Хадис

Риядус-салихин, № 558

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
60. Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында
Нөмірі
№ 558 (қазақша басылым реті)
558
Риядус-салихин, № 558

عَنْ أَبِى كبشة عَمْرُو بْنِ سعد الْأنمارِى أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «ثَلَاثَةٌ أُقْسمُ عَلَيْهِنَّ، وَأُحَدِّثُكُمْ حَدِيثًا فَاحْفَظُوهُ: مَا نَقَصَ مَالُ عَبْدٍ مِنْ صَدَقَةٍ، وَلَا ظُلِمَ عَبْدٌ مَظْلَمَةً صَبَرَ عَلَيْهَا إِلَّا زَادَهُ اللَّهُ عِزًّا، وَلَا فَتَحَ عَبْدٌ بَابَ مَسألَةٍ إِلَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ بَابَ فَقرٍ – أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهَا – وَأُحَدِّثُكُمْ حَديثًا فَاحْفَظُوهُ، قَالَ: «إِنَّمَا الدُّنْيَا لأَرْبَعَةِ نَفَرٍ: عَبْدٍ رَزَقَهُ اللَّهُ مَالًا وَعِلمًا، فَهُوَ يَتَّقِى فِيهِ رَبَّهُ، وَيَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ، وَيَعْلَمُ لِلَّهِ فِيهِ حَقًَّا، فَهذا بأفضَلِ الْمَنَازِلِ. وَعَبْدٍ رَزَقهُ اللَّهُ عِلْمًا، وَلَمْ يَرْزُقْهُ مَالًا، فَهُوَ صَادِقُ النِّيَّةِ، يَقُولُ: لَوْ أَنَّ لِى مَالًا لَعَمِلتُ بِعَمَلِ فُلَانٍ، فَهُوَ بنيَّتِهِ، فأجْرُهُمَا سَوَاءٌ. وَعَبْدٍ رَزَقَهُ اللَّه مَالًا، وَلَمَ يَرْزُقْهُ عِلْمًا، فَهُوَ يَخبطُ فِى مَالِهِ بغَيرِ عِلْمٍ، لَا يَتَّقِى فِيهِ رَبَّهُ، وَلَا يَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ، وَلَا يَعْلَمُ لِلَّهِ فِيهِ حَقًّا، فَهذَا بأَخْبَثِ الْمَنَازِلِ. وَعَبْدٍ لَمْ يَرْزُقْهُ اللَّهُ مَالًا وَلَا عِلْمًا، فَهُوَ يَقُولُ: لَوْ أَنَّ لِى مَالًا لَعَمِلْتُ فِيهِ بعَمَلِ فُلَانٍ، فَهُوَ بنِيَّتِهِ، فَوِزْرُهُمَا سَوَاءٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Кәбша Амр ибн Сағд әл-Әнмәри (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Алдымен үш нәрсеге қатысты ант етемін. Содан кейін сендерге айтар сөзім бар, соны естеріңде сақтаңдар! Садақа бергеннен пенденің дүниесі кеміп қалмаған. Алла Тағала қандай қиянатқа ұшыраса да, сабырлылық танытқан пендесінің абыройын асқақтатады. Сондай-ақ Алла Тағала қайыр тілеуді әдетке айналдырған пендесін дүниеге жарытпайды. Мынаны да көкейлеріңе түйіп алғайсыңдар! Дүниеде төрт түрлі адам бар. Біріншісі: Алланың оған байлықты да, ілімді де берген пендесі. Ол осы байлықты «Раббымның разылығынан жұрдай ететін жолда жұмсап қоймайын» деп, Раббысынан қорқады, туыстарымен қатынасын үзбей, оларға қарасып тұрады, әрі қолындағы дүниесінде оны берген Алланың да ақысы бар екенін ұмытпайды (яғни, Алла бұйырған зекет пен садақаны береді). Мұндай адамның жұмақтағы дәрежесі жоғары болады. Екіншісі: Алланың ілім берсе де, байлық нәсіп етпеген, ниеті таза пендесі. Ол шын көңілімен: «Бай болғанымда, дүниемді пәленше сияқты ізгілік жолында жұмсар едім», – дейді. Расында, бұл – оның шынайы ниеті, сондықтан екеуінің сауабы бірдей болады. Үшіншісі: Алланың оған байлық беріп, алайда ілім нәсіп етпеген пендесі. Ол қолындағы дүниесін қалай болса, солай жұмсайды. Дүниесін орынсыз жұмсағаны үшін Алладан қорықпайды, әрі туыс-тарынан қол үзеді. Сондай-ақ қолындағы дүниесінде оны берген Алланың да ақысы бар екенін ескермейді. Мұндай пенденің ақыретте жағдайы тым жаман болады. Төртіншісі: Алланың оған байлықты да, ілімді де нәсіп етпеген пендесі. Ол: «Егер бай болсам, дүниемді пәленше сияқты оңды-солды жұмсар ем», – деп армандайды. Расында, бұл – оның шынайы ниеті, сондықтан екеуінің күнәсі бірдей болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 2325; Ахмад: 18031).

Орысша аудармасы

Абу Кабша Амр ибн Саад аль-Анмари (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Прежде всего я поклянусь вам в истинности трёх вещей. После этого я скажу вам нечто – запомните мои слова! Имущество раба не уменьшается из-за поданной им милостыни. Какой бы несправедливости ни подвергся раб, если он проявит терпение, Аллах непременно возвысит его честь и достоинство. А если раб сделает попрошайничество своей привычкой, Аллах не даст ему обрести достаток. И ещё запомните следующее! В этом мире есть четыре вида людей.

Первый – раб, которому Аллах даровал и богатство, и знание. Он боится своего Господа, думая: ‘Как бы мне не потратить это богатство на то, что лишит меня довольства моего Господа’, поддерживает родственные связи и помогает своим близким, а также не забывает, что в принадлежащем ему имуществе есть право даровавшего его Аллаха (то есть выплачивает предписанные Аллахом закят и милостыню). Такой человек удостоится высокой степени в раю.

Второй – раб, которому Аллах даровал знание, но не дал богатства, а его намерения чисты. Он от всего сердца говорит: ‘Если бы я был богат, то расходовал бы своё имущество на благие дела, как такой-то’. Поистине, таково его искреннее намерение, поэтому награда обоих будет одинаковой.

Третий – раб, которому Аллах даровал богатство, но не дал знания. Он расходует своё имущество как попало, не боится Аллаха за то, что тратит его не там, где следует, разрывает отношения с родственниками и не признаёт, что в принадлежащем ему имуществе есть право даровавшего его Аллаха. Положение такого раба в Последней жизни будет крайне скверным.

Четвёртый – раб, которому Аллах не даровал ни богатства, ни знания. Он мечтает: ‘Если бы я был богат, то расточал бы своё имущество направо и налево, как такой-то’. Поистине, таково его искреннее намерение, поэтому грех обоих будет одинаковым”» (Ат-Тирмизи: 2325; Ахмад: 18031).