Хадис

Сахих Мүслим, № 578

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
7. Әр өлке жаңа туған айдың өз жерінде көрінуін негізге аладыبَابٌ: لِكُلِّ بَلَدٍ رُؤْيَتُهُمْ
Нөмірі
№ 578 (Мухтасар реті)
578
Мүслим, № 578

عَنْ كُرَيْبٍ، أَنَّ أُمَّ الْفَضْلِ بِنْتَ الْحَارِثِ بَعَثَتْهُ إِلَى مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ بِالشَّامِ، قَالَ: «فَقَدِمْتُ الشَّامَ، فَقَضَيْتُ حَاجَتَهَا، وَاسْتُهِلَّ عَلَيَّ رَمَضَانُ وَأَنَا بِالشَّامِ، فَرَأَيْتُ الْهِلَالَ لَيْلَةَ الْجُمُعَةِ، ثُمَّ قَدِمْتُ الْمَدِينَةَ فِي آخِرِ الشَّهْرِ، فَسَأَلَنِي عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، ثُمَّ ذَكَرَ الْهِلَالَ فَقَالَ: “مَتَى رَأَيْتُمُ الْهِلَالَ؟” فَقُلْتُ: “رَأَيْنَاهُ لَيْلَةَ الْجُمُعَةِ”. فَقَالَ: “أَنْتَ رَأَيْتَهُ؟” فَقُلْتُ: “نَعَمْ، وَرَآهُ النَّاسُ، وَصَامُوا وَصَامَ مُعَاوِيَةُ”. فَقَالَ: “لَكِنَّا رَأَيْنَاهُ لَيْلَةَ السَّبْتِ، فَلَا نَزَالُ نَصُومُ حَتَّى نُكْمِلَ ثَلَاثِينَ، أَوْ نَرَاهُ”. فَقُلْتُ: “أَوَلَا تَكْتَفِي بِرُؤْيَةِ مُعَاوِيَةَ وَصِيَامِهِ؟” فَقَالَ: “لَا، هَكَذَا أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”». وَشَكَّ يَحْيَى بْنُ يَحْيَى فِي «نَكْتَفِي» أَوْ «تَكْتَفِي».

Қазақша аудармасы

Күрәйб былай деді: «Үммі әл-Фадл бинт әл-Харис мені Шамдағы Мұғауияға жіберді. Мен Шамға барып, оның тапсырған шаруасын бітірдім. Шамда жүргенімде Рамазан айы кіріп, оның жаңа айын жұмаға қараған түні көрдім. Содан кейін айдың соңына қарай Мәдинаға келдім. Абдулла ибн Аббас (р.а.) менің хал-жағдайымды сұрады. Кейін жаңа ай жайын сөз етіп: “Жаңа айды қашан көрдіңдер?” – деп сұрады. Мен: “Оны жұмаға қараған түні көрдік”, – дедім. Ол: “Оны өзің көрдің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә, оны адамдар да көрді. Олар да, Мұғауия да оразаны бастады”, – дедім. Сонда ол: “Ал біз оны сенбіге қараған түні көрдік. Сондықтан айды отыз күнге толтырғанша немесе жаңа айды көргенше ораза ұстай береміз”, – деді. Мен: “Мұғауияның жаңа айды көргені мен ораза ұстағанын жеткілікті санамайсың ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге осылай бұйырды”, – деді». Яхия ибн Яхия осы тұста «Бізге жеткілікті емес пе?» деген бе, әлде «Саған жеткілікті емес пе?» деген бе – соған күмәнданған. (1087/28)