Хадис

Дұха намазының артықшылығы

О достоинстве молитвы духа

Риядус-салихин, 206-тақырып · 3 хадис · № 1140–1143

Хадистер

1140
Риядус-салихин, № 1140Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: أوْصَانِى خَلِيلي ﷺ بِصِيَامِ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ، وَرَكْعَتَي الضُّحَى، وَأَنْ أُوتِرَ قَبْلَ أَنْ أرْقُدَ

عَنْ أَبِى ذَرٍّ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُصْبحُ عَلَى كُلِّ سُلَامَى مِنْ أَحَدكُمْ صَدَقَةٌ: فَكُلُّ تَسْبِيحَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَحْمِيدَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَكْبِيرَةٍ صَدَقَةٌ، وَأَمْرٌ بِالمَعْرُوفِ صَدَقَةٌ، وَنَهْيٌ عَنِ الْمُنْكَرِ صَدَقَةٌ، وَيُجْزِىء مِنْ ذَلِكَ رَكْعَتَانِ يَرْكَعُهُمَا مِن الضُّحَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Жан досым маған ай сайын үш күн нәпіл ораза ұстауды, екі бас дұха намазын оқуды және ұйықтамай тұрып үтір намазын оқуды өсиет етті», – деген (Бұхари: 1178, Муслим: 1672, Ахмад: 7138).

1141– Әбу Зәрр (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір таң арайлап атқан сайын, бойларыңда қанша буын болса, сонша садақа берулерің керек. «Субханаллаһ» деп айтқан әр тәсбих бір садақа, «әлхамду лилләһ» деп айтқан әр мадақ бір садақа, «лә иләһә иллаллаһ» деп айтқан әр тәһлил бір садақа, «Аллаһу әкбар» деп айтқан әр тәкбір бір садақа, жақсылыққа үндеу мақсатындағы әр іс бір садақа және жамандықтан тыю үшін істелген әрбір әрекет бір садақа болып есептеледі. Бұлардың барлығының орнын (сәске мезгілінде оқылатын) дұха намазы басады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 1671, Ахмад: 21475).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мой близкий друг ﷺ заповедал мне соблюдать добровольный пост по три дня каждый месяц, совершать молитву духа в два ракаата и совершать витр перед сном» (Аль-Бухари: 1178; Муслим: 1672; Ахмад: 7138).

1142
Риядус-салихин, № 1142Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّى الضُّحَى أَرْبَعًا، وَيَزِيدُ مَا شَاءَ اللَّه

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дұха намазын төрт рәкағат етіп оқитын және Алла қалағанша арттыратын еді», – деген (Муслим: 1663, Ахмад: 24638).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ совершал молитву духа в четыре ракаата и добавлял к ним столько, сколько желал Аллах» (Муслим: 1663; Ахмад: 24638).

1143
Риядус-салихин, № 1143

عَنْ أُمِّ هَانِىءٍ فاختة بنت أَبِى طالب، قَالَتْ: ذَهَبْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، عَامَ الْفَتْحِ فَوَجَدْتُهُ يَغْتَسِلُ، فَلَمَّا فَرَغَ مِنْ غُسْلِهِ، صَلَّى ثَمَانِيَ رَكَعَاتٍ، وَذَلِكَ ضُحىً

Қазақша аудармасы

Үммі Һани Фахита бинт Әбу Талип (р.а.): «Мекке алынған жылы Алла елшісіне ﷺ бардым, сонда ол бой дәрет алып жатыр екен. Бой дәретін алып болған соң сегіз рәкағат намаз оқыды. Сол дұха намазы болатын», – деген (Бұхари: 1103, Муслим: 765, Ахмад: 27380).

Орысша аудармасы

Умм Хани Фахита бинт Абу Талиб (да будет доволен ею Аллах) сказала: «В год завоевания Мекки я пришла к Посланнику Аллаха ﷺ и увидела, что он совершает полное омовение. Завершив омовение, он совершил восемь ракаатов молитвы. Это было в предполуденное время (во время духа)» (Аль-Бухари: 1103; Муслим: 765; Ахмад: 27380).