Қазақша аудармасы
Һишам әкесі Уруадан жеткізеді: «Омар ибн Хаттаб Бәйтулланы тауап еткенде, Хажарул-әсуәдке қарап: “Сен бар болғаны бір тассың. Егер Алла елшісінің (с.а.с.) сені сүйгенін көрмегенімде, мен де сені сүймес едім”, – дейтін. Содан кейін оны сүйетін».1
Имам Мәлик былай дейді: «Кейбір ғалымдардың Бәйтулланы тауап еткенде, Хажарул-әсуәд пен Йемен бұрышына истиләм жасап, қолын төмен түсірген соң аузына апаруын құптағанын естідім».
- 1Бұхари, «Хажж», 25/50; Мүслім, «Хажж», 15/248; иснады жалғасқан түрде риуаят еткен.