عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلَّا الصِّيَام، فَإِنَّهُ لِى وَأَنَا أجْزِى بِهِ، وَالصِّيَامُ جُنَّةٌ، فَإِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَصْخَبْ فإِنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ: إِنِّى صَائِمٌ. وَالذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أطْيَبُ عِنْدَ اللَّهِ مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ. لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ يَفْرَحُهُمَا: إِذَا أفْطَرَ فَرِحَ بفطره، وَإِذَا لَقِيَ رَبَّهُ فَرِحَ بِصَوْمِهِ».
وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: «يَتْرُكُ طَعَامَهُ، وَشَرَابَهُ، وَشَهْوَتَهُ مِنْ أجْلِى، الصِّيَامُ لِى وَأَنَا أجْزِى بِهِ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا».
وَفِى رِوَايَة لمسلم: «كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ يضاعَفُ، الْحسنةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا إِلَى سَبْعِمِئَةِ ضِعْفٍ. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: إِلَّا الصَّوْمَ فَإِنَّهُ لِى وَأَنَا أجْزِى بِهِ؛ يَدَعُ شَهْوَتَهُ وَطَعَامَهُ مِنْ أجْلِى. للصَّائِمِ فَرْحَتَانِ: فَرْحَةٌ عِنْدَ فِطْرِهِ، وَفَرْحَةٌ عِنْدَ لِقَاءِ رَبِّهِ. وَلَخُلُوفُ فِيهِ أطْيَبُ عِنْدَ اللَّهِ مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: «Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық істері (құлшылықтары) өзіне. Ал оразаның жөні бөлек, өйткені ораза Менің разылығым үшін ұсталады, сондықтан оның қарымын (сауабын) Өзім беремін», – деген. Ораза – (иесін күнәлардан, тозақтан қорғайтын) қалқан. Кім болса да, ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін. Егер оған біреу тіл тигізсе, не болмаса онымен ұстасып, төбелеспек болса, оған: «Менің аузым берік!» – деп ескертсін. Мұхаммедтің жанын уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Ораза ұстаушының аузынан шыққан жағымсыз иіс Алланың құзырында мисктен (хош иісті әтірден) де жұпары болып табылады. Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанда, ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысымен қауышқанда, ораза ұстағаны үшін қуанады», – деп айтты», – деген (Ахмад: 9474).
Имам Бұхаридің риуаятында Алла елшісі ﷺ: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: «Пендем ас-ауқаттан, сусыннан және нәпсісінің қалауларынан тек Мен үшін бас тартады, сондықтан оның қарымын (сауабын) Өзім беремін. Әрбір жақсылыққа он есе сауап жазамын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1904).
Имам Муслимнің риуаятында: «Алла елшісі ﷺ: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы еселенеді. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деген. Ұлылығы шексіз Алла Тағала: «Оразаның жөні бөлек, өйткені ораза тек қана Менің разылығым үшін ұсталады, сондықтан оның қарымын (сауабын) Өзім беремін. Пендем ас-ауқаттан, сусыннан, нәпсісінің басқа да қалауларынан тек Мен үшін бас тартады. Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқандағы қуанышы және Раббысымен қауышқандағы қуанышы. Оның аузының жағымсыз иісі Алланың құзырында мисктің (хош иісті әтірдің) иісінен де хош болып табылады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 2706).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний, Чьё величие безгранично, сказал: “Все дела (виды поклонения) сына Адама – для него самого, кроме поста. Пост же занимает особое положение, ибо его соблюдают ради Моего довольства, поэтому Я Сам дарую за него воздаяние (награду)”. Пост – щит (защищающий постящегося от грехов и ада). Пусть тот, кто соблюдает пост, в день своего поста не произносит дурных слов и ни на кого не повышает голоса. Если кто-нибудь оскорбит его или попытается вступить с ним в драку, пусть скажет ему: “Я соблюдаю пост!” Клянусь Аллахом, в Чьей длани душа Мухаммада! Неприятный запах изо рта постящегося пред Аллахом благоуханнее мускуса (душистого благовония). Постящегося ждут две великие радости: при разговении он радуется тому, что разговелся, а при встрече со своим Господом радуется тому, что соблюдал пост» (Ахмад: 9474).
В версии имама аль-Бухари Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний, Чьё величие безгранично, сказал: “Мой раб отказывается от пищи, питья и желаний своей души только ради Меня, поэтому Я Сам дарую ему воздаяние (награду). За каждое доброе дело Я записываю десятикратную награду”» (Аль-Бухари: 1904).
В версии имама Муслима сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Награда за все благие дела сына Адама приумножается. За каждое доброе дело записывается от десяти до семисот наград». Аллах Всевышний, Чьё величие безгранично, сказал: «Пост же занимает особое положение, ибо его соблюдают только ради Моего довольства, поэтому Я Сам дарую за него воздаяние (награду). Мой раб отказывается от пищи, питья и других желаний своей души только ради Меня. Постящегося ждут две великие радости: радость при разговении и радость при встрече со своим Господом. Неприятный запах из его рта пред Аллахом благоуханнее аромата мускуса (душистого благовония)» (Муслим: 2706).