Хадис

Риядус-салихин, № 1589

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
277. Уәде мен келісімді бұзу жайында
Нөмірі
№ 1589 (қазақша басылым реті)
1589
Риядус-салихин, № 1589Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ثَلَاثَةٌ أنا خَصْمُهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: رَجُلٌ أعْطَى بي ثُمَّ غَدَرَ، وَرَجُلٌ بَاعَ حُرًَّا فَأَكَلَ ثَمَنَهُ، وَرَجُلٌ اسْتَأجَرَ أجيرًا، فَاسْتَوْفَى مِنْهُ، وَلَمْ يُعْطِهِ أجْرَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала былай деген: «Мен қиямет күні мына үш түрлі адамның дұшпаны боламын:

1. Менің атыммен ант етіп, содан кейін опасыздық жасаған адам;

2. Азат адамды құлдыққа сатып, соның ақшасын жеген адам;

3. Жұмысшы жалдап, оған жұмысын толық істетіп алған соң, еңбек ақысын бермей қойған адам», – деген (Бұхари: 2270, Ахмад: 8292).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Аллах Всевышний сказал: “В Судный день Я буду противником трёх людей:

1. Того, кто поклялся Моим именем, а затем поступил вероломно;

2. Того, кто продал свободного человека в рабство и присвоил вырученные за него деньги;

3. Того, кто нанял работника, получил от него выполненную в полном объёме работу, но не выплатил ему заработную плату”» (Аль-Бухари: 2270; Ахмад: 8292).