Қазақша аудармасы
Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Хафсадан риуаят етіледі: «Алла елшісінің дүниеден озуына бір жыл қалғанға дейін нәпіл намазын отырып оқығанын көрген емеспін. Соңғы уақыттарында ол нәпіл намазын отырып оқитын, сүрені асықпай, баппен оқитын. Баппен оқығандықтан, ұзын сүрелер одан сайын ұзара түсетін1».
- 1Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/118. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 154.