Хадис

Ризық-несібені адал еңбек, маңдай термен табудың артықшылығы жайында

О достоинстве честного труда и добывания пропитания в поте лица

Риядус-салихин, 59-тақырып · 5 хадис · № 540–544

Хадистер

«فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانْتَشِرُوا فِى الْأَرْضِ وَابْتَغُوا مِنْ فَضْلِ اللَّه» «Намаз өтелген соң, жер бетіне тараңдар және (адал кәсіп қылып) Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер….» («Жұма» сүресі, 10-аят).

«После завершения молитвы расходитесь по земле и ищите свой удел от безграничной милости Аллаха» (сура «Джума», 62:10).

540
Риядус-салихин, № 540

عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ الزبير بْنِ الْعَوَّام قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لأَنْ يَأْخُذَ أَحَدُكُمْ أحبُلَهُ ثُمَّ يَأْتِيَ الْجَبَلَ، فَيَأْتِيَ بحُزمَةٍ مِنْ حَطَب عَلَى ظَهْرِهِ فَيَبِيعَهَا، فَيكُفّ اللَّهُ بِهَا وَجْهَهُ، خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَسْألَ النَّاسَ، أعْطَوْهُ أَوْ مَنَعُوهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуллаһ Зубәйр ибн әл-Аууам (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбіріңнің арқандарын алып тауға барып, бір бума отынды арқалап әкеліп сатуы, һәм де сол арқылы Алланың оны (тіленшіліктен) сақтауы, беруі де, бермеуі де мүмкін әлдебіреуге қол жайғаннан әлдеқайда қайырлы», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1471).

Орысша аудармасы

Абу Абдуллах Зубайр ибн аль-Аввам (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из вас возьмёт верёвки, отправится в горы, принесёт на спине вязанку дров и продаст её, благодаря чему Аллах убережёт его (от попрошайничества), это будет для него гораздо лучше, чем протягивать руку к человеку, который может дать ему, а может и отказать”» (Аль-Бухари: 1471).

541
Риядус-салихин, № 541Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لأَنْ يَحْتَطِبَ أَحَدُكُمْ حُزْمَةً عَلَى ظَهْرِهِ، خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَسْألَ أحدًا، فَيُعْطِيَهُ أَوْ يَمْنَعَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, қайсыбіріңнің болмасын бір құшақ отын шауып, оны өзі арқалап, сатып күн көруі, беруі де, бермеуі де мүмкін әлдебіреуден қол жайып қайыр-садақа тілегеннен әлдеқайда қайырлы», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2074; Муслим: 2400; Ахмад: 9134).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, если кто-либо из вас нарубит охапку дров, сам принесёт её на спине, продаст и тем заработает себе на жизнь, это будет для него гораздо лучше, чем протягивать руку и просить милостыню у человека, который может дать, а может и отказать» (Аль-Бухари: 2074; Муслим: 2400; Ахмад: 9134).

542
Риядус-салихин, № 542Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «كَانَ دَاوُدُ تَعَالَى لَا يَأكُلُ إِلَّا مِنْ عَمَلِ يَدِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Дәуіт (а.с.) тек өз қол еңбегімен тапқан ризықпен ғана азықтанатын», – деген (Бұхари: 2073; Ахмад: 8160).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Дауд (мир ему) питался лишь уделом, заработанным трудом собственных рук» (Аль-Бухари: 2073; Ахмад: 8160).

543
Риядус-салихин, № 543Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ زَكرِيّا تَعَالَى نَجَّارًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Зәкәрия ағаш ұстасы болған», – деп айтқан (Муслим: 6162; Ахмад: 10294).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Закария был плотником» (Муслим: 6162; Ахмад: 10294).

544
Риядус-салихин, № 544

عَنْ الْمقدام بْنِ مَعْدِ يكرِبَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا أكَلَ أَحَدٌ طَعَامًا قَطُّ خَيْرًا مِنْ أَنْ يَأكُلَ مِنْ عَمَلِ يَدِه، وَإِنَّ نَبِيَّ اللَّه دَاوُدَ ﷺ كَانَ يَأكُلُ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ»

Қазақша аудармасы

Миқдад ибн Мағдикариб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ешкім де табан ақы, маңдай терімен тапқан тағамынан қайырлы ас ішкен емес. Шынында, Алланың пайғамбары Дәуіт те (а.с.) ризығын өз еңбегімен табатын еді», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2072; Ахмад: 17181).

Орысша аудармасы

Микдам ибн Мадикариб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Никто никогда не ел пищи лучше той, которую заработал собственным трудом, в поте лица. Поистине, пророк Аллаха Дауд (мир ему) также добывал свой удел собственным трудом» (Аль-Бухари: 2072; Ахмад: 17181).