Хадис

Риядус-салихин, № 251

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
31. Адамдардың арасын жарастыру
Нөмірі
№ 251 (қазақша басылым реті)
251
Риядус-салихин, № 251Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَوْتَ خُصُومٍ بِالبَابِ عَاليةً أصْوَاتُهُمَا، وَإِذَا أَحَدُهُمَا يَسْتَوْضِعُ الآخَر وَيَسْتَرْفِقُهُ فِى شَيْءٍ، وَهُوَ يَقُولُ: واللَّه لَا أفْعَلُ، فَخَرجَ عَلَيْهِمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أيْنَ الْمُتَأَلِّى عَلَى اللَّهِ لَا يَفْعَلُ الْمَعْرُوفَ؟»، فَقَالَ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَلَهُ أَيُّ ذَلِكَ أحَبَّ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ есік алдында жанжалдасып, бір-біріне қатты дауыс көтерген екі кісінің дауысын естіді. Әлгілердің бірі екіншісінен қарызының бір бөлігін кешіп, сәл де болса жанашырлық танытуын сұрап жатыр екен. Ал екіншісі болса: «Аллаға серт! Олай істемеймін!» – деп көнбей жатқан көрінеді. Сонда Алла елшісі шығып, ол екеуіне: «(Бауырына) жақсылық жасамаймын деп, Алланың атымен ант ішіп жатқан кім?» – деді. Сонда әлгі сахаба: «Мен ғой, уа, Расулалла! Жарайды, қалағаны болсын, (кештім)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2705; Муслим: 3983).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ услышал у двери голоса двух людей, громко споривших друг с другом. Один из них просил другого простить ему часть долга и проявить хотя бы немного сострадания. Другой же отказывался, говоря: “Клянусь Аллахом, я этого не сделаю!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ вышел к ним и спросил: “Кто это клянётся именем Аллаха, что не сделает добра (своему брату)?” Тот сподвижник ответил: “Это я, о Посланник Аллаха! Хорошо, пусть будет так, как он хочет (я простил ему долг)”» (Аль-Бухари: 2705; Муслим: 3983).