Хадис

Сахих Мүслим, № 2157

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
33. Алла Тағаланың «оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾
Нөмірі
№ 2157 (Мухтасар реті)
2157
Мүслим, № 2157Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَقُولُ اللَّهُ: “أَعْدَدْتُ لِعِبَادِيَ الصَّالِحِينَ مَا لَا عَيْنٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ، ذُخْرًا، بَلْهَ مَا أَطْلَعَكُمُ اللَّهُ عَلَيْهِ”». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾ [السَّجْدَةِ: 17].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла: ‘Мен ізгі құлдарыма ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген әрі адам баласының жүрегіне де келмеген нәрселерді қор етіп әзірлеп қойдым. Ал Алланың сендерге білдіргендері өз алдына’, – дейді”, – деді». Содан кейін ол: «оларды көзайым етіп, зор қуанышқа бөлейтін қандай құпия һәм тосын сый-сияпаттың жасырылғанын жан баласы білмейді.» («Сәжде», 17) деген аятты оқыды (2824/4).