Қазақша аудармасы
Уәһб ибн Кәйсанның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісіне (с.а.с.) тамақ әкелінгенде, жанында жұбайы Үммі Сәләмәның ұлы Омар ибн Әби Сәләмә болған. Алла елшісі (с.а.с.) оған: «“Бисмиллә” деп айт та, алдыңнан же», – деген1.
- 1Бұхари, «Әтғима», 70/3. Бұл хадис тамақтың басында бисмиллә айтудың сүннет, ортақ ыдыстан жегенде өз алдынан жеудің мұстахап екенін көрсетеді. Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзді Омар ибн Әби Сәләмәға үйретіп, көркем әдепке баулу үшін айтқан. Демек, мұсылмандар да балаларын әр мүмкіндік туған сайын осындай көркем әдепке, яғни Ислам әдебіне тәрбиелеуге тиіс.