Нәфиғ былай деп баяндайды: «Абдуллаһ ибн Омардан қауіп намазының қалай оқылатыны сұралғанда, ол былай түсіндірді: имам алға шығып, екіге бөлінген топтың біріне бір рәкағат оқытады. Екінші топ дұшпанға қарсы күтіп тұрады. Бірінші топ бір рәкағат оқығаннан кейін сәлем бермей, дұшпанға қарсы тұрғандармен орын ауыстырады. Екінші топ та имаммен бірге бір рәкағат оқығаннан кейін, имам екі рәкағаттық намазды аяқтайды. Бұл жолы екі топтың әрқайсысы бөлек-бөлек келіп, тағы бір-бір рәкағаттан оқиды. Осылайша имамнан кейін оқыған осы рәкағатпен әрқайсысы екі рәкағат оқыған болады. Егер дұшпаннан төнген қауіп қатты болса, түрегеп немесе көлік үстінде құбылаға қарап не қарамай оқиды».
Имам Мәлик Нәфиғтың бұл риуаятқа қатысты былай дегенін жеткізген: «Абдуллаһ ибн Омар жеткізген қауіп намазының бұл түрін оның ардақты Пайғамбардан көргеніне анық сенімдімін1».
- 1Бұхари, «Тәпсір», 65/2/44. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 290.