Хадис

Нәпіл намаздардың үйде оқылуы және парыз намазынан кейін нәпіл оқығанда орын ауыстыру жайында

О добровольных молитвах дома и смене места при их совершении после обязательной молитвы

Риядус-салихин, 204-тақырып · 4 хадис · № 1129–1132

Хадистер

1129
Риядус-салихин, № 1129Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

عَنْ زيد بْنِ ثابت أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «صَلُّوا أَيُّهَا النَّاسُ فِى بُيُوتِكُمْ، فَإِنَّ أَفْضَلَ الصَّلَاةِ صَلَاةُ الْمَرْءِ فِى بَيْتِهِ إِلَّا الْمَكْتُوبَةَ»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбиттен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, жарандар! Сүннет немесе басқа да нәпіл намаздарды үйлеріңде оқыңдар. Шынында, парыз намаздарын қоспағанда ең абзал намаз – адамның үйінде оқыған намазы», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 731, Муслим: 1825).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Зайда ибн Сабита (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «О люди! Совершайте молитвы сунны и другие добровольные молитвы у себя дома. Поистине, за исключением обязательных молитв, лучшая молитва человека – та, которую он совершает у себя дома» (Аль-Бухари: 731; Муслим: 1825).

1130
Риядус-салихин, № 1130Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اجْعَلُوا مِنْ صَلَاتِكُمْ فِى بُيُوتِكُمْ، وَلَا تَتَّخِذُوهَا قُبُورًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Үйлеріңді қабірге айналдырмай, намаздарыңның бір бөлігін (яғни, нәпіл намаздарды) үйлеріңде оқыңдар», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 432, Муслим: 1820, Ахмад: 4653).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Не превращайте свои дома в могилы и совершайте в них часть своих молитв (то есть добровольные молитвы)» (Аль-Бухари: 432; Муслим: 1820; Ахмад: 4653).

1131
Риядус-салихин, № 1131Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَضَى أَحَدُكُمْ صَلَاتَهُ فِى مَسْجِدِهِ فَلْيَجْعَلْ لِبَيْتِهِ نَصِيبًا مِنْ صَلَاتِهِ؛ فَإِنَّ اللَّهَ جَاعِلٌ فِى بَيْتِهِ مِنْ صَلَاتِهِ خَيْرًا»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің мешітте парыз намазын оқыса, сол намазынан үйіне де бір үлес қалдырсын.1 Өйткені Алла оның сол намазы арқылы үйіне жақсылық дарытады», – деген», – деген (Муслим: 1822, Ахмад: 14395).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас совершит обязательную молитву в мечети, пусть часть своих молитв совершает и дома1. Поистине, благодаря этой молитве Аллах дарует его дому благо» (Муслим: 1822; Ахмад: 14395).

  1. 1Яғни, парыз намазынан кейінгі сүннет намазын үйіне барып оқысын.
  1. 1То есть пусть совершает дома молитву сунны, следующую за обязательной молитвой.
1132
Риядус-салихин, № 1132

عَنْ عمر بْنِ عطاءٍ: أَنَّ نَافِعَ بْنَ جُبَيْرٍ أَرْسَلَهُ إِلَى السَّائِبِ ابن أُخْتِ نَمِرٍ يَسأَلُهُ عَنْ شَيْءٍ رَآهُ مِنْهُ مُعَاوِيَةُ فِى الصَّلَاةِ، فَقَالَ: نَعَمْ، صَلَّيْتُ مَعَهُ الْجُمُعَةَ فِى الْمَقْصُورَةِ، فَلَمَّا سَلَّمَ الْإِمَامُ، قُمْتُ فِى مَقَامِى، فَصَلَّيْتُ، فَلَمَّا دَخَلَ أَرْسَلَ إِلَيَّ، فَقَالَ: لَا تَعُدْ لِمَا فَعَلْتَ. إِذَا صَلَّيْتَ الْجُمُعَةَ فَلَا تَصِلْهَا بِصَلَاةٍ حَتَّى تَتَكَلَّمَ أَوْ تَخْرُجَ؛ فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَنَا بِذَلِكَ، أن لَا نُوصِلَ صَلَاةً بِصَلَاةٍ حَتَّى نَتَكَلَّمَ أَوْ نَخْرُجَ

Қазақша аудармасы

Амр ибн Ата (р.а.) жеткізген хадисте: «Нәфиғ ибн Жубайр әс-Сәйбтің оқыған намазына қатысты Мұғауияның не көргенін білу үшін Амр ибн Атаны Намирдің әпкесінің ұлы әс-Сәйбке жіберді. Әс-Сәйб оған сол жағдай жайлы былай деді: «Иә, мен онымен бірге мешіт ішіндегі бір бөлмеде жұма намазын оқыдым. Имам сәлем бергеннен кейін мен орнымнан тұрып, сол тұрған жерімде нәпіл намазын оқыдым. Мұғауия үйіне кірген бойда маған кісі жіберіп, былай депті: «Жаңағы істегеніңді бұдан былай істеме. Жұма намазын оқыған соң, бірден парызға нәпілді жалғап оқыма, екеуінің арасын біреумен сөйлесу немесе мешіттен шығу сынды істермен бөл. Өйткені Алла елшісі ﷺ бізге солай бұйырған, яғни бізге парыз намаз бен нәпіл намаз арасын сөйлесу немесе сыртқа шығу сынды істермен бөлместен, бірден екеуін жалғап оқымаңдар деп бұйырған» (Муслим: 5275, Ахмад: 16866).

Орысша аудармасы

Передают со слов Умара ибн Аты (да будет доволен им Аллах), что Нафи ибн Джубайр послал его к ас-Саибу, сыну сестры Намира, чтобы узнать, что именно Муавия заметил в совершённой ас-Саибом молитве. Ас-Саиб рассказал ему об этом следующее: «Да, однажды я совершал вместе с ним пятничную молитву в отгороженной части мечети. После того как имам произнёс слова приветствия, я встал и совершил дополнительную молитву на том же месте. Как только Муавия вошёл к себе домой, он послал ко мне человека со словами: “Больше так не поступай. Совершив пятничную молитву, не присоединяй к обязательной молитве дополнительную сразу же, а отдели одну от другой, поговорив с кем-либо или выйдя из мечети. Ибо Посланник Аллаха ﷺ повелел нам поступать именно так: он велел нам не соединять сразу обязательную и дополнительную молитвы, не отделив их разговором или выходом из мечети”» (Муслим: 5275; Ахмад: 16866).