عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أن نَاسًا قَالُوا لَهُ: إِنَّا نَدْخُلُ عَلَى سَلَاطِيننَا فَنَقُولُ لَهُمْ بِخِلَافِ مَا نَتَكَلَّمُ إِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِندِْهِمْ؟ قَالَ ابنُ عُمَرَ: كُنَّا نَعُدُّ هَذَا نِفاقًا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте оған бір топ адам келіп: «Осы біздің хан-сұлтандарымыздың құзырына кіргенде оларға айтатын сөзіміз бен олардың құзырынан шыққан кездегі сөйлейтін сөзіміз екі түрлі болады1», – дегенде, Ибн Омар: «Біз мұны Алла елшісінің ﷺ дәуірінде екіжүзділік деп санайтын едік», – деп айтады (Бұхари: 7178, Ахмад: 5829).
Передаётся, что к Ибн Умару (да будет доволен им Аллах) пришла группа людей и сказала: «Когда мы входим к нашим правителям, мы говорим им одно, а когда выходим от них – другое1». Ибн Умар сказал: «Во времена Посланника Аллаха ﷺ мы считали это лицемерием» (Аль-Бухари: 7178; Ахмад: 5829).
- 1Яғни, өз арамызда айтып жүрген сөздерімізді хан-сұлтандардың құзырына кіргенде айта алмай, басқаша сөйлеп кетеміз.
- 1То есть, входя к правителям, мы не решаемся сказать им то, что говорим между собой, и начинаем говорить иначе.