Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.) риуаят етіледі: «Мәдинаға келгенімізде, жұқпалы оба ауруына шалдықтық. Алла елшісі жамағаттың қасына барды. Олардың нәпіл намазды отырып оқып жатқанын көргенде: “Отырып оқылған намаздың сауабы тұрып оқылған намаздың жартысындай болады”, – деп бұйырды1».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Бұл хадис – мүнқатиғ. Өйткені Зуһри Ибн Амрмен кездеспеген».