Хадис

Риядус-салихин, № 1133

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
205. Үтір намазы
Нөмірі
№ 1133 (қазақша басылым реті)
1133
Риядус-салихин, № 1133Риуаят етуші: Әли

عَنْ عليٍّ قَالَ: الْوِتْرُ لَيْسَ بِحَتْمٍ كَصَلَاةِ الْمَكْتُوبَةِ، وَلَكِنْ سَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ وِتْرٌ يُحِبُّ الْوِتْرَ، فَأَوْتِرُوا يَا أَهْلَ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): «Үтір намазының үкімі парыз намаз сияқты міндетті емес. Алайда Алла елшісі ﷺ бұл намазды бізге сүннет етіп қалдырып: «Расында, Алла жалғыз. Жалғыздықты (даралықты, тақ санды) жақсы көреді. Олай болса, уа, Құран ұстаған қауым! Сендер де (тақ санды) үтір намазын үзбей оқыңдар!» – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1416, Тирмизи: 453, Ахмад: 1262).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Молитва витр не является такой же обязательной, как предписанные молитвы. Однако Посланник Аллаха ﷺ установил её для нас как сунну и сказал: “Поистине, Аллах Един и любит нечётное (единственность и нечётные числа). Поэтому, о люди Корана, неуклонно совершайте и вы (нечётную) молитву витр!”» (Абу Дауд: 1416; Ат-Тирмизи: 453; Ахмад: 1262).