Хадис

Рамазан айында, әсіресе, соңғы он күнінде жақсылық жасауды барынша арттыру жайында

Об усердии в благих делах в рамадан, особенно в последние десять дней

Риядус-салихин, 218-тақырып · 2 хадис · № 1223–1224

Хадистер

1223
Риядус-салихин, № 1223Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أجْوَدَ النَّاسِ، وَكَانَ أجْوَدَ مَا يَكُونُ فِى رَمَضَانَ حِيْنَ يَلْقَاهُ جِبْرِيلُ، وَكَانَ جِبْرِيلُ يَلْقَاهُ فِى كُلِّ لَيْلَةٍ مِنْ رَمَضَانَ فَيُدَارِسُهُ الْقُرْآنَ، فَلَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ، حِيْنَ يَلْقَاهُ جِبرِيلُ أجْوَدُ بالخَيْرِ مِن الرِّيحِ الْمُرْسَلَةِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ адамдар арасында ең жомарт жан болатын. Рамазан айы туып, Жәбірейіл (а.с.) періштемен жиі жолыққанда, одан өткен мәрт адам болмайтын. Жәбірейіл (а.с.) періште рамазан айының мүбәрак әр түнінде Пайғамбарымызға келіп, екеуі бірге Құран оқитын. Алла елшісі Жәбірейіл (а.с.) періштемен жолыққан кездерінде жер бетіне береке әкелетін желден де жомарт болып кететін еді», – деп айтты (Тирмизи: 688, Ахмад: 9654).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ был самым щедрым из людей. Особенно щедрым он становился с наступлением рамадана, когда часто встречался с ангелом Джибрилем (мир ему). Ангел Джибрил (мир ему) приходил к Пророку ﷺ в каждую благословенную ночь рамадана, и они вместе читали Коран. Когда Посланник Аллаха ﷺ встречался с ангелом Джибрилем (мир ему), он становился щедрее ветра, несущего земле благодать» (Ат-Тирмизи: 688; Ахмад: 9654).

1224
Риядус-салихин, № 1224Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْعَشْر أحْيَا اللَّيْلَ، وَأيْقَظَ أَهْلَهُ، وَشَدَّ الْمِئْزَرَ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Алла елшісі ﷺ түндерін құлшылықпен өткізетін, отбасын оятып, құлшылыққа тұрғызатын, сөйтіп белін бекем буып, құлшылық пен ізгі амалдарды көп істейтін еді», – деген (Бұхари: 2024, Муслим: 2787, Ахмад: 24390).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда наступали последние десять дней рамадана, Посланник Аллаха ﷺ проводил ночи в поклонении, будил членов своей семьи и поднимал их на поклонение, крепче затягивал пояс и особенно усердствовал в поклонении и совершении благих дел» (Аль-Бухари: 2024; Муслим: 2787; Ахмад: 24390).