Хадис

Игі істер атқарғанда риядан сақтану

О необходимости остерегаться совершения благих дел напоказ

Риядус-салихин, 288-тақырып · 5 хадис · № 1618–1622

Хадистер

«وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ» «Әйтпесе оларға хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету бұйырылған еді» («Бәинә»,5-аят).

«لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُمْ بِالمَنِّ وَالْأَذَى كالَّذِى يُنْفِقُ مَالَهُ رِئَاءَ النَّاسِ» «Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын... адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе алған жандарды ренжіту арқылы зая қылмаңдар» («Бақара», 264-аят).

«يُرَاءونَ النَّاسَ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا» «Олар намазға тұрғанда, ерініп әрең тұрады және құлшылықты мүміндерге көз қылып жасайды, әрі Алланы өте аз еске алады» («Ниса», 142-аят).

«Ведь им было велено принять истинную религию, посвятить свою веру единственно лишь Аллаху» (сура «Байина», 98:5).

«Не делайте напрасными ваши пожертвования чванливыми попреками и оскорблениями, уподобляясь тому, кто расходует своё имущество напоказ перед людьми» (сура «Бакара», 2:264).

«Когда они встают на намаз, то встают неохотно и лениво, и молятся они лишь для вида перед людьми. И вспоминают они Аллаха крайне мало» (сура «Ниса», 4:142).

1618
Риядус-салихин, № 1618Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا أغْنَى الشُّرَكَاءِ عَنِ الشِّرْكِ، مَنْ عَمِلَ عَمَلًا أَشْرَكَ فِيهِ مَعِى غَيْرِى تَرَكْتُهُ وَشِرْكَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Алла Тағала: «Мен құлдарымның Маған серік қосуына мұқтаж емеспін. Кімде-кім істеген ісін жалғыз Мен емес, басқалар да көрсін, білсін, естісін деген ниетпен істеп, Маған өзгелерді серік етіп қосатын болса, оны да, Маған серік етіп қосқандарын да керек қылмаймын», – деп айтты», – дегенін естідім», – деген (Муслим: 7475, Ахмад: 8000).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах Всевышний сказал: ‘Я не нуждаюсь в том, чтобы Мои рабы приобщали ко Мне сотоварищей. Кто совершит какое-либо дело с намерением, чтобы не только Я, но и другие увидели его, узнали и услышали о нём, приобщая тем самым ко Мне сотоварищей, – Мне не нужны ни он, ни те, кого он приобщил ко Мне в сотоварищи’”» (Муслим: 7475; Ахмад: 8000).

1619
Риядус-салихин, № 1619Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أَولَ النَّاسِ يُقْضَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَيْهِ رَجُلٌ اسْتُشْهِدَ، فَأُتِيَ بِهِ، فَعَرَّفَهُ نِعْمَتَهُ، فَعَرَفَهَا، قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: قَاتَلْتُ فِيكَ حَتَّى اسْتُشْهِدْتُ. قَالَ: كَذَبْتَ، وَلَكِنَّكَ قَاتَلْتَ لأَنْ يُقَال: جَرِيءٌ! فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ. وَرَجُلٌ تَعَلَّمَ الْعِلْمَ وَعَلَّمَهُ، وَقَرَأَ الْقُرآنَ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ فَعَرَفَهَا. قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: تَعَلَّمْتُ الْعِلْمَ وَعَلَّمْتُهُ، وَقَرَأتُ فِيكَ الْقُرآنَ، قَالَ: كَذَبْتَ، وَلكِنَّكَ تَعَلَّمْتَ لِيُقَالَ: عَالِمٌ! وَقَرَأتَ الْقُرْآنَ لِيُقَالَ: هُوَ قَارِئٌ؛ فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ. وَرَجُلٌ وَسَّعَ اللَّهُ عَلَيْهِ، وَأعْطاهُ مِنْ أصْنَافِ الْمَالِ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ، فَعَرَفَهَا. قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: مَا تَرَكْتُ مِنْ سَبِيلٍ تُحِبُّ أَنْ يُنْفَقَ فِيهَا إِلَّا أنْفَقْتُ فِيهَا لَكَ. قَالَ: كَذَبْتَ، ولكِنَّكَ فَعَلْتَ لِيُقَالَ: جَوَادٌ! فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Қиямет күні адамдардың ішінен Алланың алдында ең алғаш жауапқа тартылатыны – дін жолында қаза тапқан шейіт болады. Оны Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін түгелдей оның есіне салады. Ол болса, бәрін мойындайды. Сонда Раббысы одан: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Сенің жолыңда шейіт болғанша соғыстым», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған: «Өтірік айтасың. Асылында, сен ел-жұрт «батыр» деп айтсын деген оймен соғыстың. Түбінде, солай айтылып, мұратыңа жеттің», – дейді де, азап періштелеріне бұйрық береді. Сонда олар оны етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды.

Содан кейін өмір бойы ілім үйреніп әрі оны басқаларға да үйретіп, асқан шеберлікпен Құран оқыған адамның кезегі келеді. Оны да Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін есіне салады. Ол да бәрін мойындайды. Сонда Раббысы одан: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Сенің разылығың үшін ілім үйреніп әрі оны басқаларға да үйреттім һәм Құран оқыдым», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған да: «Өтірік айтасың. Шынтуайтында, сен ел-жұрт «ғалым, білгір» деп айтсын деген ниетпен ілім үйрендің, әрі «Қандай керемет қари!» деп айтсын деген пиғылмен Құран оқыдың. Нәтижеде, солай айтылып, мұратыңа жеттің», – дейді де, періштелерге бұйрық береді. Періштелер оны да етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды.

Сонан соң кезек Алла Тағала дүниеде жағдайын жақсы қылып, сан алуан байлық нәсіп еткен дәулетті адамға келеді. Оны Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін оның да есіне салады. Ол да бәрін мойындайды. Сонда Раббысы оған: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Өзің берген дүние-мүліктің қай жолда жұмсалуын қаласаң, сол жолдардың бірін қалдырмай Сенің разылығың үшін дүниемді жұмсаудан тартынған жерім жоқ», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған да: «Өтірік айтасың. Негізінде, сен дүниеңді ел-жұрт «қандай жомарт жан еді!» деп айтсын деген ниетпен жұмсадың. Түбінде, солай айтылып, көздегеніңе жеттің», – дейді де, періштелерге бұйрық береді. Олар оны да етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4923, Ахмад: 8277).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения первым из людей, кого призовут к ответу перед Аллахом, будет человек, павший мучеником за веру. Его приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Я сражался на Твоём пути, пока не принял мученическую смерть”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты сражался лишь для того, чтобы люди называли тебя ‘храбрецом’. Так о тебе и сказали, и ты достиг желаемого”. Затем Он отдаст приказ ангелам наказания, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад.

После него настанет черёд человека, который всю жизнь приобретал знания, обучал им других и искусно читал Коран. Его также приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Ради Твоего довольства я приобретал знания, обучал им других и читал Коран”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты приобретал знания лишь для того, чтобы люди говорили о тебе: ‘Он учёный, знаток!’, а Коран читал для того, чтобы они говорили: ‘Какой превосходный чтец Корана!’ Так о тебе и сказали, и ты достиг желаемого”. Затем Он отдаст приказ ангелам, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад.

Затем настанет черёд богатого человека, которому Аллах Всевышний даровал благополучие в земной жизни и наделил всевозможными богатствами. Его приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Я расходовал ради Твоего довольства дарованное Тобой имущество на всех путях, на которых Ты желал, чтобы оно было израсходовано, не оставив ни одного из них”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты расходовал своё богатство лишь для того, чтобы люди говорили: ‘Каким щедрым человеком он был!’ Так о тебе и сказали, и ты достиг своей цели”. Затем Он отдаст приказ ангелам, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад» (Муслим: 4923; Ахмад: 8277).

1620
Риядус-салихин, № 1620Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أن نَاسًا قَالُوا لَهُ: إِنَّا نَدْخُلُ عَلَى سَلَاطِيننَا فَنَقُولُ لَهُمْ بِخِلَافِ مَا نَتَكَلَّمُ إِذَا خَرَجْنَا مِنْ عِندِْهِمْ؟ قَالَ ابنُ عُمَرَ: كُنَّا نَعُدُّ هَذَا نِفاقًا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте оған бір топ адам келіп: «Осы біздің хан-сұлтандарымыздың құзырына кіргенде оларға айтатын сөзіміз бен олардың құзырынан шыққан кездегі сөйлейтін сөзіміз екі түрлі болады1», – дегенде, Ибн Омар: «Біз мұны Алла елшісінің ﷺ дәуірінде екіжүзділік деп санайтын едік», – деп айтады (Бұхари: 7178, Ахмад: 5829).

Орысша аудармасы

Передаётся, что к Ибн Умару (да будет доволен им Аллах) пришла группа людей и сказала: «Когда мы входим к нашим правителям, мы говорим им одно, а когда выходим от них – другое1». Ибн Умар сказал: «Во времена Посланника Аллаха ﷺ мы считали это лицемерием» (Аль-Бухари: 7178; Ахмад: 5829).

  1. 1Яғни, өз арамызда айтып жүрген сөздерімізді хан-сұлтандардың құзырына кіргенде айта алмай, басқаша сөйлеп кетеміз.
  1. 1То есть, входя к правителям, мы не решаемся сказать им то, что говорим между собой, и начинаем говорить иначе.
1621
Риядус-салихин, № 1621

عَنْ جُندب بْنِ عبد اللَّهِ بْنِ سفيان قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ سَمَّعَ سَمَّعَ اللَّه بِهِ، وَمَنْ يُرائِى يُرائِى اللَّهُ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім (игі) ісін ел-жұрт естісін, білсін деген ниетпен істесе, қиямет күні Алла Тағала оның (жымысқы істерін баршаға жар салып) абыройын айрандай төгеді. Сондай-ақ кімде-кім (игі) ісін ел-жұрт көрсін, білсін деп істесе, махшарда Алла Тағала оның (арам пиғылы мен істерін әшкерелеп, барша жаратылысқа көрсету арқылы) қарабет қылады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6499, Муслим: 7477).

Орысша аудармасы

Джундуб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто совершит (благое) дело с намерением, чтобы люди услышали и узнали о нём, того в День воскресения Аллах Всевышний обесславит (во всеуслышание объявив о его тайных злонамеренных деяниях). А кто совершит (благое) дело для того, чтобы люди увидели его и узнали о нём, того на месте всеобщего сбора Аллах Всевышний предаст позору (разоблачив его нечистые намерения и деяния и показав их всем творениям)» (Аль-Бухари: 6499; Муслим: 7477).

1622
Риядус-салихин, № 1622Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَعَلَّمَ عِلْمًا مِمَّا يُبْتَغَى بِهِ وَجْهُ اللَّهِ تَعَالَى لَا يَتَعَلَّمُهُ إِلَّا لِيُصِيبَ بِهِ عَرَضًا مِنَ الدُّنْيَا، لَمْ يَجِدْ عَرْفَ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім құдіреті күшті Алланың разылығы үшін үйренетін ілімді қандай да бір дүниелік нәрсеге қол жеткізу мақсатында ғана үйренетін болса, қиямет күні жаннаттың иісін де сезбейді», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 3664, Ахмад: 8457).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто приобретает знание, которое следует приобретать ради довольства Всемогущего Аллаха, исключительно ради обретения какого-либо мирского блага, тот в День воскресения не ощутит даже благоухания рая» (Абу Дауд: 3664; Ахмад: 8457).