Хадис

Сахих Мүслим, № 2154

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
30. Алла Тағаланың «Жала жапқандар араларыңдағы бір топ адам.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الَّذِينَ جَاءُوا بِالْإِفْكِ عُصْبَةٌ مِنْكُمْ﴾
Нөмірі
№ 2154 (Мухтасар реті)
2154
Мүслим, № 2154Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا كَانَ يُتَّهَمُ بِأُمِّ وَلَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِعَلِيٍّ: «اِذْهَبْ فَاضْرِبْ عُنُقَهُ». فَأَتَاهُ عَلِيٌّ فَإِذَا هُوَ فِي رَكِيٍّ يَتَبَرَّدُ فِيهَا، فَقَالَ لَهُ عَلِيٌّ: «اُخْرُجْ». فَنَاوَلَهُ يَدَهُ فَأَخْرَجَهُ، فَإِذَا هُوَ مَجْبُوبٌ لَيْسَ لَهُ ذَكَرٌ، فَكَفَّ عَلِيٌّ عَنْهُ، ثُمَّ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ لَمَجْبُوبٌ مَا لَهُ ذَكَرٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) баласының анасы болған күңге қатысты бір ер адамның күдікке ілінгенін жеткізді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Әлиге: «Бар да, оның басын шап», – деді. Әли оның қасына барса, ол бір құдыққа түсіп, салқындап отыр екен. Әли оған: «Шық!» – деді. Ол қолын созғанда, Әли қолынан ұстап, құдықтан шығарып алды. Сөйтсе, ол жыныс мүшесі кесілген адам екен, оның еркектік мүшесі жоқ еді. Сонда Әли оған тиіспеді.

Кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Ол – жыныс мүшесі кесілген адам, оның еркектік мүшесі жоқ екен», – деді (2771/59).