Хадис

Уәде мен келісімді бұзу жайында

О запрете нарушать обещания и договоры

Риядус-салихин, 277-тақырып · 2 хадис · № 1588–1589

Хадистер

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَها: إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ»

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ، وابن عمر، وأنس رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُم– قَالُوا: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لِكُلِّ غادِرٍ لِواءٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، يُقَالُ: هَذِهِ غَدْرَةُ فلانٍ»

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَوْفُوا بِالْْعُقُودِ» «Уа, иман келтіргендер! Келісім шарттарын толық орындаңдар» («Мәида», 1-аят).

«وَأَوْفُوا بِالعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسئُولًا» «Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар!» («Исра», 34-аят).

1586. Абдуллаһ Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мына төрт түрлі сипат кімнің бойында болса, сол нағыз екіжүзді болмақ.221 Ал кімнің бойында сол төрт сипаттың бірі болса, одан арылмайынша, оның бойында екіжүзділікке тән бір сипат болмақ. Нағыз екіжүзді адам – өзіне аманат табысталса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе немесе біреумен келісім жасаса, уәдесін және келісімін бұзады; сондай-ақ, жауласса, шектен шығады», – деп айтқан (Бұхари: 34, Муслим: 58, Ахмад: 6768).

1587. Ибн Масғуд, Ибн Омар және Әнәс (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ: «Қиямет күні келісімді бұзған әрбір опасыз адамға бір-бір ту беріледі де: «Бұл пәленшенің опасыздығы», – деп айтылады», – деген. (Бұхари: 3186, 3178, 3188, Муслим: 4529, 4533, 4536, Ахмад: 3900).

«О те, кто уверовал! Выполняйте условия ваших договоров целиком» (сура «Маида», 5:1).

«Будьте же верны вашим обещаниям, ведь за каждое обещание вы будете призваны к ответу!» (сура «Исра», 17:34).

1588
Риядус-салихин, № 1588Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخدرِيّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لِكُلِّ غَادِرٍ لِوَاءٌ عِنْدَ اسْتِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُرْفَعُ لَهُ بِقَدَرِ غَدْرِهِ، أَلَا وَلَا غَادِرَ أَعْظَمُ غَدْرًا مِنْ أمِيرِ عَامَّةٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қиямет күні уәдесінде тұрмайтын әрбір қиянатшыл, опасыз адамның сауырында бір ту болады. Опасыздығының дәрежесіне қарай әлгі ту жоғары көтеріледі. Біліп қойыңдар, ең үлкен опасыздық пен қиянатқа халықты билеп отырған басшы адам барады», – деп айтты», – деген (Муслим: 4537, Ахмад: 11303).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения у ягодиц каждого коварного и вероломного нарушителя обещаний будет знамя. Оно будет поднято сообразно степени его вероломства. Знайте же: величайшее вероломство и предательство совершает правитель, управляющий людьми» (Муслим: 4537; Ахмад: 11303).

1589
Риядус-салихин, № 1589Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ثَلَاثَةٌ أنا خَصْمُهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: رَجُلٌ أعْطَى بي ثُمَّ غَدَرَ، وَرَجُلٌ بَاعَ حُرًَّا فَأَكَلَ ثَمَنَهُ، وَرَجُلٌ اسْتَأجَرَ أجيرًا، فَاسْتَوْفَى مِنْهُ، وَلَمْ يُعْطِهِ أجْرَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала былай деген: «Мен қиямет күні мына үш түрлі адамның дұшпаны боламын:

1. Менің атыммен ант етіп, содан кейін опасыздық жасаған адам;

2. Азат адамды құлдыққа сатып, соның ақшасын жеген адам;

3. Жұмысшы жалдап, оған жұмысын толық істетіп алған соң, еңбек ақысын бермей қойған адам», – деген (Бұхари: 2270, Ахмад: 8292).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “В Судный день Я буду противником трёх людей:

1. Того, кто поклялся Моим именем, а затем поступил вероломно;

2. Того, кто продал свободного человека в рабство и присвоил вырученные за него деньги;

3. Того, кто нанял работника, получил от него выполненную в полном объёме работу, но не выплатил ему заработную плату”» (Аль-Бухари: 2270; Ахмад: 8292).