Хадис
كِتَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ

Жәннаттың сипаты кітабы

Сахих Мүслим, 63-кітап · 19 хадис · № 1956–1974

Мазмұны: 16 бап
  1. 1Жәннатқа кіретін алғашқы топ туралы
  2. 2Жәннатқа Адамның кейпінде кіретіндер туралы
  3. 3Жәннатқа жүректері құстардың жүректеріндей адамдар кіреді
  4. 4Алланың Жәннат тұрғындарына Өз ризалығын нәсіп етуі туралы
  5. 5Жәннат тұрғындарының биіктегі бөлмелерде тұратындарды алыстан көруі туралы
  6. 6Жәннат тұрғындарының онда тамақ жеуі туралы
  7. 7Жәннат тұрғындарына алғаш ұсынылатын дәм туралы
  8. 8Жәннат тұрғындарының рақатының мәңгілік болуы туралы
  9. 9Жәннаттағы ағаштың көлеңкесінен салт аттының жүз жылда да шыға алмауы туралы
  10. 10Жәннаттағы шатырлардың сипаты туралы
  11. 11Жәннаттағы базар туралы
  12. 12Бұл дүниеде бар Жәннат өзендері туралы
  13. 13Жәннат қиындықтармен қоршалған
  14. 14Жәннат тұрғындарының ішінде саны ең азы – әйелдер
  15. 15Жәннаттықтар мен тозақтықтар және олардың бұл дүниедегі белгілері туралы
  16. 16Жәннат тұрғындарының Жәннатта, ал Тозақ тұрғындарының Тозақта мәңгі қалуы туралы
بَابٌ: فِي أَوَّلِ زُمْرَةٍ تَدْخُلُ الْجَنَّةَ

1-бапЖәннатқа кіретін алғашқы топ туралы

1956
Мүслим, № 1956

عَنْ مُحَمَّدٍ قَالَ: إِمَّا تَفَاخَرُوا وَإِمَّا تَذَاكَرُوا: «الرِّجَالُ فِي الْجَنَّةِ أَكْثَرُ أَمِ النِّسَاءُ؟» فَقَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «أَوَلَمْ يَقُلْ أَبُو الْقَاسِمِ ﷺ: “إِنَّ أَوَّلَ زُمْرَةٍ تَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، وَالَّتِي تَلِيهَا عَلَى أَضْوَأِ كَوْكَبٍ دُرِّيٍّ فِي السَّمَاءِ، لِكُلِّ امْرِئٍ مِنْهُمْ زَوْجَتَانِ اثْنَتَانِ، يُرَى مُخُّ سُوقِهِمَا مِنْ وَرَاءِ اللَّحْمِ، وَمَا فِي الْجَنَّةِ أَعْزَبُ”؟»

Қазақша аудармасы

Мұхаммед былай деді: «Олар өзара мақтанысты ма, әлде жай ғана әңгімелесті ме – әйтеуір, “Жәннатта ерлер көп бола ма, әлде әйелдер ме?” – деген мәселені сөз етті. Сонда Әбу Һурайра: “Әбул-Қасым (с.а.с.): ‘Расында, Жәннатқа алғаш кіретін топ толған айдай болады. Ал олардан кейінгі топ аспандағы ең жарық жұлдыздай болады. Олардың әрқайсысына екі жұбайдан беріледі. Екі жұбайының да балтыр сүйегінің кемігі етінің ар жағынан көрініп тұрады. Жәннатта бойдақ жан болмайды’, – демеп пе еді?” – деді» (2834/14).

1957
Мүслим, № 1957Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَوَّلُ زُمْرَةٍ تَدْخُلُ الْجَنَّةَ مِنْ أُمَّتِي عَلَى صُورَةِ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ عَلَى أَشَدِّ نَجْمٍ فِي السَّمَاءِ إِضَاءَةً، ثُمَّ هُمْ بَعْدَ ذَلِكَ مَنَازِلُ. لَا يَتَغَوَّطُونَ وَلَا يَبُولُونَ وَلَا يَمْتَخِطُونَ وَلَا يَبْزُقُونَ، أَمْشَاطُهُمُ الذَّهَبُ، وَمَجَامِرُهُمُ الْأَلُوَّةُ، وَرَشْحُهُمُ الْمِسْكُ، أَخْلَاقُهُمْ عَلَى خُلُقِ رَجُلٍ وَاحِدٍ، عَلَى طُولِ أَبِيهِمْ آدَمَ؛ سِتُّونَ ذِرَاعًا». قَالَ ابْنُ أَبِي شَيْبَةَ: «عَلَى خُلُقِ رَجُلٍ». وَقَالَ أَبُو كُرَيْبٍ: «عَلَى خَلْقِ رَجُلٍ». وَقَالَ ابْنُ أَبِي شَيْبَةَ: «عَلَى صُورَةِ أَبِيهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Үмбетімнен Жәннатқа алғаш кіретін топ толған айдай болады. Олардан кейін кіретіндер аспандағы ең жарқын жұлдыздай болады. Одан кейінгілер дәрежелеріне қарай әртүрлі болады. Олар үлкен дәрет те, кіші дәрет те сындырмайды, мұрындарын сіңбірмейді әрі түкірмейді. Тарақтары – алтын, түтеткіштерінде хош иісті уд ағашы жағылады, терлері – жұпар. Мінез-құлықтары бір адамның мінезіндей, ал бойлары аталары Адамның бойындай – алпыс шынтақ болады». Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында: «Бір адамның мінезіндей», – делінсе, Әбу Курайбтың риуаятында: «Бір адамның дене бітіміндей», – делінген. Сондай-ақ Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында: «Аталарының бейнесіндей», – делінген (2834/16).

بَابٌ: مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ آدَمَ

2-бапЖәннатқа Адамның кейпінде кіретіндер туралы

1958
Мүслим, № 1958Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَلَقَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ آدَمَ عَلَى صُورَتِهِ، طُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعًا، فَلَمَّا خَلَقَهُ قَالَ: “اِذْهَبْ فَسَلِّمْ عَلَى أُولَئِكَ النَّفَرِ” (وَهُمْ نَفَرٌ مِنَ الْمَلَائِكَةِ جُلُوسٌ)، “فَاسْتَمِعْ مَا يُجِيبُونَكَ، فَإِنَّهَا تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِّيَّتِكَ”. قَالَ: فَذَهَبَ فَقَالَ: “السَّلَامُ عَلَيْكُمْ”. فَقَالُوا: “السَّلَامُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللَّهِ”. قَالَ: فَزَادُوهُ: “وَرَحْمَةُ اللَّهِ”». قَالَ: «فَكُلُّ مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَطُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعًا، فَلَمْ يَزَلِ الْخَلْقُ يَنْقُصُ بَعْدَهُ حَتَّى الْآنَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Адамды Өз бейнесінде жаратты. Оның бойы алпыс шынтақ еді. Оны жаратқан кезде: “Ана отырған періштелер тобына барып, оларға сәлем бер де, саған қалай жауап қайтаратынын тыңда. Өйткені бұл сенің де, ұрпағыңның да сәлемдесу үлгісі болады”, – деді. Адам оларға барып: “Сендерге сәлем болсын!” – деді. Олар: “Саған да сәлем және Алланың рақымы болсын!” – деп жауап берді. Олар оған: “Алланың рақымы болсын!” – деген сөзді қосты. Жәннатқа кіретіндердің бәрі Адамның (а.с.) бейнесінде болады, бойлары да алпыс шынтақ келеді. Ал одан кейін адамзаттың бойы осы күнге дейін біртіндеп аласара берді» (2841/28).

بَابٌ: يَدْخُلُ الْجَنَّةَ أَقْوَامٌ أَفْئِدَتُهُمْ مِثْلُ أَفْئِدَةِ الطَّيْرِ

3-бапЖәннатқа жүректері құстардың жүректеріндей адамдар кіреді

1959
Мүслим, № 1959Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَدْخُلُ الْجَنَّةَ أَقْوَامٌ أَفْئِدَتُهُمْ مِثْلُ أَفْئِدَةِ الطَّيْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Пайғамбардың (с.а.с.): «Жәннатқа жүректері құстардың жүрегіндей адамдар кіреді», – дегенін жеткізді (2840/27).

بَابٌ: إِحْلَالُ الرِّضْوَانِ عَلَى أَهْلِ الْجَنَّةِ

4-бапАлланың Жәннат тұрғындарына Өз ризалығын нәсіп етуі туралы

1960
Мүслим, № 1960Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ لِأَهْلِ الْجَنَّةِ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ!” فَيَقُولُونَ: “لَبَّيْكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ، وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ”. فَيَقُولُ: “هَلْ رَضِيتُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “وَمَا لَنَا لَا نَرْضَى، يَا رَبِّ، وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ؟” فَيَقُولُ: “أَلَا أُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُونَ: “يَا رَبِّ، وَأَيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُ: “أُحِلُّ عَلَيْكُمْ رِضْوَانِي، فَلَا أَسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أَبَدًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Жәннат тұрғындарына: “Уа, Жәннат тұрғындары!” – дейді. Олар: “Әміріңе әзірміз, уа, Раббымыз! Саған қызмет етуге дайынбыз. Барлық жақсылық Сенің қолыңда”, – дейді. Алла: “Разысыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Уа, Раббымыз! Сен бізге жаратқандарыңның ешқайсысына бермеген нәрсені бердің, қалайша разы болмайық?” – дейді. Алла: “Сендерге бұдан да артық нәрсе берейін бе?” – дейді. Олар: “Уа, Раббымыз! Бұдан артық қандай нәрсе болуы мүмкін?” – деп сұрайды. Сонда Алла: “Сендерді Өз ризалығыма бөлеймін. Бұдан кейін сендерге ешқашан қаһарланбаймын”, – дейді» (2829/9).

بَابٌ: تَرَائِي أَهْلِ الْجَنَّةِ أَهْلَ الْغُرَفِ

5-бапЖәннат тұрғындарының биіктегі бөлмелерде тұратындарды алыстан көруі туралы

1961
Мүслим, № 1961Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءَوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ مِنْ فَوْقِهِمْ، كَمَا تَتَرَاءَوْنَ الْكَوْكَبَ الدُّرِّيَّ الْغَابِرَ مِنَ الْأُفُقِ مِنَ الْمَشْرِقِ أَوِ الْمَغْرِبِ، لِتَفَاضُلِ مَا بَيْنَهُمْ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، تِلْكَ مَنَازِلُ الْأَنْبِيَاءِ لَا يَبْلُغُهَا غَيْرُهُمْ؟» قَالَ: «بَلَى، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، رِجَالٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الْمُرْسَلِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Жәннат тұрғындары өздерінен жоғарыда орналасқан биік бөлмелерде тұратындарды сендердің шығыс немесе батыс көкжиегінің қиырында жарқырап тұрған жұлдызды көргендеріңдей көреді. Бұл – олардың дәрежелерінің әртүрлі болуына байланысты». Олар: «Уа, Алланың Елшісі! Бұл пайғамбарлардың дәрежелері емес пе? Оларға пайғамбарлардан басқа ешкім жете алмайды ғой», – деді. Ол (с.а.с.): «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, Аллаға иман келтіріп, елшілерді растаған адамдар да ол дәрежелерге жетеді», – деді (2831/11).

بَابٌ: أَكْلُ أَهْلِ الْجَنَّةِ فِيهَا

6-бапЖәннат тұрғындарының онда тамақ жеуі туралы

1962
Мүслим, № 1962Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَأْكُلُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فِيهَا وَيَشْرَبُونَ، وَلَا يَتَغَوَّطُونَ وَلَا يَمْتَخِطُونَ وَلَا يَبُولُونَ، وَلَكِنْ طَعَامُهُمْ ذَلِكَ جُشَاءٌ كَرَشْحِ الْمِسْكِ، يُلْهَمُونَ التَّسْبِيحَ وَالتَّحْمِيدَ كَمَا تُلْهَمُونَ النَّفَسَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәннат тұрғындары онда ішіп-жейді, бірақ үлкен дәретке отырмайды, мұрын сіңбірмейді және кіші дәрет сындырмайды. Ал олардың жеген асы жұпардай аңқыған кекірік арқылы шығады. Сендер қалай еркін тыныс алсаңдар, олар да солай Алланы пәктеп, Оған мадақ айтады”, – деді» (2835/19).

بَابٌ: تُحْفَةُ أَهْلِ الْجَنَّةِ

7-бапЖәннат тұрғындарына алғаш ұсынылатын дәм туралы

1963
Мүслим, № 1963Риуаят етуші: Сәубан

عَنْ ثَوْبَانَ مَوْلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: كُنْتُ قَائِمًا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَجَاءَ حِبْرٌ مِنْ أَحْبَارِ الْيَهُودِ فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكَ يَا مُحَمَّدُ». فَدَفَعْتُهُ دَفْعَةً كَادَ يُصْرَعُ مِنْهَا، فَقَالَ: «لِمَ تَدْفَعُنِي؟» فَقُلْتُ: «أَلَا تَقُولُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ”؟» فَقَالَ الْيَهُودِيُّ: «إِنَّمَا نَدْعُوهُ بِاسْمِهِ الَّذِي سَمَّاهُ بِهِ أَهْلُهُ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اسْمِي مُحَمَّدٌ الَّذِي سَمَّانِي بِهِ أَهْلِي». فَقَالَ الْيَهُودِيُّ: «جِئْتُ أَسْأَلُكَ». فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَيَنْفَعُكَ شَيْءٌ إِنْ حَدَّثْتُكَ؟» قَالَ: «أَسْمَعُ بِأُذُنَيَّ». فَنَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِعُودٍ مَعَهُ، فَقَالَ: «سَلْ». فَقَالَ الْيَهُودِيُّ: «أَيْنَ يَكُونُ النَّاسُ يَوْمَ تُبَدَّلُ الْأَرْضُ غَيْرَ الْأَرْضِ وَالسَّمَاوَاتُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هُمْ فِي الظُّلْمَةِ دُونَ الْجِسْرِ». قَالَ: «فَمَنْ أَوَّلُ النَّاسِ إِجَازَةً؟» قَالَ: «فُقَرَاءُ الْمُهَاجِرِينَ». قَالَ الْيَهُودِيُّ: «فَمَا تُحْفَتُهُمْ حِينَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ؟» قَالَ: «زِيَادَةُ كَبِدِ النُّونِ». قَالَ: «فَمَا غِذَاؤُهُمْ عَلَى إِثْرِهَا؟» قَالَ: «يُنْحَرُ لَهُمْ ثَوْرُ الْجَنَّةِ الَّذِي كَانَ يَأْكُلُ مِنْ أَطْرَافِهَا». قَالَ: «فَمَا شَرَابُهُمْ عَلَيْهِ؟» قَالَ: «مِنْ عَيْنٍ فِيهَا تُسَمَّى سَلْسَبِيلًا». قَالَ: «صَدَقْتَ». قَالَ: «وَجِئْتُ أَسْأَلُكَ عَنْ شَيْءٍ لَا يَعْلَمُهُ أَحَدٌ مِنْ أَهْلِ الْأَرْضِ إِلَّا نَبِيٌّ أَوْ رَجُلٌ أَوْ رَجُلَانِ». قَالَ: «يَنْفَعُكَ إِنْ حَدَّثْتُكَ؟» قَالَ: «أَسْمَعُ بِأُذُنَيَّ». قَالَ: «جِئْتُ أَسْأَلُكَ عَنِ الْوَلَدِ». قَالَ: «مَاءُ الرَّجُلِ أَبْيَضُ، وَمَاءُ الْمَرْأَةِ أَصْفَرُ، فَإِذَا اجْتَمَعَا فَعَلَا مَنِيُّ الرَّجُلِ مَنِيَّ الْمَرْأَةِ أَذْكَرَا بِإِذْنِ اللَّهِ، وَإِذَا عَلَا مَنِيُّ الْمَرْأَةِ مَنِيَّ الرَّجُلِ آنَثَا بِإِذْنِ اللَّهِ». قَالَ الْيَهُودِيُّ: «لَقَدْ صَدَقْتَ، وَإِنَّكَ لَنَبِيٌّ». ثُمَّ انْصَرَفَ فَذَهَبَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقَدْ سَأَلَنِي هَذَا عَنِ الَّذِي سَأَلَنِي عَنْهُ، وَمَا لِي عِلْمٌ بِشَيْءٍ مِنْهُ حَتَّى أَتَانِيَ اللَّهُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Алла Елшісінің (с.а.с.) азат еткен құлы Сәубан былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында түрегеп тұрған едім. Сол кезде яһуди дін ғалымдарының бірі келіп: “Саған сәлем болсын, уа, Мұхаммед!” – деді. Мен оны итеріп жібергенім сонша, ол құлап кете жаздады. Ол: “Мені неге итердің?” – деп сұрады. Мен: “Неге: ‘Уа, Алланың Елшісі!’ – демейсің?” – дедім. Яһуди: “Біз оны тек отбасы қойған есімімен атаймыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, менің есімім – отбасым қойған Мұхаммед”, – деді. Яһуди: “Мен сізге сұрақ қоюға келдім”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Саған айтып берсем, оның саған пайдасы тие ме?” – деп сұрады. Ол: “Екі құлағыммен тыңдаймын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) қолындағы таяқшасымен жерді түрткілеп: “Сұра”, – деді. Яһуди: “‘Күндердің күнінде жер басқа жерге, көк те басқа көкке айналады’ (‘Ибраһим’, 48) деген аятта айтылған күні адамдар қайда болады?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Олар көпірге жетпеген тұстағы қараңғылықта болады”, – деді. Яһуди: “Көпірден ең алғаш кімдер өтеді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Қоныс аударған кедей мұсылмандар”, – деді. Яһуди: “Олар Жәннатқа кірген кезде алғаш ұсынылатын дәм не болады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Балық бауырының өсіндісі”, – деді. Яһуди: “Одан кейін жейтін астары не болады?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Олар үшін Жәннаттың шеттерінде жайылып жүрген бұқа сойылады”, – деді. Яһуди: “Сол аспен бірге не ішеді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жәннаттағы Сәлсәбил деп аталатын бұлақтан ішеді”, – деді. Яһуди: “Рас айттыңыз. Мен сізден жер бетіндегі адамдардың арасында бір пайғамбар немесе бір-екі адамнан басқа ешкім білмейтін нәрсе туралы сұрауға келдім”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Саған айтып берсем, оның саған пайдасы тие ме?” – деп сұрады. Ол: “Екі құлағыммен тыңдаймын. Мен сізден баланың жаратылуы туралы сұрауға келдім”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Еркектің ұрық сұйықтығы ақ, ал әйелдікі сары болады. Екеуі қосылғанда еркектің сұйықтығы әйелдікінен басым түссе, Алланың рұқсатымен бала ұл болады. Ал әйелдің сұйықтығы еркектікінен басым түссе, Алланың рұқсатымен бала қыз болады”, – деді. Яһуди: “Расында, сіз шындықты айттыңыз әрі сіз, сөзсіз, пайғамбарсыз”, – деді де, бұрылып, кетіп қалды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол менен осы сұрақтарды сұрады. Алла маған олардың жауабын білдіргенге дейін, мен бұлардың ешқайсысын білмейтін едім”, – деді» (315/34).

بَابٌ: فِي دَوَامِ نَعِيمِ أَهْلِ الْجَنَّةِ

8-бапЖәннат тұрғындарының рақатының мәңгілік болуы туралы

1964
Мүслим, № 1964Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ يَنْعَمُ لَا يَبْأَسُ، لَا تَبْلَى ثِيَابُهُ وَلَا يَفْنَى شَبَابُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім Жәннатқа кірсе, мәңгі нығметке бөленіп, ешбір бейнет көрмейді. Оның киімі тозбайды, жастық шағы да өтпейді», – дегенін жеткізді (2836/21).

بَابٌ: فِي الْجَنَّةِ شَجَرَةٌ يَسِيرُ الرَّاكِبُ فِي ظِلِّهَا مِائَةَ عَامٍ لَا يَقْطَعُهَا

9-бапЖәннаттағы ағаштың көлеңкесінен салт аттының жүз жылда да шыға алмауы туралы

1965
Мүслим, № 1965Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ لَشَجَرَةً، يَسِيرُ الرَّاكِبُ فِي ظِلِّهَا مِائَةَ عَامٍ، لَا يَقْطَعُهَا». قَالَ أَبُو حَازِمٍ: فَحَدَّثْتُ بِهِ النُّعْمَانَ بْنَ أَبِي عَيَّاشٍ الزُّرَقِيَّ، فَقَالَ: حَدَّثَنِي أَبُو سَعِيدٍ الْخُدْرِيُّ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ شَجَرَةً يَسِيرُ الرَّاكِبُ الْجَوَادَ الْمُضَمَّرَ السَّرِيعَ مِائَةَ عَامٍ مَا يَقْطَعُهَا».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Жәннатта салт атты оның көлеңкесінде жүз жыл жүрсе де, шетіне жете алмайтын бір ағаш бар», – дегенін жеткізді. Әбу Хазим: «Мен бұл хадисті Нұғман ибн Әбу Айяш әз-Зурақиге баяндадым. Сонда ол маған Әбу Сағид әл-Худридің Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген мына хадисін баяндады: “Расында, Жәннатта бәйгеге бапталған жүйрік тұлпарға мінген салт атты жүз жыл жүрсе де, көлеңкесінің шетіне жете алмайтын бір ағаш бар”», – деді (2827,2828/8).

بَابٌ: فِي صِفَةِ خِيَامِ الْجَنَّةِ

10-бапЖәннаттағы шатырлардың сипаты туралы

1966
Мүслим, № 1966Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ خَيْمَةً مِنْ لُؤْلُؤَةٍ مُجَوَّفَةٍ، عَرْضُهَا سِتُّونَ مِيلًا، فِي كُلِّ زَاوِيَةٍ مِنْهَا أَهْلٌ لَا يَرَوْنَ الْآخَرِينَ، يَطُوفُ عَلَيْهِمِ الْمُؤْمِنُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Жәннатта іші қуыс інжуден жасалған шатыр бар. Оның ені алпыс миль. Әрбір бұрышында жұбайлары болады. Олар өзге бұрыштағыларды көрмейді. Мүмін оларды аралап жүреді», – дегенін жеткізді (2838/24).

بَابٌ: فِي سُوقِ الْجَنَّةِ

11-бапЖәннаттағы базар туралы

1967
Мүслим, № 1967Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ لَسُوقًا يَأْتُونَهَا كُلَّ جُمُعَةٍ، فَتَهُبُّ رِيحُ الشَّمَالِ فَتَحْثُو فِي وُجُوهِهِمْ وَثِيَابِهِمْ، فَيَزْدَادُونَ حُسْنًا وَجَمَالًا، فَيَرْجِعُونَ إِلَى أَهْلِيهِمْ وَقَدِ ازْدَادُوا حُسْنًا وَجَمَالًا، فَيَقُولُ لَهُمْ أَهْلُوهُمْ: “وَاللَّهِ، لَقَدِ ازْدَدْتُمْ بَعْدَنَا حُسْنًا وَجَمَالًا”. فَيَقُولُونَ: “وَأَنْتُمْ، وَاللَّهِ، لَقَدِ ازْدَدْتُمْ بَعْدَنَا حُسْنًا وَجَمَالًا”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Жәннатта бір базар бар. Жәннат тұрғындары оған әр жұма сайын келеді. Сонда солтүстік самалы есіп, олардың жүздері мен киімдерін желпиді. Осыдан кейін олардың көркі мен сұлулығы бұрынғыдан бетер арта түседі. Олар көркі мен сұлулығы арта түскен күйде отбасыларына қайтып келеді. Сонда жұбайлары оларға: “Аллаға ант етеміз, бізден кеткеннен кейін көріктерің мен сұлулықтарың бұрынғыдан да арта түсіпті!” – дейді. Олар да: “Аллаға ант етеміз, сендердің де біз кеткеннен кейін көріктерің мен сұлулықтарың бұрынғыдан да арта түсіпті!” – дейді» (2833/13).

بَابٌ: مَا فِي الدُّنْيَا مِنْ أَنْهَارِ الْجَنَّةِ

12-бапБұл дүниеде бар Жәннат өзендері туралы

1968
Мүслим, № 1968Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَيْحَانُ وَجَيْحَانُ، وَالْفُرَاتُ وَالنِّيلُ كُلٌّ مِنْ أَنْهَارِ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.): «Сайхан, Жайхан, Евфрат және Ніл – барлығы да Жәннат өзендерінен», – дегенін жеткізді (2839/26).

بَابٌ: حُفَّتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ

13-бапЖәннат қиындықтармен қоршалған

1969
Мүслим, № 1969Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حُفَّتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ، وَحُفَّتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәннат нәпсіге ауыр тиетін істермен қоршалған, ал Тозақ нәпсі құмарлықтарымен қоршалған”, – деді», – деп жеткізді (2822/1).

بَابٌ: أَقَلُّ سَاكِنِي الْجَنَّةِ النِّسَاءُ

14-бапЖәннат тұрғындарының ішінде саны ең азы – әйелдер

1970
Мүслим, № 1970

عَنْ أَبِي التَّيَّاحِ قَالَ: كَانَ لِمُطَرِّفِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ امْرَأَتَانِ، فَجَاءَ مِنْ عِنْدِ إِحْدَاهُمَا، فَقَالَتِ الْأُخْرَى: «جِئْتَ مِنْ عِنْدِ فُلَانَةَ؟» فَقَالَ: «جِئْتُ مِنْ عِنْدِ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ، فَحَدَّثَنَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “إِنَّ أَقَلَّ سَاكِنِي الْجَنَّةِ النِّسَاءُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу әт-Тәйях былай деді: «Мұтарриф ибн Абдулланың екі әйелі бар еді. Бірде ол әйелдерінің бірінің қасынан келгенде, екіншісі: “Пәленше әйелдің қасынан келдің бе?” – деп сұрады. Ол: “Имран ибн Хусайнның қасынан келдім. Ол бізге Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Жәннат тұрғындарының арасында әйелдер ең аз болады’, – дегенін баяндады”, – деді» (2738/95).

بَابٌ: فِي أَهْلِ الْجَنَّةِ وَأَهْلِ النَّارِ وَعَلَامَاتِهِمْ فِي الدُّنْيَا

15-бапЖәннаттықтар мен тозақтықтар және олардың бұл дүниедегі белгілері туралы

1971
Мүслим, № 1971

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «كُلُّ ضَعِيفٍ مُتَضَعَّفٍ، لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ». ثُمَّ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «كُلُّ عُتُلٍّ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уаһб Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендерге Жәннат тұрғындары жайлы хабар берейін бе?» – дегенін естіген. Олар: «Әрине», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Әлсіз, жұрт менсінбейтін әрбір жан. Егер ол Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын міндетті түрде ақтар еді», – деді. Содан кейін: «Сендерге Тозақ тұрғындары жайлы хабар берейін бе?» – деп сұрады. Олар: «Әрине», – деді. Ол (с.а.с.): «Әрбір дөрекі, дүниеқоңыз әрі тәкаппар адам», – деді (2853/46).

1972
Мүслим, № 1972Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رُبَّ أَشْعَثَ مَدْفُوعٍ بِالْأَبْوَابِ، لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Шашы ұйпа-тұйпа, есік алдынан қуылатын талай адам бар: егер ол Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын ақтар еді» (2854/48).

1973
Мүслим, № 1973

عَنْ عِيَاضِ بْنِ حِمَارٍ الْمُجَاشِعِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ ذَاتَ يَوْمٍ فِي خُطْبَتِهِ: «أَلَا إِنَّ رَبِّي أَمَرَنِي أَنْ أُعَلِّمَكُمْ مَا جَهِلْتُمْ مِمَّا عَلَّمَنِي يَوْمِي هَذَا: “كُلُّ مَالٍ نَحَلْتُهُ عَبْدًا حَلَالٌ، وَإِنِّي خَلَقْتُ عِبَادِي حُنَفَاءَ كُلَّهُمْ، وَإِنَّهُمْ أَتَتْهُمُ الشَّيَاطِينُ فَاجْتَالَتْهُمْ عَنْ دِينِهِمْ، وَحَرَّمَتْ عَلَيْهِمْ مَا أَحْلَلْتُ لَهُمْ، وَأَمَرَتْهُمْ أَنْ يُشْرِكُوا بِي مَا لَمْ أُنْزِلْ بِهِ سُلْطَانًا”. وَإِنَّ اللَّهَ نَظَرَ إِلَى أَهْلِ الْأَرْضِ فَمَقَتَهُمْ، عَرَبَهُمْ وَعَجَمَهُمْ، إِلَّا بَقَايَا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، وَقَالَ: “إِنَّمَا بَعَثْتُكَ لِأَبْتَلِيَكَ وَأَبْتَلِيَ بِكَ، وَأَنْزَلْتُ عَلَيْكَ كِتَابًا لَا يَغْسِلُهُ الْمَاءُ، تَقْرَؤُهُ نَائِمًا وَيَقْظَانَ”. وَإِنَّ اللَّهَ أَمَرَنِي أَنْ أُحَرِّقَ قُرَيْشًا، فَقُلْتُ: “رَبِّ، إِذًا يَثْلَغُوا رَأْسِي فَيَدَعُوهُ خُبْزَةً”. قَالَ: “اِسْتَخْرِجْهُمْ كَمَا اِسْتَخْرَجُوكَ، وَاغْزُهُمْ نُغْزِكَ، وَأَنْفِقْ فَسَنُنْفِقُ عَلَيْكَ، وَابْعَثْ جَيْشًا نَبْعَثْ خَمْسَةً مِثْلَهُ، وَقَاتِلْ بِمَنْ أَطَاعَكَ مَنْ عَصَاكَ”». قَالَ: «وَأَهْلُ الْجَنَّةِ ثَلَاثَةٌ: ذُو سُلْطَانٍ مُقْسِطٌ مُتَصَدِّقٌ مُوَفَّقٌ، وَرَجُلٌ رَحِيمٌ رَقِيقُ الْقَلْبِ لِكُلِّ ذِي قُرْبَى وَمُسْلِمٍ، وَعَفِيفٌ مُتَعَفِّفٌ ذُو عِيَالٍ». قَالَ: «وَأَهْلُ النَّارِ خَمْسَةٌ: الضَّعِيفُ الَّذِي لَا زَبْرَ لَهُ، الَّذِينَ هُمْ فِيكُمْ تَبَعًا لَا يَبْغُونَ أَهْلًا وَلَا مَالًا، وَالْخَائِنُ الَّذِي لَا يَخْفَى لَهُ طَمَعٌ (وَإِنْ دَقَّ) إِلَّا خَانَهُ، وَرَجُلٌ لَا يُصْبِحُ وَلَا يُمْسِي إِلَّا وَهُوَ يُخَادِعُكَ عَنْ أَهْلِكَ وَمَالِكَ» (وَذَكَرَ الْبُخْلَ أَوِ الْكَذِبَ)، «وَالشِّنْظِيرُ الْفَحَّاشُ».

Қазақша аудармасы

Ияд ибн Химар әл-Мужашиғи Алла Елшісінің (с.а.с.) бір күні уағызында былай дегенін жеткізді: «Біліп қойыңдар! Раббым маған бүгін Өзі үйреткен әрі сендер білмейтін нәрселерді сендерге үйретуімді бұйырды. Раббым былай деді: “Құлыма сыйға берген мал-мүліктің бәрі – оған адал. Мен құлдарымның барлығын бір Аллаға құлшылық етуге бейім етіп жараттым. Алайда оларға шайтандар келіп, оларды діндерінен тайдырды. Мен адал еткен нәрселерді оларға харам етті әрі Мен ешбір дәлел түсірмеген нәрселерді Маған серік етіп қосуға бұйырды”. Расында, Алла жер тұрғындарына көз салып, Кітап иелерінен қалған аз ғана топтан басқасының – арабының да, араб еместерінің де – бәріне қаһарланды. Алла маған: “Мен сені сынау және сен арқылы өзгелерді сынау үшін ғана жібердім. Саған су шайып кетіре алмайтын әрі өзің ұйқыда да, ояу кезде де оқитын Кітап түсірдім”, – деді. Расында, Алла маған Құрайышты өртеуді бұйырды. Сонда мен: “Раббым! Онда олар менің басымды талқандап, күлше нан секілді қылып тастайды”, – дедім. Ол: “Олар сені шығарғандай, сен де оларды шығар. Оларға жорық жаса, Біз саған жәрдем береміз. Мал жұмса, Біз де саған береміз. Бір әскер аттандыр, Біз сондай бес әскер аттандырамыз. Саған бойсұнғандармен бірге өзіңе қарсы шыққандармен соғыс”, – деді». Одан әрі Алла Елшісі (с.а.с.): «Жәннат тұрғындары үш түрлі болады: әділдік орнататын, садақа беретін әрі жақсылық жасауға жәрдем берілген билік иесі; әрбір туысына және әрбір мұсылманға мейірімді, жүрегі жұмсақ адам; бала-шағалы болса да, арын сақтап, жұрттан ештеңе тілемейтін адам. Ал Тозақ тұрғындары бес түрлі болады: өзін тежейтін ақыл-парасаты жоқ әлсіздер – олар араларыңда өзгелерге ілесіп жүретін, өздеріне отбасы да, мал-мүлік те іздемейтін жандар; қаншалықты болмашы болса да, қолына түсетін пайданы көрсе, қиянатқа баратын адам; таңертең де, кешке де сенің отбасың мен мал-мүлкіңе қатысты сені алдаумен жүретін адам», – деді. Сондай-ақ сараңдықты немесе өтірікшілікті және мінезі дөрекі, былапыт ауыз адамды атады (2865/63).

بَابٌ: خُلُودُ أَهْلِ الْجَنَّةِ وَأَهْلِ النَّارِ فِيمَا هُمْ فِيهِ

16-бапЖәннат тұрғындарының Жәннатта, ал Тозақ тұрғындарының Тозақта мәңгі қалуы туралы

1974
Мүслим, № 1974Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا صَارَ أَهْلُ الْجَنَّةِ إِلَى الْجَنَّةِ، وَصَارَ أَهْلُ النَّارِ إِلَى النَّارِ، أُتِيَ بِالْمَوْتِ حَتَّى يُجْعَلَ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ، ثُمَّ يُذْبَحُ، ثُمَّ يُنَادِي مُنَادٍ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، لَا مَوْتَ! وَيَا أَهْلَ النَّارِ، لَا مَوْتَ!” فَيَزْدَادُ أَهْلُ الْجَنَّةِ فَرَحًا إِلَى فَرَحِهِمْ، وَيَزْدَادُ أَهْلُ النَّارِ حُزْنًا إِلَى حُزْنِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (Алла екеуіне де разы болсын) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннат тұрғындары Жәннатқа, ал Тозақ тұрғындары Тозаққа кірген кезде өлім әкелініп, Жәннат пен Тозақтың арасына қойылады. Содан кейін ол бауыздалады. Артынша бір жаршы: “Уа, Жәннат тұрғындары! Енді өлім жоқ! Уа, Тозақ тұрғындары! Енді өлім жоқ!” – деп жар салады. Сонда Жәннат тұрғындарының қуанышына қуаныш, ал Тозақ тұрғындарының қайғысына қайғы қосылады» (2850/43).