Хадис

Сахих Мүслим, № 576

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
5. Ай кейде жиырма тоғыз күнге созыладыبَابٌ: الشَّهْرُ تِسْعٌ وَعِشْرُونَ
Нөмірі
№ 576 (Мухтасар реті)
576
Мүслим, № 576Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّا أُمَّةٌ أُمِّيَّةٌ، لَا نَكْتُبُ وَلَا نَحْسُبُ، الشَّهْرُ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا». وَعَقَدَ الْإِبْهَامَ فِي الثَّالِثَةِ، «وَالشَّهْرُ هَكَذَا، وَهَكَذَا، وَهَكَذَا»، يَعْنِي تَمَامَ ثَلَاثِينَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, біз – жазу-сызуды да, есеп-қисапты да білмейтін үмбетпіз. Ай – осылай, осылай және осылай болады», – деді де, үшінші рет көрсеткенде бас бармағын бүкті. Содан кейін: «Ал ай – осылай, осылай және осылай болады», – деді. Яғни толық отыз күнді көрсетті. (1080/15)