Хадис

Муатта, № 4

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
12. Қауіп намазы
бап
1. Қауіп намазы
Нөмірі
№ 4 (кітап ішіндегі рет реті)
4
Муатта, 12-кітап, № 4
Қазақша аудармасы

Сағид ибн Мусәйябтан риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.) Хандақ соғысында бесін мен екінті намаздарын күн батқанға дейін оқымады1».

Имам Мәлик Қасым ибн Мұхаммедтің Салих ибн Хауаттан жеткізген қауіп намазына қатысты риуаяты туралы: «Естігендерімнің ішіндегі ең көркем сипатталған қауіп намазы – осы», – дейді.

  1. 1Жәбирден мағынасы жағынан марфуғ түрінде жеткен. Бұхари, «Мәуақит әс-салат», 9/36; Муслим, «Мәсәжид», 5/209. Бұл намаздар соғыс салдарынан қаза болып, сол түні дереу оқылған.