبَلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهَا كَمَا يُرَبِّى أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, Алла адал садақаны ғана қабыл алады. Кімде-кім адал табысынан бір ғана құрманың бағасындай мөлшерде садақа берсе, Алла ол садақаны «оң қолымен» (яғни, мол сауап жазып, міндетті түрде) қабыл алады. Содан соң, қайсыбіріңнің мініс тайын баптап өсіргені секілді, Алла Тағала да адал садақаның берекесін арттырып, берген адам үшін таудай сауапқа айналдырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1410; Муслим: 2342; Ахмад: 8381).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах принимает лишь дозволенную милостыню. Если кто-либо подаст из дозволенного заработка милостыню в размере стоимости всего одного финика, Аллах примет её “Своей правой рукой” (то есть непременно примет её и запишет за неё великую награду). Затем, подобно тому как кто-либо из вас заботливо выращивает жеребёнка, предназначенного для верховой езды, Аллах Всевышний приумножит благодать этой дозволенной милостыни и превратит её для подавшего в награду величиной с гору» (Аль-Бухари: 1410; Муслим: 2342; Ахмад: 8381).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі Алла садақаны «оң қолымен» қабыл алады, дегенді тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір ағзаны, мекен мен тарапты немесе іс-қимылды білдіретін «қол», «аяқ пен балтыр», «жүз», «көз», «Аршыға истиуа ету», «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар, сондай-ақ аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Аллаға ғана білетін мүтәшәбиһ сифаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан дене болу, белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған. Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят..., сондықтан да, мұндай Құран мен хадистерде келген мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.

Түсіндірме (орысша)

Слова хадиса о том, что Аллах принимает милостыню «Своей правой рукой», следует понимать не в их буквальном языковом, а в переносном значении.

Наши учёные относят к муташабих-атрибутам встречающиеся в Коране и хадисах и относимые к Аллаху муташабих-выражения: «рука», «нога и голень», «лик», «глаз», «истива над Аршем», «пришествие», «нисхождение», «быстрая ходьба» и подобные им. Их буквальное значение указывает на определённый орган, место, направление либо действие или движение.

Их нельзя понимать в прямом языковом значении: осмысливать их следует лишь на основе установленных принципов и контекста соответствующего аята или хадиса, тогда как их истинная сущность известна одному Аллаху.

Причина заключается в том, что из буквального смысла таких слов следуют телесность, пребывание в определённом месте, перемещение из одного места в другое и иные качества и значения, присущие творениям. В Коране ясно сказано, что Аллах не подобен ничему и что ни одно из присущих творениям качеств Ему не свойственно. См.: сура «Аш-Шура», аят 11; сура «Аль-Ихляс», аят 4; сура «Ан-Нахль», аят 74...

Поэтому подобные муташабих-выражения, встречающиеся в Коране и хадисах, следует понимать на основе научных, лингвистических и контекстуальных толкований и разъяснений наших учёных.

563
Риядус-салихин, № 563Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشِى بِفَلَاةٍ مِنَ الْأَرْضِ، فَسَمِعَ صَوْتًا فِى سَحَابَةٍ، اسقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ، فَتَنَحَّى ذَلِكَ السَّحَابُ فَأفْرَغَ مَاءهُ فِى حَرَّةٍ، فإِذَا شَرْجَةٌ مِنْ تِلْكَ الشِّرَاجِ قَدِ اسْتَوْعَبَت ذَلِكَ الْماءَ كُلَّهُ، فَتَتَبَّعَ الْمَاءَ، فإِذَا رَجُلٌ قَائمٌ فِى حَدِيقَتِهِ يُحَوِّلُ الْماءَ بِمسحَاتِهِ، فَقَالَ لَهُ: يَا عَبْدَ اللَّهِ، ما اسمُكَ؟ قَالَ: فُلَانٌ للاسم الذي سَمِعَ فِى السَّحابةِ، فَقَالَ له: يَا عبدَ اللَّه، لِمَ تَسْألُنِى عَنِ اسْمِى؟ فَقَالَ: إِنِّى سَمِعْتُ صَوتًْا فِى السَّحابِ الَّذِى هَذَا مَاؤُهُ، يَقُولُ: اسْقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ لاسمِكَ، فَمَا تَصْنَعُ فِيهَا، فَقَالَ: أمَا إِذ قلتَ هَذَا، فَإِنِّى أنْظُرُ إِلَى مَا يَخْرُجُ مِنْهَا، فَأتَصَدَّقُ بِثُلُثِهِ، وَآكُلُ أَنَا وَعِيَالِى ثُلُثًا، وَأردُّ فِيهَا ثُلُثَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бірде біреу шөл далада келе жатып, бұлттың ішінен шыққан «пәленшенің бақшасын суғар» – деген дауысты естиді. Сол-ақ екен, әлгі бұлт жылжығаннан жылжып, тастақ жерге нөсерлетіп қоя береді. Барып қараса, жауынның суы жүлге қуалап, әлдеқайда ағып барады екен. Жолаушы судың ағысын бойлап келе жатып, кенет ағып келген суды күрегімен жан-жаққа бұрып, бақшасын суғарып жатқан бағбанды көреді. Сөйтіп, ол бағбанға жақындап келіп: «Ей, Алланың пендесі! Сенің атың кім?» – деп сұрайды. Бағбан оған: «Есімім пәленше», – деп бұлттан естілген атты айтып, жолаушының өзінен: «Ей, Алланың пендесі! Менің есімімді неге сұрадың?» – дейді. Сонда жолаушы оған: «Жол-жөнекей келе жатып мына суды нөсерлетіп төгіп кеткен бұлттың ішінен сенің атыңды атап, «пәленшенің бақшасын суғар» – деген тылсым дауысты естідім. Сен осындай құрметке бөленетіндей соншалықты не істеп жүрсің? Соны білгім келеді», – дейді. Бағбан: «Сұраған екенсің, ендеше айтайын. Шыққан жеміске қарап, үштен бірін мұқтаждарға садақа ретінде беріп, үштен бірін өзіме және бала-шағама қалдырып, қалған үштен бірін тұқымдық ретінде пайдаланамын», – деп жауап береді», – деген (Муслим: 7473; Ахмад: 7941).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды один человек шёл по пустыне и вдруг услышал голос, доносившийся из облака: “Полей сад такого-то!” Тотчас облако двинулось дальше и пролилось сильным дождём над каменистой землёй. Подойдя ближе, путник увидел, что дождевая вода, собравшись в русле, устремилась вдаль. Он пошёл вдоль потока и вдруг увидел садовника, который лопатой направлял прибывающую воду в разные стороны, орошая свой сад. Путник подошёл к нему и спросил: “О раб Аллаха! Как тебя зовут?” Садовник назвал то самое имя, которое прозвучало из облака, а затем спросил: “О раб Аллаха! Почему ты спрашиваешь моё имя?” Путник ответил: “По дороге я услышал таинственный голос из облака, пролившего этот дождь. Он назвал твоё имя и сказал: ‘Полей сад такого-то!’ Мне хотелось бы узнать, что же ты делаешь, чтобы удостоиться такой чести?” Садовник сказал: “Раз уж ты спросил, я отвечу. Собрав урожай, я отдаю треть нуждающимся в качестве милостыни, треть оставляю себе и своим детям, а оставшуюся треть использую на семена и нужды сада”» (Муслим: 7473; Ахмад: 7941).