عَنْ أَبِى سعيد وأبي هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا دَخَلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ يُنَادِى مُنَادٍ: إِنَّ لَكُمْ أَنْ تَحْيَوْا، فَلَا تَمُوتُوا أَبَدًا، وإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَصِحُّوا، فلا تَسْقَمُوا أبدًا، وإِنَّ لَكمْ أَنْ تَشِبُّوا فلا تَهْرَمُوا أبدًا، وإِنَّ لَكُمْ أَنْ تَنْعَمُوا، فَلَا تَبْأسُوا أَبَدًا»
Әбу Сағид және Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жұмақтықтар өздерінің мәңгілік тұрағы болған жаннатқа кіргенде, жар салушы (періште) оларға: «Сендер бұдан былай өлімнің не екенін білмей мәңгілік ғұмыр кешесіңдер. Еш уақытта ауырып-сырқамай әрдайым сау-сәлеметте боласыңдар, әсте қартаймай мәңгі уылжыған жас боп қаласыңдар, сондай-ақ ешқашан бәле-жалаға ұшырамастан бақытқа бөленіп, мәңгі-бақи шалқып өмір сүресіңдер», – деп үн қатады» – делінген. (Муслим: 7157, Ахмад: 11066).
Абу Саид и Абу Хурайра (да будет доволен ими Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда обитатели рая войдут в рай – свою вечную обитель, – глашатай (ангел) возвестит им: “Отныне вы будете жить вечно, не ведая смерти. Вы всегда будете здоровы и никогда не заболеете. Вы навеки останетесь в цветущей молодости и никогда не состаритесь. Вы будете вечно пребывать в счастье и благоденствии, и никакие беды и несчастья никогда вас не постигнут”» (Муслим: 7157; Ахмад: 11066).