Хадис

Риядус-салихин, № 555

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
60. Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында
Нөмірі
№ 555 (қазақша басылым реті)
555
Риядус-салихин, № 555Риуаят етуші: Омар

عَنْ عمر قَالَ: قسم رَسُول اللَّهِ ﷺ قَسْمًا، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَغَيْرُ هؤلَاءِ كَانُوا أحَقَّ بِهِ مِنْهُمْ؟ فَقَالَ: «إِنَّهُمْ خَيرُونِى أَنْ يَسألُونِى بالْفُحْشِ، أَوْ يُبَخِّلُونِى، وَلَسْتُ بِبَاخِلٍ»

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ (құзырына келген зекет-садақаны ел-жұртқа) үлестіріп берді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Шынында бұған мыналарға қарағанда басқалар әлдеқайда лайық (яғни мұқтаж) емес пе?» – дегенімде, ол: «Расында, олар мені екі нәрсенің бірін таңдауға мәжбүр етті. (Егер ештеңе бермесем) олар (имандарының әлсіздігі себепті) менен қайта-қайта сұрап, мазамды алатын еді де, ақыры сұрағандарын беріп құтылатын едім, немесе (өздеріне ештеңе тимесе) мені сараңдықпен айыптайтын еді. Ал мен сараң емеспін!» – деп жауап берді» (Муслим: 2428; Ахмад: 234).

Орысша аудармасы

Умар (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ распределил (поступившие к нему закят и милостыню) среди людей. Тогда я сказал: “О Посланник Аллаха! Разве другие не заслуживают этого гораздо больше, чем эти люди (то есть разве они не нуждаются сильнее)?” Он ответил: “Поистине, они вынудили меня выбирать одно из двух: если бы я ничего им не дал, они (из-за слабости своей веры) снова и снова обращались бы ко мне с просьбами и не давали покоя, так что в конце концов мне пришлось бы дать им просимое, лишь бы избавиться от их назойливости; либо (если бы им ничего не досталось) они обвинили бы меня в скупости. Но я не скуп!”» (Муслим: 2428; Ахмад: 234).