Хадис

Алдап-арбау мен қулық-сұмдық жайлы

О запрете обмана, мошенничества и коварства

Риядус-салихин, 276-тақырып · 5 хадис · № 1581–1585

Хадистер

«وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ والْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتانًا وإِثْمًا مُبِينًا» «Мүмін ерлерді және мүмін әйелдерді нақақтан-нақақ ренжіткендер қып-қызыл жала жапқан әрі анық күнә арқалаған болады» («Ахзаб», 58-аят).

«Также и те, кто несправедливо оскорбляет верующих мужчин и верующих женщин, понесут бремя клеветы и явного греха» (сура «Ахзаб», 33:58).

1581
Риядус-салихин, № 1581Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَمَلَ عَلَيْنَا السِّلَاحَ فَلَيْسَ مِنَّا، وَمَنْ غَشَّنَا فَلَيْسَ مِنَّا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бізге (яғни, мұсылмандарға) қарсы қолына қару алған бізден емес. Сондай-ақ бізді алдаған адам да біздің қатарымыздан емес», – деп айтты», – деген (Муслим: 283, Ахмад: 8359).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто взял в руки оружие против нас (то есть против мусульман), не из нас. И тот, кто обманул нас, также не из наших рядов» (Муслим: 283; Ахмад: 8359).

1582
Риядус-салихин, № 1582Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَنَاجَشُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Тұтынушыларды белгілі бір затқа қызықтырып, сол затты қымбат бағамен сату мақсатында сатушымен келісіп алып, ел-жұрттың алдында сатып алатын адамдай кейіп танытып, бағаны қолдан өсірмеңдер!1», – деп айтқан (Бұхари: 6066, Муслим: 6536, Ахмад: 10516).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не взвинчивайте цену искусственно, вступая в сговор с продавцом и делая перед людьми вид, будто намереваетесь приобрести товар, чтобы заинтересовать покупателей и продать этот товар по более высокой цене1» (Аль-Бухари: 6066; Муслим: 6536; Ахмад: 10516).

  1. 1Яғни, «мынау керемет екен, мен мұны мынадай бағаға аламын» деп, алатындай кейіп танытып, ел-жұртты еліктіріп, желіктіру арқылы заттың бағасын өсіру.
  1. 1То есть не повышайте цену товара, делая вид, будто намерены купить его, и подогревая интерес покупателей словами вроде: «Какая прекрасная вещь! Я куплю её за такую-то цену».
1583
Риядус-салихин, № 1583Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهى عَن النَّجْشِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ саудада «нәжш»1 жасаудан тыйған деп айтылған (Бұхари: 2142, Муслим: 3819, Ахмад: 4531).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ запретил совершать в торговле «наджш»1 (Аль-Бухари: 2142; Муслим: 3819; Ахмад: 4531).

  1. 1«Нәжш» – белгілі бір тауарды қымбат бағамен сату мақсатында сатушымен келісіп алып, тұтынушы мен сатушының арасына кіріп, өзі сатып алмаса да, сатып алатын адамның кейпін танытып, тауардың бағасын өсіріп, тұтынушының тауарға деген қызығушылығын одан сайын арттыру.
  1. 1Наджш – искусственное повышение цены товара по сговору с продавцом: человек, сам не собираясь покупать товар, вмешивается в торг между продавцом и покупателем, изображает заинтересованного покупателя и тем самым повышает цену и усиливает интерес настоящего покупателя.
1584
Риядус-салихин, № 1584Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ، قَالَ: ذَكَرَ رَجُلٌ لِرَسُولِ اللَّه ﷺ: أَنَّهُ يُخْدَعُ فِى الْبُيُوعِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ بَايَعْتَ، فَقُلْ: لَا خِلَابَةَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бір кісі Алла елшісіне ﷺ келіп, саудада кейбір адамдарға алданып қалатынын айтып, мұңын шақты. Сонда Алла елшісі оған: «Кіммен саудалассаң, «алдап-арбау болмасын» деп ескерт», – деп кеңес берді», – деген (Бұхари: 2117, Муслим: 3860, Ахмад: 5036).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал: «Один человек пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и пожаловался, что некоторые люди обманывают его в торговых сделках. Тогда Посланник Аллаха ﷺ посоветовал ему: “С кем бы ты ни заключал сделку, предупреждай: ‘Пусть не будет никакого обмана’”» (Аль-Бухари: 2117; Муслим: 3860; Ахмад: 5036).

1585
Риядус-салихин, № 1585Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ خَبَّبَ زَوْجَةَ امْرِئٍ أَوْ مَمْلُوكَهُ فَلَيْسَ مِنَّا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Біреудің жарын немесе басыбайлы құлын азғырып алдаған адам біздің қатарымыздан емес», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2175, Ахмад: 9157).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не из нас тот, кто обманом и наущениями настраивает чужую жену против её мужа или раба – против его хозяина» (Абу Дауд: 2175; Ахмад: 9157).