عَنْ أَبِي الْبَخْتَرِيِّ، قَالَ: «خَرَجْنَا لِلْعُمْرَةِ، فَلَمَّا نَزَلْنَا بَطْنَ نَخْلَةَ»، قَالَ: «تَرَاءَيْنَا الْهِلَالَ، فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: “هُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ”. وَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: “هُوَ ابْنُ لَيْلَتَيْنِ”». قَالَ: «فَلَقِينَا ابْنَ عَبَّاسٍ، فَقُلْنَا: “إِنَّا رَأَيْنَا الْهِلَالَ، فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: ‘هُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ’. وَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: ‘هُوَ ابْنُ لَيْلَتَيْنِ’”. فَقَالَ: “أَيَّ لَيْلَةٍ رَأَيْتُمُوهُ؟” قَالَ: فَقُلْنَا: “لَيْلَةَ كَذَا وَكَذَا”. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: “إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: ‘إِنَّ اللَّهَ مَدَّهُ لِلرُّؤْيَةِ، فَهُوَ لِلَيْلَةٍ رَأَيْتُمُوهُ’”».
Әбу әл-Бахтари былай деді: «Біз ұмра жасау үшін жолға шықтық. Батн Нахлаға аялдағанымызда жаңа айды көрдік. Жұрттың кейбірі: “Бұл – үш түндік ай”, – десе, енді бірі: “Бұл – екі түндік ай”, – деді. Кейін Ибн Аббасты кездестіріп: “Біз жаңа айды көрдік. Жұрттың кейбірі оны үш түндік десе, енді бірі екі түндік деді”, – дедік. Ол: “Оны қай түні көрдіңдер?” – деп сұрады. Біз: “Пәленше түні”, – дедік. Сонда ол: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Расында, Алла оны көрінуі үшін ұзартты. Сондықтан ай сендер оны көрген түннен бастап есептеледі’, – деген”, – деді». (1088/29)