عَنْ أَبِى الْعباس سهل بْنِ سَعد الساعِدِيّ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَلَغَهُ أَنَّ بَنِى عَمرو بْنِ عَوْفٍ كَانَ بَيْنَهُمْ شَرٌّ، فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصْلِحُ بَينَهُمْ فِى أُنَاس مَعَهُ، فَحُبِسَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَحَانَتِ الصَّلَاة، فَجَاءَ بِلالٌ إِلَى أَبِى بَكْر، فَقَالَ: يَا أَبا بَكْر، إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَدْ حُبِسَ وَحَانَتِ الصَّلَاةُ فَهَلْ لَكَ أَنْ تَؤُمَّ النَّاس؟ قَالَ: نَعَمْ، إِنْ شِئْتَ، فَأقَامَ بِلالٌ الصَّلَاةَ، وتَقَدَّمَ أَبُو بَكْرٍ فَكَبَّرَ وَكَبَّرَ النَّاسُ، وَجَاءَ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَمشي فِى الصُّفُوفِ حَتَّى قَامَ فِى الصَّفِّ، فَأَخَذَ النَّاسُ فِى التَّصْفيقِ، وَكَانَ أَبُو بكرٍ لَا يَلْتَفِتُ فِى الصَّلَاةِ، فَلَمَّا أَكْثَرَ النَّاسُ فِى التَّصْفيقِ الْتَفَتَ، فإِذَا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَأَشَارَ إِلَيْه رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَرَفَعَ أَبُو بَكْر يَدَهُ فَحَمِدَ اللَّهَ، وَرَجَعَ الْقَهْقَرَى وَرَاءهُ حَتَّى قَامَ فِى الصَّفِّ، فَتَقَدَّمَ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَصَلَّى للنَّاسِ، فَلَمَّا فَرَغَ أقْبَلَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: «أيُّهَا النَّاسُ، مَا لَكُمْ حِينَ نَابَكُمْ شَيْءٌ فِى الصَّلَاةِ أَخَذْتُمْ فِى التَّصفيق؟! إِنَّمَا التَّصفيق للنِّساء. مَنْ نَابَهُ شَيْءٌ فِى صَلَاتِهِ فَلْيَقُلْ: سُبْحَانَ اللَّه، فَإِنَّهُ لَا يَسْمَعُهُ أَحَدٌ حِينَ يقُولُ: سُبْحَانَ اللَّه، إِلَّا الْتَفَتَ. يَا أَبَا بَكْر: مَا مَنَعَكَ أَنْ تُصَلِّى بالنَّاسِ حِينَ أشَرْتُ إِلَيْكَ؟»، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: مَا كَانَ يَنْبَغي لابْنِ أَبِى قُحَافَةَ أَنْ يُصَلِّى بالنَّاسِ بَيْنَ يَدَيْ رَسُول اللَّهِ ﷺ
Әбу Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісіне ﷺ Амр ибн Ауф әулетінің ішінде жанжал шыққаны жайлы хабар жетеді. Алла елшісі олардың арасын жарастыру үшін бір топ адаммен жолға шығады. (Алла елшісі бастаған арағайындар келгенде ол жақтағы ел-жұрт оларды қонақ қылып күтеді, сол себепті), Алла елшісі сол жерде біраз уақыт кідіріп қалады. Содан екінті намазының уақыты кіреді, сонда Біләл Әбу Бәкірге (р.а.) келіп: «Уа, Әбу Бәкір! Алла елшісі кідіріп жатыр, намаз уақыты кірді, жамағатқа имам боласыз ба?» – дейді. Әбу Бәкір (р.а.): «Мақұл, қаласаң болайын», – дейді. Біләл (азан шақырып) артынша қамат түсіреді. Әбу Бәкір (р.а.) имамдыққа шығып, тәкбір алып намазды бастайды, адамдар да тәкбір алып оған ұяды. Сол кезде Алла елшісі де жетіп, бірінші сапқа келіп тұрады. Сонда жамағат (Әбу Бәкірге білдіру мақсатында) шапалақтай бастайды. Әбу Бәкір (р.а.) (намазда тұрғанда) ешқайда бұрылып қарамайтын еді. Артындағы жамағат шапалақтауды үдете түскен соң бұрылып қараса, Алла елшісі тұр екен. Алла елшісі оған: «Орныңда тұра бер!» – деп ишарат қылады. Алайда Әбу Бәкір (р.а.) екі қолын жоғары көтеріп, Аллаға мадақ айтып, артқа қарай шегініп, бірінші сапқа тұрады. Алла елшісі алға өтіп, жамағатқа намаз қылдырады. Намаз оқып болған соң жамағатқа бұрылып: «Уа, жарандар! Сендерге не болды, намазда шапалақ соғып кеткендерің не?! Расында, шапалақтау әйелдерге тән. Кімде-кім намазда жөнсіз бір нәрсе байқаса, «Субханаллаһ» деп айтсын, өйткені кез келген адам «Субханаллаһ» дегенді естігенде, оған міндетті түрде бұрылып қарайды», – дейді. Сосын Әбу Бәкірге (р.а.): «Өзіңе тапжылма деп белгі бергенімде, неге жамағатқа намаз қылдыра бермедің?» – дейді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Алла елшісінің алдында намаз оқу Әбу Қухафаның ұлына лайықты емес!» – деп жауап берген (Бұхари: 1234; Муслим: 949; Ахмад: 22807).
Абу Аббас Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланнику Аллаха ﷺ сообщили о ссоре, возникшей среди рода Амра ибн Ауфа. Посланник Аллаха ﷺ вместе с группой людей отправился туда, чтобы примирить враждующие стороны. (Когда посредники во главе с Посланником Аллаха ﷺ прибыли туда, местные жители приняли их как гостей.) Поэтому Посланник Аллаха ﷺ задержался там на некоторое время.
Тем временем наступило время послеполуденной молитвы. Тогда Билял подошёл к Абу Бакру (да будет доволен им Аллах) и сказал: «О Абу Бакр! Посланник Аллаха ﷺ задерживается, а время молитвы уже наступило. Не станешь ли ты имамом для собравшихся?» Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) ответил: «Хорошо, если хочешь, стану». Билял (возвестив азан) затем произнёс икамат. Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) вышел вперёд, чтобы возглавить молитву, произнёс такбир и начал молиться; люди также произнесли такбир и последовали за ним.
В это время прибыл Посланник Аллаха ﷺ и встал в первом ряду. Тогда люди (чтобы дать знать Абу Бакру) начали хлопать в ладони. Абу Бакр (во время молитвы) никогда не оборачивался. Однако, когда стоявшие позади него стали хлопать ещё сильнее, он обернулся и увидел Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ жестом велел ему: «Оставайся на своём месте!» Однако Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) поднял обе руки, воздал хвалу Аллаху, отступил назад и встал в первом ряду. Посланник Аллаха ﷺ вышел вперёд и возглавил общую молитву.
Закончив молитву, он повернулся к собравшимся и сказал: «О люди! Что с вами произошло? Почему вы стали хлопать в ладони во время молитвы?! Поистине, хлопать в ладони подобает женщинам. Если кто-либо заметит во время молитвы нечто неладное, пусть скажет: “Субханаллах”, ведь любой человек, услышав слова “Субханаллах”, непременно обернётся». Затем он спросил Абу Бакра (да будет доволен им Аллах): «Когда я знаком велел тебе оставаться на месте, почему ты не продолжил возглавлять общую молитву?» Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) ответил: «Сыну Абу Кухафы не подобает совершать молитву впереди Посланника Аллаха ﷺ!» (Аль-Бухари: 1234; Муслим: 949; Ахмад: 22807).