Хадис

Риядус-салихин, № 1619

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
288. Игі істер атқарғанда риядан сақтану
Нөмірі
№ 1619 (қазақша басылым реті)
1619
Риядус-салихин, № 1619Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أَولَ النَّاسِ يُقْضَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَيْهِ رَجُلٌ اسْتُشْهِدَ، فَأُتِيَ بِهِ، فَعَرَّفَهُ نِعْمَتَهُ، فَعَرَفَهَا، قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: قَاتَلْتُ فِيكَ حَتَّى اسْتُشْهِدْتُ. قَالَ: كَذَبْتَ، وَلَكِنَّكَ قَاتَلْتَ لأَنْ يُقَال: جَرِيءٌ! فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ. وَرَجُلٌ تَعَلَّمَ الْعِلْمَ وَعَلَّمَهُ، وَقَرَأَ الْقُرآنَ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ فَعَرَفَهَا. قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: تَعَلَّمْتُ الْعِلْمَ وَعَلَّمْتُهُ، وَقَرَأتُ فِيكَ الْقُرآنَ، قَالَ: كَذَبْتَ، وَلكِنَّكَ تَعَلَّمْتَ لِيُقَالَ: عَالِمٌ! وَقَرَأتَ الْقُرْآنَ لِيُقَالَ: هُوَ قَارِئٌ؛ فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ. وَرَجُلٌ وَسَّعَ اللَّهُ عَلَيْهِ، وَأعْطاهُ مِنْ أصْنَافِ الْمَالِ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ، فَعَرَفَهَا. قَالَ: فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟ قَالَ: مَا تَرَكْتُ مِنْ سَبِيلٍ تُحِبُّ أَنْ يُنْفَقَ فِيهَا إِلَّا أنْفَقْتُ فِيهَا لَكَ. قَالَ: كَذَبْتَ، ولكِنَّكَ فَعَلْتَ لِيُقَالَ: جَوَادٌ! فَقَدْ قِيلَ، ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Қиямет күні адамдардың ішінен Алланың алдында ең алғаш жауапқа тартылатыны – дін жолында қаза тапқан шейіт болады. Оны Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін түгелдей оның есіне салады. Ол болса, бәрін мойындайды. Сонда Раббысы одан: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Сенің жолыңда шейіт болғанша соғыстым», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған: «Өтірік айтасың. Асылында, сен ел-жұрт «батыр» деп айтсын деген оймен соғыстың. Түбінде, солай айтылып, мұратыңа жеттің», – дейді де, азап періштелеріне бұйрық береді. Сонда олар оны етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды.

Содан кейін өмір бойы ілім үйреніп әрі оны басқаларға да үйретіп, асқан шеберлікпен Құран оқыған адамның кезегі келеді. Оны да Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін есіне салады. Ол да бәрін мойындайды. Сонда Раббысы одан: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Сенің разылығың үшін ілім үйреніп әрі оны басқаларға да үйреттім һәм Құран оқыдым», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған да: «Өтірік айтасың. Шынтуайтында, сен ел-жұрт «ғалым, білгір» деп айтсын деген ниетпен ілім үйрендің, әрі «Қандай керемет қари!» деп айтсын деген пиғылмен Құран оқыдың. Нәтижеде, солай айтылып, мұратыңа жеттің», – дейді де, періштелерге бұйрық береді. Періштелер оны да етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды.

Сонан соң кезек Алла Тағала дүниеде жағдайын жақсы қылып, сан алуан байлық нәсіп еткен дәулетті адамға келеді. Оны Алланың алдына алып келгенде, Алла Тағала дүниеде үйіп-төгіп берген нығметтерін оның да есіне салады. Ол да бәрін мойындайды. Сонда Раббысы оған: «Саған осыншама нығметті бергенім рас болса, Мен үшін не істедің?» – деп сұрайды. Ол: «Өзің берген дүние-мүліктің қай жолда жұмсалуын қаласаң, сол жолдардың бірін қалдырмай Сенің разылығың үшін дүниемді жұмсаудан тартынған жерім жоқ», – деп жауап береді. Сол кезде Раббысы оған да: «Өтірік айтасың. Негізінде, сен дүниеңді ел-жұрт «қандай жомарт жан еді!» деп айтсын деген ниетпен жұмсадың. Түбінде, солай айтылып, көздегеніңе жеттің», – дейді де, періштелерге бұйрық береді. Олар оны да етпетімен сүйреп апарып, тозаққа тастайды», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4923, Ахмад: 8277).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения первым из людей, кого призовут к ответу перед Аллахом, будет человек, павший мучеником за веру. Его приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Я сражался на Твоём пути, пока не принял мученическую смерть”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты сражался лишь для того, чтобы люди называли тебя ‘храбрецом’. Так о тебе и сказали, и ты достиг желаемого”. Затем Он отдаст приказ ангелам наказания, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад.

После него настанет черёд человека, который всю жизнь приобретал знания, обучал им других и искусно читал Коран. Его также приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Ради Твоего довольства я приобретал знания, обучал им других и читал Коран”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты приобретал знания лишь для того, чтобы люди говорили о тебе: ‘Он учёный, знаток!’, а Коран читал для того, чтобы они говорили: ‘Какой превосходный чтец Корана!’ Так о тебе и сказали, и ты достиг желаемого”. Затем Он отдаст приказ ангелам, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад.

Затем настанет черёд богатого человека, которому Аллах Всевышний даровал благополучие в земной жизни и наделил всевозможными богатствами. Его приведут к Аллаху, и Аллах Всевышний напомнит ему обо всех благах, которыми щедро одарил его в земной жизни. Тот признает их все. Тогда Господь спросит его: “Раз Я даровал тебе столько благ, что ты сделал ради Меня?” Он ответит: “Я расходовал ради Твоего довольства дарованное Тобой имущество на всех путях, на которых Ты желал, чтобы оно было израсходовано, не оставив ни одного из них”. Тогда Господь скажет ему: “Ты лжёшь. На самом деле ты расходовал своё богатство лишь для того, чтобы люди говорили: ‘Каким щедрым человеком он был!’ Так о тебе и сказали, и ты достиг своей цели”. Затем Он отдаст приказ ангелам, и они поволокут его лицом вниз и бросят в ад» (Муслим: 4923; Ахмад: 8277).