Қазақша аудармасы
Әбу Қатада әл-Ансари: «Алла елшісі (с.а.с.) кепкен құрма шырасын мейіз шырасымен, сондай-ақ жаңа піскен құрма шырасын шала піскен құрма шырасымен араластырып ішуге тыйым салды», – деген1.
Имам Мәлик былай дейді: «Өлкеміздегі ғалымдар да Алла елшісінің (с.а.с.) тыйымына байланысты мұны мәкруһ санаған»2.
- 1Бұхари, «Әшриба», 74/11; Муслим, «Әшриба», 36/5, № 24–25.
- 2Ахмад ибн Ханбал мен шафиғи ғалымдары да, көпшіліктің ұстанымы бойынша, мұны харам деп санаған. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың пікірінше, мұндай сусынды ішудің айыбы жоқ. Оларды араластырып ішуге Исламның алғашқы жылдарында тыйым салынған. Бұған көбіне тұрмыстың таршылығы себеп болған: жұртты шыраның бір түрін қанағат тұтып, өзгелерге де көмектесуге ынталандыру көзделген (Сәһаранфури, «Бәзлул-мәжһуд», XVI, 37).