Хадис

Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру

О неисчислимых благах рая и величайшем из них – лицезрении Лика Аллаха

Риядус-салихин, 372-тақырып · 17 хадис · № 1882–1898

Хадистер

«إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِى جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ ادْخُلُوهَا بِسَلَامٍ آمِنِينَ وَنَزَعْنَا مَا فِى صُدُورُهِمْ مِنْ غِلٍّ إِخْوانًا عَلَى سُرُرٍ مُتَقَابِلِينَ لَا يَمَسُّهُمْ فِيهَا نَصَبٌ وَمَا هُمْ مِنْهَا بِمُخْرَجِينَ» «Ал тақуа жандар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады. Оларға: «Ол жерге есендікпен һәм үрей атаулыдан (толық һәм біржолата) арылған күйде кіріңдер», – делінеді. Олардың көкірегіндегі жағымсыз сезімдерді суырып алып тастаймыз. Сөйтіп олар бір-біріне дос-бауыр болып, жұмсақ төсектердің үстінде біріне-бірі жылы шыраймен қарасып отырады. Олар онда ешқандай қиыншылық, машақат көрмейді және ол жерден әсте шығарылмайды» (Хижр: 45-48-аяттар).

«يَا عِبَادِ لَا خَوْفٌ عَلَيْكُمُ الْيَوْمَ وَلا أَنْتُمْ تَحْزَنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِآياتِنَا وَكَانُوا مُسْلِمِينَ ادْخُلُوا الْجَنَّةَ أَنْتُمْ وَأَزْوَاجُكُمْ تُحْبَرُونَ يُطَافُ عَلَيْهِمْ بِصِحَافٍ مِنْ ذَهَبٍ وَأَكْوَابٍ وَفِيهَا مَا تَشْتَهِيهِ الْأَنْفُسُ وَتَلَذُّ الْأَعْيُنُ وَأَنْتُمْ فِيهَا خَالِدُونَ وَتِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتِى أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ لَكُمْ فِيهَا فَاكِهَةٌ كَثِيرَةٌ مِنْهَا تَأْكُلُونَ» «Уа, құлдарым! Бүгін сендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ! Һәм бүгін сендер қайғы-мұңға батпайсыңдар. Олар – барлық аяттарымызға иман келтірген және Бізге жан-тәнімен мойынсұнғандар! Оларға: «Қане, өздерің де жұбайларың да шат-шадыман болып, жұмаққа кіріңдер!» – делінеді. Алтын табақтар мен қадақтар тасыған жұмақ қызметшілері оларды айналсоқтап, пәруана болып, сый-құрмет көрсетеді. Онда көңіл соғатын һәм көздің жауын алатын нәрселердің бәрі бар. Сендер сонда мәңгі-бақи қаласыңдар! Дүниеде істеген игі істерің үшін сендерге мұра ретінде берілген жаннат міне осы! Онда сендер жейтін көптеген жеміс-жидектер бар!» («Зухруф», 68-73аяттар).

«إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِى مَقَامٍ أَمِينٍ فِى جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ يَلْبَسُونَ مِنْ سُنْدُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُتَقَابِلِينَ كَذَلِكَ وَزَوَّجْنَاهُمْ بِحُورٍ عِينٍ يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَاكِهَةٍ آمِنِينَ لَا يَذُوقُونَ فِيهَا الْمَوْتَ إِلا الْمَوْتَةَ الْأُولَى وَوَقَاهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ فَضْلًا مِنْ رَبِّكَ ذَلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ» «Ал тақуа жандар қауіпсіз жерде болады. Олар жұмақ бақшаларында, қайнар бастаулардың басында болады. Үлбіреген жұқалым жібек пен қалың қамқадан тігілген киім киіп, бір-біріне қарасып отырады. Иә, солай, әрі құралай көз хор қыздарынан пәк жұбайлар нәсіп етеміз. Олар онда ешкімнен һәм еш нәрседен қорықпай және қысылып-қымтырылмай емін-еркін отырып, көңілдері соғатын жемістердің түр-түрін алдыратын болады. Олар алғашқы өлімді былай қойғанда, онда өлімнің дәмін әсте татпайтын болады. Әрі Алла оларды жалындаған тозақ азабынан мәңгі-бақи сақтайды. Міне, бұл Раббыңның шексіз шарапаты! Зор жетістік, толайым табыс деген, міне, осы!» («Духан», 51-57аяттар).

«إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِى نَعِيمٍ عَلَى الْأَرَائِكِ يَنْظُرُونَ تَعْرِفُ فِى وُجُوهِهِمْ نَضْرَةَ النَّعِيمِ يُسْقَوْنَ مِنْ رَحِيقٍ مَخْتُومٍ خِتَامُهُ مِسْكٌ وَفِى ذَلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ الْمُتَنَافِسُونَ وَمِزَاجُهُ مِنْ تَسْنِيمٍ عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا الْمُقَرَّبُونَ» «Ізгі жандар, ағыл-тегіл нығметтердің ішінде, нығметтерге толы Нағим жаннатында. Жайлы орынтақтарға жайғасып, қуанышты жүзбен маңайларына қарап отырады. Жүздерінен өздеріне нәсіп етілген нығметтерге шексіз қуанышты байқайсың. Оларға мөрленген тап-таза шарап ұсынылады. Сарқыны хош иісті. Ендеше, өзара жарысатындар осынау мәңгілік жаннат мекен үшін жарыссын! Ол шарапқа жаннаттың ең ұлы қайнары «тәсним» сусыны қосылған. «Тәсним» қайнарынан Алланың ең жақын хас құлдары қанғанша сусындайды. («Мутаффифин», 21-28аяттар).

«Богобоязненные же, поклонявшиеся надлежащим образом Аллаху и остерегавшиеся ослушания, пребудут в райских садах, возле источников. И будет сказано: “Войдите в него с миром и будучи избавленными от страхов!” Изымем Мы из их сердец всю злобу, и станут они братьями, и пребудут на мягких ложах обращенные лицом друг к другу. Не коснется их там трудность, и никогда не будут они выведены оттуда» (сура «Аль‑Хиджр», 15:45–48).

«“О Мои рабы! Сегодня для вас нет никакого страха. И вы не будете опечалены”. Они – Наши рабы, которые уверовали во все Наши аяты и знамения и повиновались Нам всецело! Им будет сказано: “Войдите в рай вместе со своими супругами в великой радости!” И будут служители рая обходить их с золотыми блюдами и чашами. Там будет все, что пожелают души и что восхищает взоры. И вы останетесь в нем навечно! Таков рай, что был дарован вам в наследие за благие дела, которые вы совершали в земной жизни! В нем есть разные фрукты, которые вы будете вкушать с наслаждением!» (сура «Аз‑Зухруф», 43:68–73).

«Поистине, остерегавшиеся же будут в безопасном месте. Они будут в кущах рая, среди родников. Облаченные в атлас и парчу, они будут восседать друг против друга. Именно так! И Мы одарим их непорочными черноокими и большеглазыми. Они будут просить всякие плоды и блага, которые пожелают, не боясь и не опасаясь. Они не вкусят там смерти, кроме первой смерти. И Аллах сохранит их навечно от мучения в пылающем аду. Сие – по безграничной щедрости твоего Господа! Это и есть великий успех!» (сура «Ад‑Духан», 44:51–57).

«Поистине, благочестивые – непременно в полном благодати рае Наим. Они на ложах созерцают с радостными лицами. Ты увидишь на их лицах блеск благоденствия. Им будет предложено чистое вино запечатанное. Печать его – мускус. Пусть же за это соревнуются люди, коль соревнуются меж собой! Оно смешано с напитком из Таснима. И пьют из этого источника лишь самые близкие к Аллаху» (сура «Аль‑Мутаффифин», 83:22–28).

1882
Риядус-салихин, № 1882Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَأكُلُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فِيهَا، وَيَشْرَبُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ، وَلَا يَمْتَخِطُونَ، وَلَا يَبُولُونَ، وَلكِنْ طَعَامُهُمْ ذَلِكَ جُشَاءٌ كَرَشْحِ الْمِسْكِ، يُلْهَمُونَ التَّسْبِيحَ وَالتَّكْبِيرَ، كَمَا يُلْهَمُونَ النَّفَسَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттықтар онда ішіп-жейді, алайда үлкен дәретке бармайды, сіңбірмейді және кіші дәрет сындырмайды. Ішіп-жеген тағамдары хош иісті жеңіл кекірік болып және миск сияқты хош иісті тер болып шығады. Олар бейне бір жай тыныс алғандай Алланы дәріптеп, ұлықтаумен болады1», – деп айтты, – деген (Муслим: 7151, Ахмад: 15117).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Обитатели рая будут там есть и пить, однако не будут ни испражняться, ни сморкаться, ни мочиться. Съеденное и выпитое будет выходить из них в виде лёгкой отрыжки с приятным ароматом и пота, благоухающего мускусом. Они будут славить и возвеличивать Аллаха так же естественно, как дышат»1 (Муслим: 7151; Ахмад: 15117).

  1. 1Жаннаттықтар пейіште сәт сайын «Субханаллаһ», «Аллаһу әкбар» деп Алланы ұлықтап, дәріптеумен болады және бұл зікір олар үшін бейне бір тыныс алғандай табиғи һәм жеп-жеңіл болады.
  1. 1Обитатели рая будут непрестанно возвеличивать и прославлять Аллаха, произнося «Субханаллах» и «Аллаху акбар». Этот зикр будет для них столь же естественным и лёгким, как дыхание.
1883
Риядус-салихин, № 1883Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أعْدَدْتُ لِعِبَادِى الصَّالِحِينَ مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ، وَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: «فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنِ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ» [السجدة: 17»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала: «Ізгі құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ естімеген һәм ешбір адам баласының ойына да кіріп шықпаған керемет сый-сияпат дайындадым», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3244, Муслим: 7132, Ахмад: 10017).

Әбу Һурайра осыған дәлел ретінде: «Оларға дүниеде жасаған жақсылықтары үшін берілетін, әрі оларды шексіз қуанышқа бөлейтін, қандай құпия сый-сияпаттың бар екенін ешбір жан білмейді» деген аятты оқысаңдар жеткілікті болады», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “Для Моих праведных рабов Я приготовил дивные дары, которых не видел ни один глаз, о которых не слышало ни одно ухо и которые даже не приходили на ум ни одному человеку”» (Аль-Бухари: 3244; Муслим: 7132; Ахмад: 10017).

В качестве подтверждения этого Абу Хурайра сказал: «Достаточно прочитать аят: “Ни одна душа не знает, какие сокровенные дары, наполняющие их безграничной радостью, уготованы им за добрые дела, совершённые ими в этом мире” (сура “Ас‑Саджда”, 32:17)».

1884
Риядус-салихин, № 1884Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَّلُ زُمْرَةٍ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ عَلَى أشَدِّ كَوْكَبٍ دُرِّيٍّ فِى السَّمَاءِ إِضَاءةً، لَا يَبُولُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ، وَلَا يَتْفُلُونَ، وَلَا يَمْتَخِطُونَ. أمْشَاطُهُمُ الذَّهَبُ، وَرَشْحُهُمُ الْمِسْكُ، وَمَجَامِرُهُمُ الْأُلُوَّةُ – عُودُ الطِّيبِ – أَزْوَاجُهُمُ الْحُورُ الْعيْنُ، عَلَى خَلْقِ رَجُلٍ وَاحِدٍ، عَلَى صُورَةِ أَبِىهِمْ آدَمَ سِتُّونَ ذِرَاعًا فِى السَّمَاءِ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

وَفِى رِوَايَة الْبخارِى ومسلم: «آنِيَتُهُمْ فِيهَا الذَّهَبُ، وَرَشْحُهُمُ الْمِسْكُ. وَلِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمْ زَوْجَتَانِ يُرَى مُخُّ سَاقِهِمَا مِنْ وَرَاءِ اللَّحْمِ مِنَ الْحُسْنِ، لَا اخْتِلَافَ بَيْنَهُمْ، وَلَا تَبَاغُضَ، قُلُوبُهُمْ قَلْبُ وَاحِدٍ، يُسَبِّحُونَ اللَّهَ بُكْرَةً وَعَشِيًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Жаннатқа алғаш болып кіретін топ бейне бір толған айдай жарқырап кіреді. Олардан кейін кіретіндер аспандағы ең жарық жұлдыздай жарқыраған күйде кіреді. Олар онда кіші және үлкен дәрет сындырмайды, қақырып-түкірмейді және сіңбірмейді. Тарақтары алтыннан болады. Денелерінен шығатын терлері хош иісті миск іспеттес. Хош иіс шығаратын табаларында хош иісті бұтақ (яғни, жұмақтың ең жұпар ағашының бұтағы) болады, әйелдері хор қыздары болады. Ондағы ер адамдардың барлығы бірдей аталары Адамның бейнесінде болып, бойлары біркелкі алпыс зирағ (шынтақ) болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3245, Муслим: 7147, Ахмад: 7152).

Имам Бұхари мен имам Муслим келтірген басқа бір риуаятта: «Олардың ондағы ыдыстары алтыннан болады. Денелерінен шығатын терлері мисктей жұпар болады. Әрбірінің (хор қыздарынан) қос-қостан жұбайлары болады және олардың сұлулығы соншалық, бұлшық етінің арғы жағындағы балтыр жілігінің майы көрініп тұрады. Жаннаттықтар арасында келіспеушілік те, бір-біріне деген дұшпандық та болмайды. Жүректері бейнебір бір кісінің жүрегіндей бірге соғады. Ертелі-кеш тасбих айтып, Алланы дәріптеумен болады», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Первая группа войдёт в рай, сияя подобно полной луне. Те, кто войдёт вслед за ними, будут сиять подобно самой яркой звезде на небе. Там они не будут ни мочиться, ни испражняться, ни отхаркиваться, ни сплёвывать, ни сморкаться.

Их гребни будут из золота, а пот, выделяющийся из их тел, будет благоухать мускусом. В их курильницах будут благоухать ароматные ветви (то есть ветви самого благоухающего дерева рая). Их жёнами будут гурии. Все мужчины там будут одного облика – облика их праотца Адама – и одного роста – шестьдесят зира (локтей)» (Аль-Бухари: 3245; Муслим: 7147; Ахмад: 7152).

В другой версии, приведённой имамами аль-Бухари и Муслимом, сказано: «Их сосуды в раю будут из золота, а пот, выделяющийся из их тел, будет благоухать мускусом. У каждого будет по две супруги (из числа гурий), и столь прекрасны они будут, что сквозь мышцы их ног будет виден костный мозг голеней.

Между обитателями рая не будет ни разногласий, ни взаимной вражды. Их сердца будут едины, словно сердце одного человека. Утром и вечером они будут произносить тасбих, славя Аллаха».

Түсіндірме (қазақша)

Жұмақтағы хор қыздарының сұлулығы соншалық, тұла бойлары мөп-мөлдір болады. Әрине, бұл о дүниенің өлшемдеріне сай сұлулық болса керек, оның ақиқатын бұл дүниедегі шектеулі ой-қиялмен пайымдап, түсіну мүмкін емес. Өйткені физикалық заңдылықтармен шектелген бұл дүниенің өлшемдері мен о дүниенің шексіз заңдылықтары мен өлшемдерін салыстыру еш мүмкін емес. Сол үшін Алла елшісі о дүниенің нығметтерін тілге тиек еткенде: «Жаннатта көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының ой-қиялына да кіріп-шықпаған нығметтер болады», – деген. Міне, осыдан-ақ о дүниенің өлшемдерінің мүлдем басқаша екенін аңғаруға болады.

Түсіндірме (орысша)

Красота райских гурий будет столь велика, что их тела будут совершенно прозрачными. Такая красота, по-видимому, соответствует меркам мира иного, и земные разум и воображение в силу своей ограниченности не способны постичь и понять её истинную природу. Ведь невозможно сравнивать мерки этого мира, ограниченного физическими законами, с безграничными законами и мерками мира иного.

Поэтому Посланник Аллаха ﷺ, упоминая о благах будущей жизни, сказал: «В раю есть блага, которых не видел глаз, о которых не слышало ухо и которые даже не возникали в человеческом воображении». Уже из этого можно понять, что мерки мира иного совершенно отличаются от земных.

1885
Риядус-салихин, № 1885Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنْ الْمغيرةِ بْنِ شعبة عَنْ رسُولِ اللَّه ﷺ قَالَ: «سألَ مُوسَى ﷺ رَبَّهُ: ما أدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: هُوَ رَجُلٌ يَجِيءُ بَعْدَ مَا أُدْخِلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ، فَيُقَالُ لَهُ: ادْخُلِ الْجَنَّةَ. فَيَقُولُ: أيْ رَبِّ، كَيْفَ وَقَدْ نَزَلَ النَّاسُ مَنَازِلَهُمْ، وأَخَذُوا أَخَذَاتِهِمْ؟ فَيُقَالُ لَهُ: أَتَرْضَى أَنْ يَكُونَ لَكَ مِثْلُ مُلْكِ مَلِكٍ مِنْ مُلُوكِ الدُّنْيَا؟ فَيقُولُ: رَضِيْتُ رَبِّ، فَيقُولُ: لَكَ ذَلِكَ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ وَمِثْلُهُ، فَيقُولُ فِى الْخامِسَةِ. رَضِيْتُ رَبِّ، فَيقُولُ: هذَا لَكَ وَعَشَرَةُ أَمْثَالِهِ، وَلَكَ مَا اشْتَهَتْ نَفْسُكَ، وَلَذَّتْ عَيْنُكَ. فَيقُولُ: رَضِيتُ رَبِّ. قَالَ: رَبِّ فَأَعْلَاهُمْ مَنْزِلَةً؟ قَالَ: أُولَئِكَ الَّذِينَ أَرَدْتُ؛ غَرَسْتُ كَرَامَتَهُمْ بِيَدِى، وَخَتَمْتُ عَلَيْهَا، فَلَمْ تَرَ عَيْنٌ، وَلَمْ تَسْمَعْ أُذُنٌ، وَلَمْ يَخْطُرْ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғба (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мұса ﷺ Раббысынан: «Жаннаттықтардың ең төменгі дәрежелісі кім болады?» – деп сұрағанында, Алла: «Барлық жаннаттықтар жаннатқа кіргізілгеннен кейін келетін кісінің дәрежесі ең төменгі болады. Оған: «Жаннатқа кір!» – делінгенде, ол: «Уа, Раббым! Қалай болады екен, адамдардың барлығы өз жайларына жайғасып, алатындарын алып қойған ғой?» дейді. Сонда оған: «Саған дүниедегі патшалардың бірінің мүлкіндей мүлік берілсе, риза боласың ба?» – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разы болдым!» – дейді. Алла оған: «Ендеше сол сенікі болсын және дәл сол сияқты тағы біреу, тағы біреу, тағы біреу, тағы біреу», – деп бесіншісіне келгенде әлгі адам: «Уа, Раббым, разы болдым!» – дейді. Сонда оған: «Осының бәрі және соның он есесі сенікі болсын, сондай-ақ жаның қалаған және көзіңе түсіп, ұнаған барлық нәрсе сенікі», – дейді. Сонда ол: «Уа, Раббым, разы болдым!» дейді», – деген. Содан соң Мұса пайғамбар: «Уа, Раббым! Ал ең жоғары дәрежелісі кім болады?» – деп сұрағанда, Алла оған: «Олар Менің арнайы таңдап алғандарым. Олардың сый-сияпаттарын арнайы Өзім дайындап, ешкім көрмеу үшін мөрлеп тастадым. Оларға дайындаған нығметтерімді көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адам баласының «жүрегіне» де (ақыл-ойы мен қиялына да) кіріп-шықпаған!» – деп айтты», – деген (Муслим: 465).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Муса ﷺ спросил своего Господа: “Кто из обитателей рая будет занимать самое низкое положение?” Аллах ответил: “Это будет человек, который придёт после того, как все остальные обитатели рая уже войдут в него. Ему скажут: ‘Войди в рай!’ Он ответит: ‘О мой Господь! Как же это возможно, если все люди уже заняли свои места и получили всё, что им полагалось?’

Тогда ему скажут: ‘Будешь ли ты доволен, если тебе даруют владения, равные владениям одного из земных царей?’ Он ответит: ‘О мой Господь, я доволен!’ Аллах скажет ему: ‘Пусть это будет твоим, и ещё столько же, и ещё столько же, и ещё столько же, и ещё столько же’. Когда будет названо пятое такое владение, человек воскликнет: ‘О мой Господь, я доволен!’

Тогда ему скажут: ‘Пусть всё это и ещё десять раз по столько будет твоим! Тебе также принадлежит всё, чего пожелает твоя душа и что увидят и полюбят твои глаза’. И он скажет: ‘О мой Господь, я доволен!’”

Затем пророк Муса спросил: “О мой Господь! А кто будет занимать самое высокое положение?” Аллах ответил ему: “Это те, кого Я особо избрал. Я Сам приготовил для них награды и запечатал их, чтобы никто не увидел. Благ, уготованных Мною для них, не видел ни один глаз, о них не слышало ни одно ухо, и они не возникали даже в человеческом ‘сердце’ (в разуме и воображении)!”» (Муслим: 465).

1886
Риядус-салихин, № 1886Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّى لأَعْلَمُ آخِرَ أَهْلِ النَّارِ خُرُوجًا مِنْهَا، وَآخِرَ أَهْلِ الْجَنَّةِ دُخُولًا الْجَنَّةَ. رَجُلٌ يَخْرُجُ مِنَ النَّارِ حَبْوًا، فَيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى له: اذْهَبْ فادْخُلِ الْجَنَّةَ، فَيَأْتِيهَا، فَيُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهَا مَلأَى، فَيَرْجِعُ، فَيقُولُ: يَا رَبِّ وَجَدْتُهَا مَلأَى ‍! فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى له: اذْهَبْ فَادْخُلِ الْجَنَّةَ، فيأتِيهَا، فَيُخيَّلُ إِليهِ أَنَّهَا مَلأى، فيَرْجِعُ. فَيَقولُ: يَا رَبِّ وَجَدْتُهَا مَلأى، فيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى لَهُ: اذهبْ فَادخُلِ الْجنَّةَ. فَإِنَّ لَكَ مِثْلَ الدُّنْيَا وَعَشرَةَ أَمْثَالِهَا؛ أوْ إِنَّ لَكَ مِثْلَ عَشرَةِ أَمْثَالِ الدُّنْيَا، فَيقُولُ: أتَسْخَرُ بِى، أَوْ تَضْحَكُ بِى وَأَنْتَ الْمَلِكُ» قَالَ: فَلَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ضَحِكَ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ فَكَانَ يَقُولُ: «ذَلِكَ أَدْنَى أَهْلِ الْجَنَّةِ مَنْزِلَةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен тозаққа кіріп-шығатындардың ішінен ең соңғы болып шығатын адамды, яғни, жұмаққа ең соңғы болып кіретін адамды жақсы білемін. Бір адам тозақтан жер бауырлап шығады. Сонда құдіреті күшті Алла Тағала оған: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Әлгі адам жұмаққа барғанда, ол жер оған аузы-мұрнынан шығып тұрғандай боп көрінеді. Содан ол кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Құдіреті күшті Алла Тағала оған тағы да: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Жұмаққа келсе, әуелгідей аузы-мұрнынан шығып тұрғандай боп көрінеді. Сөйтіп ол тағы да кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Құдіреті күшті Алла Тағала оған үшінші рет: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Жұмаққа келсе, алғашқыдай аузы-мұрнынан шығып тұрғандай көрінеді. Сөйтіп, ол тағы да кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Сол кезде Алла Тағала оған: «Бар да жұмаққа кір. Жұмақта саған кеңдігі дүниедей және одан он есе үлкен (немесе дүниеден он есе кең) жер беріледі», – деп айтады. Сонда әлгі бейшара (мұндай тосын сыйды естігенде, өз құлағына өзі сенбей, сасқан күйде): «Уа, Раббым! Сен әлемдердің жалғыз Билеушісі бола тұра мені мазақтап (немесе мені күлкі қылып) тұрсың ба?» – дейді», – деген». Ибн Масғуд (р.а.): «Сол кезде Алла елшісінің ﷺ: «Міне, жұмаққа кіргендердің ең төменгі дәрежелісі сол болады», – деп азу тістері көрінетіндей ақсия күлгеніне куә болдым», – деген (Бұхари: 6571, Муслим: 461, Ахмад: 3595).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Воистину, я хорошо знаю человека, который последним выйдет из ада, то есть последним войдёт в рай. Этот человек выползет из ада, прижимаясь к земле. Тогда Всемогущий и Великий Аллах повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он подойдёт к раю, но ему покажется, что тот переполнен до отказа. Тогда он вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”.

Всемогущий и Великий Аллах вновь повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он снова подойдёт к раю, но тот, как и прежде, покажется ему переполненным до отказа. Тогда он вновь вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”.

Всемогущий и Великий Аллах в третий раз повелит ему: “Ступай и войди в рай”. Он подойдёт к раю, но тот опять покажется ему переполненным до отказа. Тогда он снова вернётся и скажет: “О Господь мой! Рай переполнен”».

Тогда Аллах Всевышний скажет ему: «Ступай и войди в рай. Там тебе будет даровано пространство величиной с весь этот мир и ещё в десять раз больше (или пространство в десять раз обширнее этого мира)». Услышав о таком неожиданном даре, этот бедняга, не веря собственным ушам и растерявшись, скажет: «О Господь мой! Неужели Ты, будучи единственным Владыкой миров, насмехаешься надо мной (или выставляешь меня на посмешище)?»

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал, что он видел, как Посланник Аллаха ﷺ, сказав: «Таков будет тот, кто займёт самое низкое положение среди вошедших в рай», – рассмеялся так широко, что показались его коренные зубы (Аль-Бухари: 6571; Муслим: 461; Ахмад: 3595).

1887
Риядус-салихин, № 1887Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ لِلمُؤْمِنِ فِى الْجَنَّةِ لَخَيْمَةً مِنْ لُؤْلُؤَةٍ وَاحِدَةٍ مُجَوَّفَةٍ طُولُها فِى السَّمَاءِ سِتُّونَ مِيلًا. لِلمُؤْمِنِ فِيهَا أَهْلُونَ يَطُوفُ عَلَيْهِمُ الْمُؤْمِنُ فَلَا يَرَى بَعْضُهُمْ بَعْضًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннатта мүміннің аспанмен таласқан биіктігі алпыс миль1 болатын іші қуыс алып інжуден үйі болады. Ішінде мүміннің кезек-кезек аралап, барып тұратын жұбайлары болады. (Інжу үйдің кеңдігі соншалық) олар бір-бірін көрмейді», – деген (Бұхари: 3243, Муслим: 7158).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В раю у верующего будет шатёр из одной огромной полой жемчужины, возвышающийся к небу на шестьдесят миль1. В нём будут находиться его жёны, которых он станет посещать поочерёдно. (Жемчужный шатёр будет настолько просторным, что) они не будут видеть друг друга» (Аль-Бухари: 3243; Муслим: 7158).

  1. 1Бір миль – алты мың шынтақ болатын қашықтық өлшемі.
  1. 1Миля – мера расстояния, равная шести тысячам локтей.
1888
Риядус-салихин, № 1888Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِى الْجَنَّةِ شَجَرَةً يَسِيرُ الرَّاكبُ الْجَوَادَ الْمُضَمَّرَ السَّرِيعَ مِئَةَ سَنَةٍ مَا يَقْطَعُها» وروياه فِى الصحيحين أيضًا من رواية أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: «يَسيرُ الرَّاكِبُ فِى ظِلِّها مئةَ سَنَةٍ مَا يَقْطَعُها»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннатта бір ағаш бар. Сүмбідей жараған жүйрік атқа мінген адам (сол ағаштың саясында) жүз жыл шапса да, одан асып кете алмайды», – деген (Бұхари: 6553, Муслим: 7139, Ахмад: 9243).

Имам Бұхари мен имам Муслимнің сахих хадистер жинағындағы Әбу Һурайраның (р.а.) риуаятында: «Салт атты адам сол ағаштың көлеңкесімен жүз жыл шапса да, одан аса алмайды», – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал слова Пророка ﷺ о том, что в раю есть дерево. Даже если всадник на превосходно подготовленном резвом скакуне будет скакать сто лет (под сенью этого дерева), он всё равно не сможет выехать за её пределы (Аль-Бухари: 6553; Муслим: 7139; Ахмад: 9243).

В версии Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), приведённой в сборниках достоверных хадисов имамов аль-Бухари и Муслима, сказано: «Даже если всадник будет скакать под сенью этого дерева сто лет, он всё равно не сможет выехать за её пределы».

1889
Риядус-салихин, № 1889Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ مِن فَوْقِهِمْ كَمَا تَرَاءوْنَ الْكَوْكَبَ الدُّرِّيَّ الْغَابِرَ فِى الْأُفُق مِنَ الْمَشْرِقِ أَوْ الْمَغْرِبِ لِتَفَاضُلِ مَا بَيْنَهُمْ» قَالُوا: يَا رَسُول اللَّه؛ تِلْكَ مَنَازِلُ الْأنبياء لَا يَبْلُغُها غَيْرُهُمْ قَالَ: «بَلَى وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، رِجَالٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الْمُرْسَلِينَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағидтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмақтықтар араларындағы артықшылыққа байланысты өздерінен жоғарыда тұратын зәулім сарайлардың тұрғындарын, бейне бір, сендердің шығыс немесе батыс жақта жарқыраған алыс жұлдызды көріп, тамашалағандарыңдай ұзақтан қызықтайтын болады», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Аталмыш мекен өзге ешкім жете алмайтын пайғамбарлар тұрағы ма?» – деп сұрады. Сонда ол: «Әрине. Әйтсе де, жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Сол мекенге жету бақыты Аллаға шынайы түрде иман етіп, Оның елшілерін растағандарға да нәсіп болады», – деп жауап берді» – делінген. (Бұхари: 3256, Муслим: 7144, Ахмад: 8471).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “Обитатели рая будут издалека любоваться жителями возвышающихся над ними величественных дворцов, подобно тому как вы смотрите на далёкую сияющую звезду на востоке или западе, – настолько будут различаться их степени”.

Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Неужели эти обители предназначены для пророков и никто другой не сможет их достичь?” Он ответил: “Нет! Клянусь Аллахом, в Чьей длани находится моя душа, счастья достичь этих обителей удостоятся и те, кто искренне уверовал в Аллаха и признал истинность Его посланников”» (Аль-Бухари: 3256; Муслим: 7144; Ахмад: 8471).

1890
Риядус-салихин, № 1890Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَقَابُ قَوْسٍ فِى الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِمَّا تَطْلُعُ عَلَيْهِ الشَّمْسُ أَوْ تَغْرُبُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттағы садақтың жартысындай ғана болған бір қарыс жердің өзі бұл дүниедегі шығып-батқан күннің сәулесі түскен барлық нәрседен қайырлы», – деген (Бұхари: 2793; Муслим: 4876, Ахмад: 10270).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Даже одна пядь земли в раю, равная всего лишь половине лука, лучше всего в этом мире, что освещают лучи восходящего и заходящего солнца» (Аль-Бухари: 2793; Муслим: 4876; Ахмад: 10270).

1891
Риядус-салихин, № 1891Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِى الْجَنَّةِ سُوقًا يَأْتُونَهَا كُلَّ جُمُعَةٍ. فَتَهُبُّ رِيحُ الشَّمَالِ، فَتَحْثُو فِى وُجُوهِهِم وَثِيَابِهِمْ، فَيَزدَادُونَ حُسنًا وَجَمَالًا فَيَرْجِعُونَ إِلَى أَهْلِيهِمْ، وَقَد ازْدَادُوا حُسْنًا وَجَمَالًا، فَيقُولُ لَهُمْ أَهْلُوهُمْ: وَاللَّهِ لقدِ ازْدَدْتُمْ حُسْنًا وَجَمَالًا! فَيقُولُونَ: وَأنْتُمْ وَاللَّهِ لَقَدِ ازْدَدْتُمْ بَعْدَنَا حُسْنًا وَجَمالًا!»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннатта бір жәрмеңке бар. Жаннаттықтар оған әр жұма сайын барады. Сонда солтүстіктен самал жел есіп, жүздері мен киімдеріне тигенде, олар одан сайын көрікті һәм сұлу бола түседі. Сөйтіп олар одан сайын көрікті һәм сұлу болған күйде жұбайларына оралғанда, жұбайлары оларға: «Алланың атымен ант етейік, сендер одан сайын көрікті һәм сұлу болып кетіпсіңдер», – дейді. Сонда олар да жұбайларына: «Алланың атымен ант етейік, біз кеткен соң сендер де одан сайын көрікті һәм сұлу болып кетіпсіңдер», – деп айтады», – деген (Муслим: 7146).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В раю есть ярмарка, которую обитатели рая будут посещать каждую пятницу. Там с севера повеет лёгкий ветерок и коснётся их лиц и одежд, отчего они станут ещё прекраснее и привлекательнее. Когда они вернутся к своим супругам, став ещё прекраснее и привлекательнее, те скажут им: “Клянёмся Аллахом, вы стали ещё прекраснее и привлекательнее!” Тогда они ответят своим супругам: “Клянёмся Аллахом, за время нашего отсутствия вы тоже стали ещё прекраснее и привлекательнее!”» (Муслим: 7146).

1892
Риядус-салихин, № 1892Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَراءونَ الْغُرَفَ فِى الْجَنَّةِ كَمَا تَتَرَاءونَ الْكَوكَبَ فِى السَّمَاءِ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттықтар (яғни, жаннаттың төменгі деңгейіндегілер) пейіштің құзар биігіндегі сарайларды1 сендердің бейне бір көк жүзіндегі жұлдыздарды тамашалағандарың сияқты алыстан тамашалайды», – деп айтқан (Бұхари: 6555, Муслим: 7141, Ахмад: 22876).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Обитатели рая (то есть находящиеся на его нижних ступенях) будут издалека созерцать дворцы, возвышающиеся в высях рая1, подобно тому как вы созерцаете звёзды на небосводе» (Аль-Бухари: 6555; Муслим: 7141; Ахмад: 22876).

  1. 1Жаннаттың ең жоғарғы дәрежесі болған пейіштің төріндегі елші-пайғамбарларға арналған мәртебелі сарайлар.
  1. 1Величественные дворцы на самой высокой ступени рая, предназначенные для пророков и посланников.
1893
Риядус-салихин, № 1893Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

وَعَنْهُ قَالَ: شَهِدْتُ مِنَ النَّبِيّ ﷺ مَجْلِسًا وَصَفَ فِيهِ الْجَنَّةَ حَتَّى انْتَهَى، ثُمَّ قَالَ فِى آخِرِ حَدِيثِهِ: «فِيهَا مَا لَا عَينٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلى قَلْبِ بَشَرٍ» ثُمَّ قَرَأَ: «تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ [إِلَى قوله تَعَالَى: «فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ» السجدة: 16 – 17

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыздың ﷺ жаннатты жан-жақты сипаттаған бір отырысында мен де болған едім. Сонда Пайғамбарымыз сөзінің соңында былай деген еді: «Онда көз көрмеген, құлақ естімеген және адам баласының «жүрегіне» де (ақыл-ойы мен қиялына) да кіріп-шықпаған нығметтер болады», – деді де, мына аятты оқыды: «Олар түн ішінде жылы төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорыққан, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалынып-жалбарынып дұға етеді. Сондай-ақ, өздеріне ризық-несібе ретінде берген нығметтеріміздің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды. Дүниеде істеген игі істері үшін оларды (ақыретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый-сияпаттың, нендей тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді» (Сәжде сүресі, 16-17-аят)», – деп айтқан (Муслим: 7135, Ахмад: 22826).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я присутствовал на собрании, во время которого Пророк ﷺ подробно и всесторонне описывал рай. В завершение своей речи он сказал: “Там будут блага, которых не видел глаз, о которых не слышало ухо и которые даже не возникали в человеческом ‘сердце’ (в его разуме и воображении)”.

Затем он прочитал следующие аяты: “Они среди ночи покидают свои тёплые ложа и с мольбой взывают к своему Господу, с одной стороны, страшась гнева (Аллаха), а с другой – надеясь на Его безграничную милость. Они также расходуют на благие дела часть тех благ, которыми Мы наделили их в качестве пропитания. Ни одна душа не знает, какие сокровенные дары и неожиданные блага, радующие их взоры и наполняющие их счастьем (в мире вечном), хранятся (сокрыты) для них в награду за добрые деяния, совершённые ими в этом мире” (сура “Ас‑Саджда”, 32:16–17)» (Муслим: 7135; Ахмад: 22826).

1894
Риядус-салихин, № 1894

عَنْ أَبِى سعيد وأبي هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا دَخَلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ يُنَادِى مُنَادٍ: إِنَّ لَكُمْ أَنْ تَحْيَوْا، فَلَا تَمُوتُوا أَبَدًا، وإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَصِحُّوا، فلا تَسْقَمُوا أبدًا، وإِنَّ لَكمْ أَنْ تَشِبُّوا فلا تَهْرَمُوا أبدًا، وإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَنْعَمُوا، فَلَا تَبْأسُوا أَبَدًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид және Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жұмақтықтар өздерінің мәңгілік тұрағы болған жаннатқа кіргенде, жар салушы (періште) оларға: «Сендер бұдан былай өлімнің не екенін білмей мәңгілік ғұмыр кешесіңдер. Еш уақытта ауырып-сырқамай әрдайым сау-сәлеметте боласыңдар, әсте қартаймай мәңгі уылжыған жас боп қаласыңдар, сондай-ақ ешқашан бәле-жалаға ұшырамастан бақытқа бөленіп, мәңгі-бақи шалқып өмір сүресіңдер», – деп үн қатады» – делінген. (Муслим: 7157, Ахмад: 11066).

Орысша аудармасы

Абу Саид и Абу Хурайра (да будет доволен ими Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда обитатели рая войдут в рай – свою вечную обитель, – глашатай (ангел) возвестит им: “Отныне вы будете жить вечно, не ведая смерти. Вы всегда будете здоровы и никогда не заболеете. Вы навеки останетесь в цветущей молодости и никогда не состаритесь. Вы будете вечно пребывать в счастье и благоденствии, и никакие беды и несчастья никогда вас не постигнут”» (Муслим: 7157; Ахмад: 11066).

1895
Риядус-салихин, № 1895Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أدْنَى مَقْعَدِ أَحَدِكُمْ مِن الْجَنَّةِ أَنْ يَقُولَ لَهُ: تَمَنَّ، فَيَتَمَنَّى وَيَتَمَنَّى فَيقُولُ لَهُ: هَلْ تَمَنَّيتَ؟ فيَقُولُ: نَعَمْ، فيقُولُ لَهُ: فَإِنَّ لَكَ ما تَمَنَّيتَ وَمِثْلَهُ مَعَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттағы ең төменгі дәрежеде болған біріңе Алла: «Тілегіңді айт!» – дейді. Ол тілеген үстіне тілейді. Содан оған: «Бар тілегіңді айтып болдың ба?» – дегенде, ол: «Иә», – дейді. Сонда оған: «Сол тілеген нәрселеріңе қоса саған тағы дәл сондай нығмет беріледі», – деп айтады», – деген (Муслим: 451, Ахмад: 8168).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому из вас, кто займёт самую низкую ступень в раю, Аллах скажет: “Выскажи свои желания!” И тот станет высказывать одно желание за другим. Затем его спросят: “Все ли свои желания ты высказал?” Он ответит: “Да”. Тогда ему скажут: “Помимо всего, чего ты пожелал, тебе будет даровано ещё столько же благ”» (Муслим: 451; Ахмад: 8168).

1896
Риядус-салихин, № 1896Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ لأَهْلِ الْجَنَّةِ: يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، فَيَقُولُونَ: لَبَّيكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ، وَالخَيْرُ فِى يَدَيْكَ، فَيقُولُ: هَلْ رَضِيتُم؟ فَيقُولُونَ: وَمَا لَنَا لَا نَرْضَى يَا رَبَّنَا وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أحدًا مِنْ خَلْقِكَ، فَيقُولُ: أَلَا أُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيقُولُونَ: وَأيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟ فَيقُولُ: أُحِلُّ عَلَيكُمْ رِضْوَانِى فَلَا أسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أبَدًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «О дүниеде Алла Тағала жаннаттық құлдарына: «Әй, жаннаттық құлдарым!» – дегенде, олар: «Ләббәйк» (алдыңдамыз) Раббымыз! Әміріңе құлдық! Барлық жақсылық Сенің ғана қолыңда!» – деп айтады. Сонда Алла Тағала олардан: «Маған ризасыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Әрине, ризамыз! Шынында, Сен бізге ешбір жаратылысқа нәсіп етпеген ең үлкен нығметті бердің. Саған қалай риза болмаймыз?» – деп тіл қатады. Сонда Алла Тағала: «Сендерге бұдан да үлкен нығмет нәсіп етейін бе?» – дейді. Жаннаттықтар: «Мұнан да үлкен қандай нығмет болуы мүмкін?!» – дейді таңданыстарын жасыра алмай. Сонда Алла Тағала: «Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!» – деп айтады», – деген. (Бұхари: 7518, Муслим: 7198, Ахмад: 11835).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В мире ином Аллах Всевышний обратится к Своим рабам, обитателям рая: “О Мои рабы, обитатели рая!” Они ответят: “Ляббайк (мы пред Тобой), Господь наш! Мы покорны Твоему повелению! Всё благо – только в Твоей Руке!”

Тогда Аллах Всевышний спросит их: “Довольны ли вы Мною?” Они ответят: “О наш Господь! Конечно, мы довольны! Поистине, Ты даровал нам величайшее благо, которого не даровал ни одному из Своих творений. Как же нам не быть довольными Тобой?”

Тогда Аллах Всевышний скажет: “Даровать ли вам благо, ещё более великое, чем это?” Обитатели рая, не скрывая своего удивления, спросят: “Какое же благо может быть ещё более великим?!” Тогда Аллах Всевышний скажет: “Отныне Я всегда буду доволен вами и никогда не разгневаюсь на вас!”» (Аль-Бухари: 7518; Муслим: 7198; Ахмад: 11835).

1897
Риядус-салихин, № 1897Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла

عَنْ جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَنَظَرَ إِلَى الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَرَوْنَ رَبَّكُمْ عَيَانًا كَمَا تَرَوْنَ هَذَا الْقَمَرَ، لَا تُضَامُونَ فِى رُؤْيَتِهِ»

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Ай толған түні Алла елшісімен ﷺ бірге болған едік. Сонда Алла елшісі толған айға қарап тұрып: «Мына айды қалай ап-анық көріп тұрсаңдар, жұмаққа кіргенде, Раббыларыңды да дәл солай бір-бірлеріңе кедергі болмастан ап-анық көресіңдер», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 554, Муслим: 1434, Ахмад: 19190).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в ночь полнолуния мы находились вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Посмотрев на полную луну, он сказал: “Как ясно вы видите эту луну, так же ясно, войдя в рай, вы увидите своего Господа, и никто из вас не будет мешать другому”» (Аль-Бухари: 554; Муслим: 1434; Ахмад: 19190).

1898
Риядус-салихин, № 1898Риуаят етуші: Суһайб

عَنْ صُهيب أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذا دَخَلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ يَقُولُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: تُرِيدُونَ شَيْئًا أَزيدُكُمْ؟ فَيقُولُونَ: ألَمْ تُبَيِّضْ وُجُوهَنَا؟ ألَمْ تُدْخِلْنَا الْجَنَّةَ وَتُنَجِّنَا مِنَ النَّارِ؟ فَيَكْشِفُ الْحِجَابَ، فَمَا أُعْطُوا شَيْئًا أَحَبَّ إِلَيْهِمْ مِنَ النَّظَرِ إِلَى رَبِّهِمْ»

Қазақша аудармасы

Суһайб (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттықтар жаннатқа кіргеннен кейін Алла Табарака уә Тағала оларға: «Сендерге тағы да нығмет бергенімді қалайсыңдар ма?» – дейді. Олар: Онсыз да жүзімізді жарық етпедің бе? Бізді жаннатқа кіргізіп, тозақтан құтқармадың ба? (Бізге бұдан артық қандай нығмет керек?!)», – дейді. Сол кезде Алла Тағала пердені1 ашады. Сонда оларға берілген нығметтердің ең сүйіктісі Раббыларының Жамал-Дидарына қарау болады, олар үшін одан да сүйікті нығмет болмайды», – деген (Муслим: 449, Ахмад: 18935).

Орысша аудармасы

Сухайб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «После того как обитатели рая войдут в рай, Аллах – Благословен Он и Всевышен – спросит их: “Хотите ли вы, чтобы Я даровал вам ещё какое-нибудь благо?” Они ответят: “Разве Ты уже не озарил наши лица светом? Разве Ты не ввёл нас в рай и не спас от ада? (Какое ещё благо может быть нам нужно?!)”

Тогда Аллах Всевышний откроет завесу1. И из всех дарованных им благ самым любимым для них станет созерцание прекрасного Лика своего Господа. Не будет для них блага желаннее этого» (Муслим: 449; Ахмад: 18935).

  1. 1Алланың Жамалын көруге кедергі боп тұрған нұрдан болған перделер
  1. 1Световые завесы, препятствующие лицезрению прекрасного Лика Аллаха.