Қазақша аудармасы
Пайғамбарымыздың жұбайы әзірет Айшаның жеткізуінше, Алла елшісінен (с.а.с.) балдан жасалған сусынның үкімі сұралғанда, ол: «Мас ететін әрбір ішімдік харам», – деген1.
- 1Бұхари, «Әшриба», 74/4; Муслим, «Әшриба», 36/7, № 67–68; Шәйбани, 711. Бал шәрбаты ашып, күшейіп, көбігін шығарып, мас ететін күйге жетсе, оны ішу харам болады. Ал олай болмаса, бал шәрбатын ішу халал әрі шипалы. Тіпті оны салқын ішсе, іш өткенге, жылы ішсе, іш қатқанға пайдалы.