Қазақша аудармасы
Зәйд ибн Әсләмнен риуаят етіледі: «Бір адам Алла елшісінен (с.а.с.): “Әйелім хайыз күйінде болғанда, оның денесінің қай жері маған халал болады?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Изарын байласын, яғни іш киімінің бауын байласын немесе іш киімін кисін. Ал белінен жоғары жағына қалағаныңша жақындай аласың”, – деп бұйырды1».
- 1Ибн Абдулбәр: «Осы сөздермен муснад түрде риуаят еткен біреуді білмеймін. Мағынасы сахих әрі анық», – дейді. Зурқани: «Әбу Дәуіт (“Таһарат”, 1/82) мұны Абдуллаһ ибн Сағд әл-Ансариден риуаят етеді», – дейді. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 75.