Хадис

Үтір намазы

Молитва витр

Риядус-салихин, 205-тақырып · 7 хадис · № 1133–1139

Хадистер

1133
Риядус-салихин, № 1133Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليٍّ قَالَ: الْوِتْرُ لَيْسَ بِحَتْمٍ كَصَلَاةِ الْمَكْتُوبَةِ، وَلَكِنْ سَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ وِتْرٌ يُحِبُّ الْوِتْرَ، فَأَوْتِرُوا يَا أَهْلَ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Үтір намазының үкімі парыз намаз сияқты міндетті емес. Алайда Алла елшісі ﷺ бұл намазды бізге сүннет етіп қалдырып: «Расында, Алла жалғыз. Жалғыздықты (даралықты, тақ санды) жақсы көреді. Олай болса, уа, Құран ұстаған қауым! Сендер де (тақ санды) үтір намазын үзбей оқыңдар!» – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1416, Тирмизи: 453, Ахмад: 1262).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Молитва витр не является такой же обязательной, как предписанные молитвы. Однако Посланник Аллаха ﷺ установил её для нас как сунну и сказал: “Поистине, Аллах Един и любит нечётное (единственность и нечётные числа). Поэтому, о люди Корана, неуклонно совершайте и вы (нечётную) молитву витр!”» (Абу Дауд: 1416; Ат-Тирмизи: 453; Ахмад: 1262).

1134
Риядус-салихин, № 1134Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مِنْ كُلِّ اللَّيْلِ قَدْ أَوْتَرَ رَسُول اللَّهِ ﷺ مِنْ أَوَّلِ اللَّيْلِ، وَمِنْ أوْسَطِهِ، وَمِنْ آخِرِهِ، وَانْتَهَى وِتْرُهُ إِلَى السَّحَرِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ үтір намазын түннің барлық бөлігінде оқыған болатын. Кейде түннің алғашқы бөлігінде, кейде түн ортасында, кей кезде соңғы бөлігінде оқитын, сөйтіп үтір намазы таң сәресі (таң намазы) уақытының кіруімен аяқталатын», – деген (Бұхари: 996, Муслим: 1736, Ахмад: 24188).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ совершал молитву витр в разные части ночи: иногда в начале, иногда в середине, а иногда в конце ночи, а впоследствии стал совершать её в предрассветное время (перед наступлением времени утренней молитвы)» (Аль-Бухари: 996; Муслим: 1736; Ахмад: 24188).

1135
Риядус-салихин, № 1135Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اجْعَلُوا آخِرَ صَلَاتِكُمْ بِاللَّيْلِ وِتْرًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Түнде оқитын намаздарыңның ең соңғысы үтір намазы болсын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 472, Муслим: 1748, Ахмад: 4710).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть молитва витр будет последней из ваших ночных молитв» (Аль-Бухари: 472; Муслим: 1748; Ахмад: 4710).

1136
Риядус-салихин, № 1136Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أوْتِرُوا قَبْلَ أَنْ تُصْبِحُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Таң атырмай тұрып үтір оқыңдар!» – деп айтты», – делінген (Муслим: 1764, Ахмад: 11324).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Саида аль-Худри (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Совершайте витр до наступления рассвета!» (Муслим: 1764; Ахмад: 11324).

1137
Риядус-салихин, № 1137Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُصَلِّى صَلَاتَهُ بِاللَّيْلِ، وَهِيَ مُعْتَرِضَةٌ بَيْنَ يَدَيْهِ، فَإِذَا بَقِيَ الْوِتْرُ، أيْقَظَهَا فَأوْتَرتْ.

وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: فَإِذَا بَقِيَ الْوِتْرُ، قَالَ: «قُومِى فَأوتِرِى يَا عَائِشَةُ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ Айша (р.а.) оның алдында көлденең жатып ұйықтап жатқанда түнгі намазын оқитын. Соңында тек үтір намазы ғана қалғанда, Айшаны (р.а.) оятатын, сөйтіп ол да тұрып үтір намазын оқитын», – деп айтылған (Муслим: 1734, Ахмад: 24088).

Имам Муслим келтірген хадистің басқа нұсқасында: «Оқылатын тек үтір намазы ғана қалғанда, Алла елшісі ﷺ: «Уа, Айша! Тұр да, үтір намазын оқы!» – деп айтатын», – делінген.

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Пророк ﷺ совершал ночную молитву, когда она спала, лёжа поперёк перед ним. Когда в завершение оставалось совершить только витр, он будил Аишу, и она также вставала и совершала витр (Муслим: 1734; Ахмад: 24088).

В другой версии хадиса, приведённой имамом Муслимом, сказано: «Когда оставалось совершить только витр, Посланник Аллаха ﷺ говорил: “О Аиша! Встань и соверши витр!”»

1138
Риядус-салихин, № 1138Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عمرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا الصُّبْحَ بِالوِتْرِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Таң атпай (яғни таң намазының уақыты кірмей) тұрып үтір намазын оқыңдар», – деген (Әбу Дәуіт: 1436, Тирмизи: 467, Ахмад: 4952).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Совершайте молитву витр до наступления рассвета (то есть до наступления времени утренней молитвы)» (Абу Дауд: 1436; Ат-Тирмизи: 467; Ахмад: 4952).

1139
Риядус-салихин, № 1139Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ خَافَ أَنْ لَا يَقُومَ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ، فَلْيُوتِرْ أَوَّلَهُ، وَمَنْ طَمِعَ أَنْ يَقُومَ آخِرَهُ فَلْيُوتِرْ آخِرَ اللَّيْلِ، فَإِنَّ صَلَاةَ آخِرِ اللَّيْلِ مَشْهُودَةٌ، وذَلِكَ أَفْضَلُ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Түннің соңғы бөлігінде ұйқымнан ояна алмай қалам ба, деп қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы бөлігінде оқысын. Ал кім түннің соңғы бөлігінде оянатынына сенімді болса, үтір намазын түннің соңғы бөлігінде оқысын. Өйткені түннің соңғы бөлігінде оқылған намазға періштелер арнайы куә болады, міне, сол абзал уақыт», – деп айтты», – деген (Муслим: 1766, Ахмад: 15179).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть тот, кто опасается, что не сможет проснуться в последней части ночи, совершит молитву витр в начале ночи. А тот, кто надеется проснуться в последней части ночи, пусть совершит витр в конце ночи. Поистине, молитва в последней части ночи совершается в присутствии ангелов, и это время является наилучшим» (Муслим: 1766; Ахмад: 15179).