Қазақша аудармасы
Ата ибн Ясар: «Алла елшісі (с.а.с.) шала піскен құрма мен жаңа піскен құрманы, сондай-ақ кепкен құрма мен мейізді бір ыдысқа қосып, шыра тұндыруға тыйым салды», – деген1.
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Менің білуімше, Мәликтен жеткен бұл риуаяттың мурсал екені жөнінде пікір қайшылығы жоқ». Бұхари мен Муслимде ол Ибн Жүрәйж – Зәйд – Ата – Жәбир тізбегімен берілген: Бұхари, «Әшриба», 74/11; Муслим, «Әшриба», 36/5, № 16–19.