Хадис

Риядус-салихин, № 1891

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1891 (қазақша басылым реті)
1891
Риядус-салихин, № 1891Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِى الْجَنَّةِ سُوقًا يَأْتُونَهَا كُلَّ جُمُعَةٍ. فَتَهُبُّ رِيحُ الشَّمَالِ، فَتَحْثُو فِى وُجُوهِهِم وَثِيَابِهِمْ، فَيَزدَادُونَ حُسنًا وَجَمَالًا فَيَرْجِعُونَ إِلَى أَهْلِيهِمْ، وَقَد ازْدَادُوا حُسْنًا وَجَمَالًا، فَيقُولُ لَهُمْ أَهْلُوهُمْ: وَاللَّهِ لقدِ ازْدَدْتُمْ حُسْنًا وَجَمَالًا! فَيقُولُونَ: وَأنْتُمْ وَاللَّهِ لَقَدِ ازْدَدْتُمْ بَعْدَنَا حُسْنًا وَجَمالًا!»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннатта бір жәрмеңке бар. Жаннаттықтар оған әр жұма сайын барады. Сонда солтүстіктен самал жел есіп, жүздері мен киімдеріне тигенде, олар одан сайын көрікті һәм сұлу бола түседі. Сөйтіп олар одан сайын көрікті һәм сұлу болған күйде жұбайларына оралғанда, жұбайлары оларға: «Алланың атымен ант етейік, сендер одан сайын көрікті һәм сұлу болып кетіпсіңдер», – дейді. Сонда олар да жұбайларына: «Алланың атымен ант етейік, біз кеткен соң сендер де одан сайын көрікті һәм сұлу болып кетіпсіңдер», – деп айтады», – деген (Муслим: 7146).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В раю есть ярмарка, которую обитатели рая будут посещать каждую пятницу. Там с севера повеет лёгкий ветерок и коснётся их лиц и одежд, отчего они станут ещё прекраснее и привлекательнее. Когда они вернутся к своим супругам, став ещё прекраснее и привлекательнее, те скажут им: “Клянёмся Аллахом, вы стали ещё прекраснее и привлекательнее!” Тогда они ответят своим супругам: “Клянёмся Аллахом, за время нашего отсутствия вы тоже стали ещё прекраснее и привлекательнее!”» (Муслим: 7146).