Хадис

Риядус-салихин, № 1883

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1883 (қазақша басылым реті)
1883
Риядус-салихин, № 1883Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أعْدَدْتُ لِعِبَادِى الصَّالِحِينَ مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ، وَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: «فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنِ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ» [السجدة: 17»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала: «Ізгі құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ естімеген һәм ешбір адам баласының ойына да кіріп шықпаған керемет сый-сияпат дайындадым», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3244, Муслим: 7132, Ахмад: 10017).

Әбу Һурайра осыған дәлел ретінде: «Оларға дүниеде жасаған жақсылықтары үшін берілетін, әрі оларды шексіз қуанышқа бөлейтін, қандай құпия сый-сияпаттың бар екенін ешбір жан білмейді» деген аятты оқысаңдар жеткілікті болады», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “Для Моих праведных рабов Я приготовил дивные дары, которых не видел ни один глаз, о которых не слышало ни одно ухо и которые даже не приходили на ум ни одному человеку”» (Аль-Бухари: 3244; Муслим: 7132; Ахмад: 10017).

В качестве подтверждения этого Абу Хурайра сказал: «Достаточно прочитать аят: “Ни одна душа не знает, какие сокровенные дары, наполняющие их безграничной радостью, уготованы им за добрые дела, совершённые ими в этом мире” (сура “Ас‑Саджда”, 32:17)».