عَنْ أمِّ كُلْثُوم بنت عُقْبَة بْنِ أَبِى مُعَيط، قَالَتْ: سمِعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَيْسَ الْكَذَّابُ الَّذِى يُصْلِحُ بَيْنَ النَّاسِ فَيَنْمِى خَيرًا أَوْ يقُولُ خَيْرًا»
وَفِى رِوَايَة مسلم زيادة، قَالَتْ: وَلَمْ أسْمَعْهُ يُرْخِّصُ فِى شَيْءٍ مِمَّا يَقُولُهُ النَّاسُ إِلَّا فِى ثَلَاثٍ، تَعْنِى: الْحَرْبَ، وَالإِصْلَاحَ بَيْنَ النَّاسِ، وَحَدِيثَ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ، وَحَدِيثَ الْمَرْأَةِ زَوْجَهَا
Үммі Кулсум бинт Уқба ибн Әбу Муғит (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Араз адамдарды жарастыру мақсатында жақсы сөзді жеткізген немесе айтқан адам өтірікші емес», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).
Имам Муслимнің жеткізген хадисінде: «(Алла елшісінің) үш жағдайда: яғни, соғыста, (ренжісіп қалған) араз адамдарды жарастыруда және ер адамның әйеліне немесе әйелдің күйеуіне айтатын сөзінде1 болмаса, адамдардың (өтірік) айтуына рұқсат еткенін естімеппін», – деген қосымша сөз айтылған. (Муслим: 1546)
Умм Кульсум бинт Укба ибн Абу Мугит (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не является лжецом тот, кто ради примирения поссорившихся людей передаёт им добрые слова или сам говорит их”» (Аль-Бухари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).
В хадисе, переданном имамом Муслимом, добавлено: «Я не слышала, чтобы (Посланник Аллаха) разрешал людям (лгать), кроме как в трёх случаях: во время войны, при примирении (поссорившихся) людей и в словах, сказанных мужем жене или женой мужу1» (Муслим: 1546).
- 1Яғни, ерлі-зайыптылардың отбасын сақтау, арақатынастарын дұрыстау мақсатында бір-біріне: «мен үшін сенен асқан сүйікті жан жоқ» немесе «сенен асқан сұлу жан жоқ», «маған дәл сен сияқты жақсы жар табылмас» дегендей әсіре мақтау сөздерді айтуына болады.
- 1То есть ради сохранения семьи и улучшения отношений супругам разрешено преувеличенно хвалить друг друга, говоря, например: «Для меня нет никого любимее тебя», «Нет никого красивее тебя», «Мне не найти лучшего супруга, чем ты».