Хадис

Сахих Мүслим, № 2155

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
31. Алла Тағаланың «күңдеріңді, һәм арын таза сақтауды қалайтын болса, мәжбүрлеп арсыздыққа әсте итермелемеңдер.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تُكْرِهُوا فَتَيَاتِكُمْ عَلَى الْبِغَاءِ﴾
Нөмірі
№ 2155 (Мухтасар реті)
2155
Мүслим, № 2155Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ أَنَّ جَارِيَةً لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُبَيِّ بْنِ سَلُولَ يُقَالُ لَهَا مُسَيْكَةُ، وَأُخْرَى يُقَالُ لَهَا أُمَيْمَةُ، فَكَانَ يُكْرِهُهُمَا عَلَى الزِّنَا، فَشَكَتَا ذَلِكَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿وَلَا تُكْرِهُوا فَتَيَاتِكُمْ عَلَى الْبِغَاءِ إِنْ أَرَدْنَ تَحَصُّنًا﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿غَفُورٌ رَحِيمٌ﴾ [النُّورِ: 33].

Қазақша аудармасы

Жәбир былай деді: «Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлулдың Мусәйка есімді бір күңі және Үмәйма есімді тағы бір күңі бар еді. Ол екеуін зина жасауға мәжбүрлейтін. Екеуі бұл жайында Пайғамбарға (с.а.с.) шағымданды. Сонда Алла Тағала: “күңдеріңді, һәм арын таза сақтауды қалайтын болса, мәжбүрлеп арсыздыққа әсте итермелемеңдер.” дегеннен бастап, “өте кешірімді, ерекше мейірімді.” дегенге дейінгі аятты түсірді» («Нұр», 33) (3029/27).