Хадис

Жасаған жақсылық пен берген сыйды міндетсіну жайлы

О попрекании оказанным благодеянием и преподнесённым даром

Риядус-салихин, 278-тақырып · 1 хадис · № 1590

Хадистер

«يَا أَيُّها الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُبْطِلُوا صَدَقَاتِكُمْ بِالمَنِّ وَالْأذَى» «Уа, иман келтіргендер! Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын, Аллаға һәм ақырет күніне сенбейтін адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе алған жандарды ренжіту арқылы зая қылмаңдар» («Бақара», 264-аят).

«الَّذِينَ يُنْفِقُونَ أمْوَالَهُمْ فِى سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ لَا يُتْبِعُونَ مَا أنْفَقُوا مَنًّا وَلَا أذىً» «Мал-пұлын Алла жолында жұмсап, соңынан бергенін міндетсінбейтін және алушыны ренжітпейтін жандардың Раббыларының дәргейінде алатын мол сауабы бар» («Бақара», 262-аят).

«О вы, кто уверовал! Не делайте напрасными ваши пожертвования чванливыми попреками и оскорблениями, уподобляясь тому, кто расходует своё имущество напоказ перед людьми и не верует в Аллаха и Судный день» (сура «Бакара», 2:264).

«Тем, кто расходует своё имущество на пути Аллаха и затем не сопровождает свои пожертвования попреками и оскорблениями, уготована обильная награда от их Господа» (сура «Бакара», 2:262).

1590
Риядус-салихин, № 1590Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذَر عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ، وَلَا يُزَكِّيِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَليمٌ» قَالَ: فَقَرَأَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَ مِرارٍ: قَالَ أَبُو ذرٍ: خَابُوا وخَسِرُوا مَنْ هُمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «المُسْبِلُ، والمَنَّانُ، وَالْمُنْفِقُ سِلْعَتَهُ بِالْحَلِفِ الْكَاذِبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қиямет күні Алла Тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді. Оларды (күнәларынан) тазартпайды және оларға (мейіріммен) қарамайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады», – деп үш қайтара айтты. Сонда Әбу Зәрр: «Нағыз соры қайнап, қасіретке ұшырағандар екен. Уа, Расулалла, олар кімдер?» – деп сұрады. Расулалла: «Киімін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен, жасаған жақсылығын міндетсінген және жалған ант ішіп затын сатқан адам», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 293, Ахмад: 21408).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “В День воскресения Аллах Всевышний не заговорит с людьми трёх категорий, не очистит их (от грехов) и не взглянет на них (с милостью), и потому их постигнет мучительное наказание”. Пророк ﷺ повторил эти слова трижды. Тогда Абу Зарр сказал: “Поистине, они несчастны и потерпели тяжкий урон! О Посланник Аллаха, кто они?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Тот, кто из высокомерия волочит свою одежду по земле; тот, кто попрекает людей оказанными им благодеяниями; и тот, кто продаёт свой товар посредством ложных клятв”» (Муслим: 293; Ахмад: 21408).