Хадис

Риядус-салихин, № 1222

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
217. Рамазан айының оразасы
Нөмірі
№ 1222 (қазақша басылым реті)
1222
Риядус-салихин, № 1222Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «صُومُوا لِرُؤْيَتِهِ، وَأفْطِرُوا لِرُؤيَتِهِ، فَإِنْ غَبِيَ عَلَيْكُمْ، فَأكمِلُوا عِدَّةَ شَعْبَانَ ثَلَاثِينَ». وَفِى رِوَايَة لمسلم: «فَإِنْ غُمَّ عَلَيْكُمْ فَصُومُوا ثَلَاثِينَ يَوْمًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жаңа туған айды көргенде, ораза ұстаңдар, ал жаңа туған келесі айды көргенде, ораза ұстауды доғарыңдар. Егер (күн бұлтты болғандықтан, рамазанның) айын көре алмасаңдар, шағбанды отыз күнге толтырып барып, ораза ұстаңдар», – деп айтты», – деген.

Имам Муслимнің риуаятында жоғарыдағы хадиске қосымша ретінде: «Алла елшісі ﷺ: «Ал егер (рамазаннан кейінгі шәууалдың) жаңа айын күн бұлтты болып, көре алмасаңдар, отыз күн ораза ұстаңдар», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 1909, Муслим: 2498, Ахмад: 9556).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Увидев молодой месяц, начинайте поститься, а увидев следующий молодой месяц, прекращайте пост. Если же вы не сможете увидеть молодой месяц рамадана (из-за облачности), доведите число дней шабана до тридцати и затем начинайте поститься».

В версии, переданной имамом Муслимом, к этому хадису добавлено: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “А если из-за облачности вы не сможете увидеть молодой месяц шавваля (наступающего после рамадана), поститесь тридцать дней”» (Аль-Бухари: 1909; Муслим: 2498; Ахмад: 9556).