وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ أنْفَقَ زَوْجَيْنِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ نُودِيَ مِنْ أبْوَابِ الْجَنَّةِ، يَا عَبْدَ اللَّهِ هَذَا خَيرٌ، فَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّلَاةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّلَاةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْجِهَادِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الْجِهَادِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصِّيَامِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الرَّيَّانِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّدَقَةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّدَقَةِ» قَالَ أَبُو بَكْرٍ: بِأبي أَنْتَ وَأُمِّى يَا رَسُولَ اللَّهِ! مَا عَلَى مَنْ دُعِيَ مِنْ تِلْكَ الْأَبْوَابِ مِنْ ضَرورةٍ، فهل يُدْعى أَحَدٌ مِنْ تِلْكَ الْأبوَابِ كُلِّهَا؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، وَأرْجُو أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Кімде-кім Алла жолында жұп (яғни, екі сиыр, екі қой немесе екі түйе) садақа берсе, о дүниеге барғанда жұмақтың есіктерінен: «Ей, Алланың пендесі! Мына қақпаға кел, бұл сен үшін қайырлы», – деп шақырылады. Сондай-ақ намаз оқығандар намаз қақпасынан, Алла жолында аянбай күрескендер жиһад қақпасынан, ораза ұстағандар Райян қақпасынан, садақа бергендер садақа қақпасынан шақырту алады», – деді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Расулалла! Әке-шешем Сенің жолыңда садаға кетсін! Бұл қақпалардың бірінен шақырту алып, жұмаққа кірген жанға өзге қақпалардан кірудің қажеті болмайды. Әйтсе де, аталмыш қақпалардың бәрінен бірдей шақырту алатын кісі бола ма?» – деп сұрады. Алла елшісі ﷺ оған: «Әрине болады. Сенің де сол бақытты жандардың қатарында боларыңа үміттімін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1897, Муслим: 2371, Ахмад: 8790).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Того, кто пожертвует на пути Аллаха две вещи одного рода (например, двух коров, двух овец или двух верблюдов), в мире вечном призовут из врат рая: “О раб Аллаха! Подойди к этим вратам – здесь для тебя благо”. Совершавших намаз призовут из врат молитвы, неустанно боровшихся на пути Аллаха – из врат джихада, соблюдавших пост – из врат Райян, а раздававших милостыню – из врат милостыни». Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) спросил: «О Посланник Аллаха! Да станут мои отец и мать выкупом за тебя! Тот, кого призовут из одних этих врат и кто войдёт в рай, уже не будет нуждаться в том, чтобы войти через другие врата. Но найдётся ли человек, которого призовут сразу из всех этих врат?» Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: «Да, такие люди будут. И я надеюсь, что ты окажешься среди этих счастливцев» (Аль-Бухари: 1897; Муслим: 2371; Ахмад: 8790).