عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ نَاسًا مِنْ أَهْلِ الشِّرْكِ قَتَلُوا فَأَكْثَرُوا، وَزَنَوْا فَأَكْثَرُوا، ثُمَّ أَتَوْا مُحَمَّدًا ﷺ، فَقَالُوا: «إِنَّ الَّذِي تَقُولُ وَتَدْعُو إِلَيْهِ لَحَسَنٌ، وَلَوْ تُخْبِرُنَا أَنَّ لِمَا عَمِلْنَا كَفَّارَةً»، فَنَزَلَ: ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَامًا﴾ [الْفُرْقَانِ: 68] وَنَزَلَ ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَى أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ﴾ [الزُّمَرِ: 53].
Ибн Аббас былай деген: «Мүшріктердің арасындағы кейбір адамдар көп адам өлтіріп, көп зина жасаған еді. Кейін олар Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: “Сенің айтып, шақырып жүргенің, расында, жақсы нәрсе. Бізге істеген күнәларымызды өтеудің жолы бар екенін айтсаң ғой”, – деді. Сонда: “Олар Алламен қатар, басқаны құдай тұтып жалбарынбайды. Алла нақақтан-нақақ өлтіруде харам қылған тірі жанды өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе, күнәсінің жазасын тартады.” (“Фурқан”, 68) деген аят түсті. Сондай-ақ: ﴿Құлдарыма мына сөзімді айтып жеткіз: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер!»﴾ (“Зүмәр”, 53) деген аят түсті» (122/193).